Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін пысықтау: бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды қосу және азайту әдістерін

қайталау

Сабақтың мақсаты : екі таңбалы санды қосу және азайту әдістері туралы алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік - екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың сәйкес есептеу әдістерін үйрету;

Дамытушылық - логикалы ой жүйесін, есте сақтау қабілетін дамыту үшін ауызша және есептеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік - бір-бірін зейін қойып тыңдауға, ұшқыр ойлап тез жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : дәстүрлі

Сабақтың типі : бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері : ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық.

Бір-біріне сәттілік тілеу:
Қайырлы күн, досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі бейсенбі күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын

XXI ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда. Егемендігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы 117- орыннан 61-орынға алға жылжыды. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап, алдыңғы жылдар мерзімінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр.
- Еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болу дегеніміз не?
- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі зәулім ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де белсенді, дарынды адамдар. Онсыз дамыған қуатты мемлекет болу мүмкін емес. XXI ғасырда әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дамыған, білімді ел болу керек.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, «Білім шыңына» өзіміздің туымызды тігуіміз керек. Сонда біз өркениетті 30 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосқан боламыз. Баспалдақпен көтерілу үшін тапсырмалар орындаймыз.

ІІ «Қайталау - оқу анасы» өткенге шолу

ІІІ Жаңа сабақ

Есепті шығар

Сергіту сәті жануарлармен бірге

ІҮ Сабақты бекіту

Оқулықтағы 130-беттегі №6 есеп

Теңдеу құр және оны шеш

Х-пен 4-тің қосындысы 31-ге тең;

31 мен Х-тің айырмасы 4-ке;

Х пен 4-тің айырмасы 27-ге тең.

Ү Сабақты қорытындылау.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сіздерді
Математика сырына!

ҮІ Үйге тапсырма беру.

130- бет № 4

ҮІІ Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып математикасы: екі таңбалы сандарды ауызша және жазбаша қосу мен азайту тәсілдерін пысықтау
Екі таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
26+34 және 60-26 жағдайындағы екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу-азайту және геометриялық фигуралардың периметрін табу
Қайталау сабағы: үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
Бастауыш сынып математикасы: екі таңбалы сандарды қосу және азайту арқылы есептер шығару
Екі таңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайту: бастауыш сыныпта білімді тиянақтау сабағы
Екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту дағдыларын пысықтауға арналған бастауыш сынып ойын-ертегі сабақ жоспары
1-сынып математикасы: 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту бойынша пысықтау сабағы
Саяхат сабағы: Қайталау - бірдей сандарды қосу және азайту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz