Резисторларды әртүрлі жалғау тәсілдері бойынша электр тізбегін есептеу

Сабақтың тақырыбы: Резисторларды тізбектей, параллель және аралас жалғанған кездегі электр тізбегінің мәндерін есептеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың тізбектерді жалғау тәсілдері туралы алған білімдерін кеңейтіп, тәжірибе жүзінде қолдана білуге және алған білімдерін есеп шығарғанда пайдалана білуге үйрету
  2. Дамытушылық: Оқушыларды икемділікке, шабытты болуға қалыптастыру, ойлау қабіліті мен қызығушылығын арттыру

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа және шапшаңдыққа, ауызбіршілдікке,

топпен және өз бетімен жұмыстана білуге тәрбиелеу

Сабықтың түрі: практикалық

Оқытудың әдістері мен әдістемелік амалдары: Түсіндіру, көрнекілік әдіс

Көрнекті оқу құралдары мен техникалық құралдар: Мультимедиалық проектор, сұлба

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:Аудитория тазалығын тексеріп, оқушыларды тізім бойынша түгелдеу. Журнал бойынша сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.

  1. Өткен тақырыпты тексеру:

Оқушылар біз сіздермен өткен сабақта Электр тізбегінің элементтерін жалғау тәсілімен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда осы электр тізбегінің жалғау тәсілдерін практикада қолдана білуге үйренеміз. Яғни, бүгін біздер резисторларды параллель, тізбектей және аралас жалғаған кездегі электр тізбегінің мәндерін табуға есептер шығарамыз. Ал, ол есептерді шығару үшін әрине алдымен өткен сабағымызды еске түсіріп қайталаймыз. Өткен тақырыпты сұрамас бұрын сіздерді үш топқа бөлгім келіп тұр. Отырған қатарларын бойынша үш топқа бөліп, өткен тақырыпты жарыса еске түсірейік. Әр топ өздерінің командасының капитанын сайласаңыздар болады. Команда капитандарынан алдымен өткен сабақты сұраймын.

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында сұрақтар қою

  1. Тізбектей жалғау дегеніміз не ?

2. Параллель жалғау дегеніміз не?

  1. Аралас жалғау дегеніміз не?

Жоғарыдағы сұрақтар бойынша үш оқушыдан сабақ сұралады.

  1. Тапсырма бойынша қорытындыласақ:

Резисторларды тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

I = I 1 = I 2 = … = I n ;

U = U 1 + U 2 + … + U n ;

R = R 1 + R 2 + … + R n .

  1. Тапсырма бойынша қорытындыласақ:

Резисторларды паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

U = U 1 = U 2 = … = U n

I = I 1 + I 2 + … + I n
= + + … +

  1. Тапсырма бойынша қорытындыласақ:

Аралас жалғау деп резисторлардың немесе әрқайсысы тізбектеп немесе параллель жалған резисторлардан тұратын тізбек телімдерінің қосылуын айтады.

R= R 3 R 4 R 5 / R 3 R 4 + R 4 R 5 + R 5 R 3

R= R 1 + R 2 + R 345

I = U/ R= U/ R 1 + R 2 + R 345

U 1 = I R 1 ; U 2 = I R 2 ; U 345 = I R 345 ;

I 3 = U 345 / R 3 ; I 4 = U 345 / R 4 ; I 5 = U 345 / R 5 ;

Команда капитандары өз тапсырмаларын мүлтіксіз орындады, келесі кезек топ мүшелерінде. Ал олай болса, экранға назар салыңыздар.

  1. Сұрақ-жауап
  2. Кім жүйірік? (деңгейлік тапсырма)
  3. Кім жылдам?
  4. Эксперименттік тәжірибе
  5. Ойлан-тап
  6. Тест
  7. Қорытынды
  1. Сұрақ-жауап

1 топ “Ток күші”

  1. Электр тоғы деген не?

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

  1. Тоқ күші деген не?

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды: I=q/t.

  1. Тоқ күшінің өлшем бірлігі?

Ампер

  1. Тоқ күшін өлшейтін құрал?

Амперметр

  1. Электр тогының болу шарты?
  1. еркін зарядталған бөлшектердің болуы
  2. электр өрісінің (өткізгіш ұшында потенциалдар айырымының)
  1. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы

Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал. I=U/R

  1. Кім жылдам?
  1. R 2. R 3. А 4. U 5. R 6. U
  1. Эксперименттік тапсырма

  1. Ойлан тап 6. Тест

1 топ

1. Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?

а. Ампер б. Вольта с. Кулон

2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель

3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады

а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель

4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?

а. 15В б . 150В с. 6В

5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеу пайдаланыды?

а. 220В б. 120В с. 360В

2 топ

1. Үтік тоқтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?

а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық

2. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?

а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр, параллель с. Вольтметр, тізбектей

3. 6 кА болатын ток күшін ампермен өрнекте?

а. 0, 6 а б. 600 А с. 6000 А

4. Шамнан 5 сек ішінде 45 Кл заряд өткенде тоқ күші неге тең?

а. 225 А б . 9 А с. 15 А

5. Металл өткізгіштердің температурасын арттырғанда ток күші қалай өзгереді?

а. Кемиді б. Артады с. Өзгермейді

3 топ

1. Металдардағы электр тогын қандай тасымалдаушылар тудырады?

а. Оң иондар б. Протондар с. Электрондар

2. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?

а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U

3. КЕДЕРГІЛЕРІ 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?

а. 6 Ом б . 5 Ом с. 1, 5 Ом


Ұқсас жұмыстар
Резисторларды тізбекті, параллель және аралас жалғау түрлері
Электр тізбегін құру және ток күші мен кернеуді өлшеу: зертханалық жұмыс
Электр тізбегінде өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Конденсаторларды жалғау: түрлері және эквиваленттік сыйымдылықты есептеу
Қысқа мерзімді жоспар: 8-сынып, Тұрақты электр тогы - Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Ток күші мен электр кернеуін есептеу: сабақ жоспары
8-сынып физикасы: тұрақты электр тогы - өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілдермен есептеу: сабақ жоспары мен деңгейлік тапсырмалар
Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері - ашық сабақ (8 сынып)
Орта мерзімді жоспар: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау; электр тогының жұмысы, қуаты және Джоуль-Ленц заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz