Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ҰБТға дайындық барысында балаларымыздың қалай дем алғаны дұрыс
Ата-аналарға арналған тренинг.
Тақырыбы : «ҰБТға дайындық барысында балаларымыздың
қалай дем алғаны дұрыс?
Мақсат:ҰБТға дайындық барысында оқушыға жүк түсудің алдын алу, Оқушының
дайындығы нәтижелі болуында ата-ана рөлін, маңыздылығын түсіндіру.Ата-ана
оқушы арасындағы қарым-қатынастағы психологиялық кедергілердің алдын алу.
Көрнекіліктер, қажетті заттар: 4А парағы, ручка, интерактивті тақта,
шәйнек, пиала, аздап тәтті күлшелер.
Тренинг барысы
І-жаттығу «Төс қағыстыру»
Мақсаты: Амандасу арқылы ата-аталарды топтық жұмысқа бейімдеу.
І:Психолог:Амансыздар құрметті ата-аналар! Шаршамай жүрсіздер ме?Міне
көктем де келді , үй тірліктері одан да көбее түсті.,не болғанда да ең
бастысы- ол не?
Әлбетте амандасу.Қәне, келіңіздер, ата-бабаларымыздан, апа-әжелерімізден
келе жатқан «төс қағыстыру» амандасуын орындайық.
Еркін жайғасып отырыңыздар.
«Төс қағыстыру» амандасуы сізде қандай сезім оятты?
Өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Бұрыннан қалған қандай амандасуларды білесіз? Көрсете аласыз ба?
Ата-аналардың пікірлері тыңдалады.
ІІ- ата-аналарға арналған тест:
Сіздерден кішкентай тест алудағы мақсатым: ата-ана және бала арасындағы
байланысты байқау, тест нәтижесіне қарай сіздермен қай бағытта жұмысымды
жалғастыруым керек екенін түсіну. (Ата-аналарға арналған тесттер және
арнайы бланкілер таратылады.(Тест нәтижесімен танысқыңыз, кеңес алғыңыз
келсе біздің кабинетке келіңіз.)
ІІІ-жаттығу «Бір пиала шәй
үстінде»
Мақсаты:Ата-ананы бітірушілерге ҰБТ дайындық барысында қолдау
көрсетуге бағыттау.
Психолог өзі алдын ала дайындап қойған шәйынан құйып ата-аналарға
ұсынады.
-Міне өзім пісірген тәтті күлше, шай іше отырыңыздар.Балалар аман ба?
-Жақсы, рахмет-дейді ата-аналар..
-Енді экранға назар аударайық,-ҰБТға байланысты бейнекөрініс көрсетіледі.
Бейнекөрініс туралы пікірлер тыңдалады.
Жаттығу соңында Психолог: «Бір пиала шәй үстінде» жаттығуы сізге ұнады ма
?
Ылғида асығыс тірліктер арасында өз балаңызға бір пиала шәй ұсынып
балаңызбен ҰБТ алды қобалжу , дем алу сияқты мәселелер жөнінде сөйлесесіз
бе?
Бала ҰБТға дайындық кезінде қалай дем алғаны дұрыс? Осы туралы не
білесіз?
Пікірлер тыңдалады.Психолог қосымша сұрақтар арқылы ата-ананың ой
–пікірлерін одан да тереңдеу зерделеуге әрекет жасайды?
Балаңыз күні бойы мектепте сабақта, кейінен дайындықта болды
дейік.Сіз оған қандай демалыс ұйымдастырасыз? Пікірлер тыңдалады. Кейінен
психолог қорытындылайды. Рахмет сіздер өте құнды пікірлер
айтыңыздар.Дегенмен менің де сіздерге аздап психологиялық кеңестер беріп
өтуіме рұқсат етіңіздер.
1.ҰБТға дайындық барысында балаңыздың күн тартібіне көңіл
бөліңіз, себебі уақытылы дәруменге бай тамақ, уақытылы тыныш ұйқы
аса маңызды..
2.ҰБТға дайындық барысында физикалық жұмыс және ақыл-ой жұмысын
кезекпен орындаған бала ағзасына демалыс береді.Сондықтан балаларыңызға
үй шаруасына араласуына мүмкіндік беріңіз.
3.ҰБТға дайындық барысында баланың бойында тез ашулану, тез
шаршау, мезгілсіз көшеге кету, өз-өзіне сөйлеу сияқты теріс мінез-құлықты
байқасаңыз, тез арада психолог пен ақылдасқаныңыз жөн.
4.Перзентіңіз ҰБТға үйде дайындық жұргізгенде.Сіз оның есте
сақтау қабілетін дамытуға жәрдем беріңіз.Қанша жаста болсаңызда ойын
ойнаудан ұялмаңыз, себебі ойын адамдағы барлық күйзелісті, агрессияны
бәсеңдетеді.
5.Балаңыз ұнатаын тақырыптарда күлкілі етіп сұхбаттасыңыз. Би
терапиясы, арттерапия,Күлкі терапиясы оқушы бойындағы вербальды және
физикалық агрессияны жояды.
ІҮ-Жаттығу.Сабақтың рефлексиясы. «Жақсы ниет, жарым
ырыс»
Мақсаты:Сабаққа кері байланыс ұйымдастыру.Пікір,
ұсыныстарды тыңдау.
Тренинг сізге несімен ұнады? Ұсынысыңыз.Перзентеріміздің
осы бір жауапті міндетіне сәтілік, жақсы ниеттер білдірейік.(Ата-аналар
бітірушілерге арнап жақсы ниет-тілектер айтады.
Қорытынды:Бала бауыр еттен жаралған,-дейді дана халқымыз,
сондықтан баламыздың білімді болуы қандай маңызды болса, оның басының аман
болғаны бізге одан да маңыздырақ. ҰБТ ға дайындықтың да бала денсаулығына,
өміріне қауіп туғызуының алдын алайық. Назарларыңызға рахмет!
Дайындаған Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «Еңбек жалпы
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог- психолог:
Ельбаева Нүрбибі Сисеновна.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz