8-9 сыныптарға арналған физикадан компьютерлік практикум таңдау курсының бағдарламасы
8 - 9 сыныпқа арналған
«Физикадан компьютерлік практикум»
таңдау курсының бағдарламасы
Физика пәні мұғалімі: Жанұл А. М.
” Физикадан компьютерлік практикум “
тақырыбы бойынша 8 - 9 сынып оқушыларына арналған
физикадан таңдау курстың бағдарламасы.
Түсінік хат
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.
8-9 сынып «Физика және астрономия» пәнінің бағдарламасы табиғаттың түрлі құбылыстары ( механикалық, жылулық, электрлік, электр-магниттік, оптика, атом және ядролық), негізгі физикалық ұғымдар, физикалық заңдарды практикада қолдану мысалдары туралы мәліметтерді құрайды.
Осы курста берілген тақырыптар базалық курстан алған білімдерін практикада тереңдету үшін алынған. Практикалық жұмыстарды орындауға толықтай мүмкіншіліктер бар: жаңа техникалық құралдармен жабдықталған мультимедиялық физика кабинеті, PASKO GLX физикалық процесстерді зерттеуге арналған қондырғылар жиыны.
Курстың мақсаты
- берілген тақырыптар бойынша физиканың заңдылықтарын компьютерлік бағдарламалар арқылы зерттеу.
Міндеттері:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру;
Электрондық оқу құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
Зертханалық жұмыстар мен практикумдар жүргізу кезінде өлшеулерді дұрыс жүргізіп, алынған нәтижелерді бағалау;
Физикалық ұғымдардың, заңдардың табиғатын компьютерлік бағдарламалар арқылы бақылау, олардың ерекшелектерін, өзгерісін сол мезетте саралап отыру;
Нысаны:
8-9 сыныптар.
Пәні:
Физика, информатика.
Болжам:
Егер осы бағдарлама жүзеге асса, онда оқушылар компьютер арқылы физикалық практикумдарды орындаудың жаңа үлгісін меңгереді.
Күтілетін нәтиже:
Курсты оқудың соңында оқушылар физикалық құбылыстарды компьютерлік техникалар арқылы зерттей алу, электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу, физикалық практикумдарды орындаудың жаңа үлгісін меңгеру, техникалық есептеулерді дұрыс жүргізе алу, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу сияқты нәтижелерге қол жеткізуге тиіс.
Курстың мазмұны ( 8 - сынып )
1. Кіріспе сабақ. 1 сағат
2. Қозғалыс сенсоры. 5 сағат
Механикалық қозғалыс. Жылдамдық. Автомобильдердің қорғаныш бамперлері.
3. Температура сенсорымен практикум 5 сағат
Энергия. Энергияның сақталу заңы. Меншікті булану жылуы. Меншікті балқу жылуы.
4. Жарық сенсорымен практикум 7 сағат
Жарық табиғаты. Жарық поляризациясы. Жарықтың ара қашықтыққа тәуелділігі.
5. Күш сенсорымен практикум 11 сағат
Дененің тепе - теңдік күйі. Тыныштық және сырғанау үйкелісі. Серпімділік күші. Гук заңы.
6. Шығармашылық жұмыс 5 сағат
Курстың мазмұны ( 9 - сынып )
1. Кіріспе сабақ. 1 сағат
2. Қозғалыс сенсорымен практикум 20 сағат
Координаталық жүйе. Дене орны. Салыстырмалы қозғалыс. Санақ жүйелері. Күш. Масса. Соқтығысу кезіндегі импульс. Потенциалдық энергия.
3. Дыбыс сенсорымен практикум 8 сағат
Дыбыс толқындарының қасиеттері. Толқындар интерференциясы.
4. Күш сенсорымен практикум. 17 сағат
Күш импульсі. Импульс өзгерісі. Центрге тартқыш күш. (Тұрақты масса, радиус және күш) .
5. Кернеу сенсорымен практикум 17 сағат
RC-тізбегіндегі уақыттың тұрақтылығы. Электромагниттік индукция. Магнит және катушка.
5. Шығармашылық жұмыс 5 сағат
Оқу-тақырыптық жоспар.
( 8 - сынып )
№
Тақырыптың аты
Сағат
саны
Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері
Білім өнімі
Көрнекілік
Барлығы
Лекция
Практика
№:
1
Тақырыптың аты:
Кіріспе сабақ. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу
Тақырыптың аты:
Параллель жалғанған контурдағы кернеу
Сағатсаны:
Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері:
2
Білім өнімі:
Тұсау кесер
Көрнекілік:
Реферат
GLX-Pasport
№:
Тақырыптың аты:
Тізбектей жалғанған контурдағы ток күші
Сағатсаны:
1
Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері:
2
Білім өнімі:
Практикалық
Көрнекілік:
Сенсормен жұмыс
Кернеу сенсоры
№:
Тақырыптың аты:
Параллель жалғанған контурдағы ток күші
Сағатсаны:
Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері:
2
Білім өнімі:
Тұсау кесер
Көрнекілік:
Реферат
GLX-Pasport
№:
Тақырыптың аты:
Электромагниттік индукция. Магнит және катушка.
Сағатсаны:
Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері:
2
Білім өнімі:
Практикалық
Көрнекілік:
Сенсормен жұмыс
Кернеу сенсоры
№:
Шығармашылық жұмыс
№:
22
Тақырыптың аты:
Жоба қорғау
Сағатсаны:
5
Оқытудың түрлері мен әдіс-тәсілдері:
Білім өнімі:
5
Көрнекілік:
Рефлексия
Тұсау кесер
Интерактивті
тақта
Глоссарий
Абсолютті қысым сенсоры
- 0 кПa-дан бастап 700 кПa-дейінгі газ қысымын өлшейтін құрал. Қысым өлшемдері жазылып отырады және қосылған компьютерде немесе деректер жинақтауышында жаңғыртылады.
Зарядтау және разрядтау схемасы
- Ом заңын оқып үйрену, батареялардың разрядталуын анықтау немесе электроникада әр түрлі басқа да тәжірибелер үшін қолданылатын құрал.
Кернеу мен тоқ күші сенсоры
- кернеуді өлшейді және бір мезгілде ток күшін есептеп шығарады.