Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Бар жақсылық - балаға

Тақырыбы: «Бар жақсылық - балаға!»
Мақсаты: Балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.Оқушының
бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта отырып,
адамгершілікке тәрбиелеу
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүлдіршіңдер!

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі
Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің оқушылары дайындаған «Бар
жақсылық - балаға» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
Бала бақыты –нақты. Ол бақытты болашақтың негізі. Елбасымыз жан
–жақты ұрпақ тәрбиесіне мезгіл –мезгіл оралып қазақстандықтардың назарын
аудартады.Біздің балаларда тәуелсіз еліміздің ертеңіне зор сеніммен
қарайды.Қазақ халқының болашағы болу үшін ойлы, парасатты ұрпақ өсуі
керек.Қазақстанның әр баласының сондай биіктен көрінер ұлт перзенті болып
өсулеріне тілектеспіз.
Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз кабинет меңгерушісі Светлана Бахтығалиқызы
Насеноваға беріледі.
Жүргізуші: Ән қандай, әнші қандай, тұнған таңдай,
Барады жүректерде тағат қалмай.
Осы күй басылмайды – емін тауып
Тамылжыта әнін салмай.
Жәңгір: Ән: «Балапаным».
Орындайтын: Жанәбіл Құрманғазыұлы
Жүргізуші: Балалардың бақшасында бүгін той!
Балалардың қорғау күні біліп қой!
Алақай –ау, алақай!
Той тойлайық балақай
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақай.
Кішкентай бүлдіршіндер өз тілектерін сіздерге арнайды.
Мұхаммед Жанарынан шуақты,
Арайлайды таң нұры
Кішкентай күн сияқты
Бөбектердің барлығы
Исатай Ән көмейден құйлды,
Қайғы бұлты шегінді,
Балалармен дүние
Көрікті де, көңілді
Әліби Жасыл көктем, сен көктем,
Келді гүлмен, өрнекпен
Ел бақыты, мерейлі,
Балалары әндеткен
Саян Гүлмен келсін келер күн,
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің!
Нұрай Отан біздің анамыз
Әлпештеген өсірген
Өмір нәрін аламыз
Оның нұрлы төсінен
Алтынжан Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер.
Айман Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз
Саят Киім киді ең сәнді
Қарындасым, інім де
Менде шырқан ән жырды
Балалардың күнінде
Б.Аман Жүреді олар арман боп,
Тұрады олар маржан боп
Балалары бақытты,
Аналарда арман жоқ
Жәңгір: Ән: Папури Орындайтын: Арыстанғалиева Гүлсезім
Жүргізуші: Күн дидарлы алыстан да конақтар қуыршақтар келіп қалды. Жәңгір:
Би: «Кукла барби»
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық
Би билеп, әз өнерге тамсанайық
Аңызбен, ертегімен бізге жеткен
Балалардың қойлымын тамашалайық
Жәңгір: Көрініс «Қызыл телпек»
Жүргізуші: Бүлдіршіндер өздерінің тілектерін арнайды.
Тұрарбек Күлімде күн күлімде
Күлсін барлық бала шат
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ
Серік Сарымыз, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де боламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Дарын Үлкенді сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
Кішіге ағамыз,
Құшаққа аламыз.
Нұрлыхан Балақай –ау, балақай
Жаз келеді алақай
Жалаң аяз жүреміз
Балақты да түреміз
Жәңгір: Би: Флешмоб
Жүргізуші: Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап – дей келе
Жәңгір: Ән: «Анашым» орындайтын Ерболатов Асылжан мен Абдулов Мерлан
Жүргізуші: Құрметті балалар! Мен сендердің жақсы сурет салатындарынды
білейін деп «Суретші» ойынын ойнатайын деп едім. Қане, балалар ортаға
шығайық! Ендеше, бір сәт бәрің суретші болыңдар. Қайда саламыз? Жерге
түрлі –түсті бормен әсем суреттер саламыз.
Ой, тамаша! Қандай өнерлі балалар екенсіндер!
Жәңгір: Ән «Балапан»Орындайтын: Ғаллемов Исатай
Жүргізуші: Ырғақтардан тамаша сыңғыр ағып,
Ән айтайық, келіңдер, жыр құралық
Толықсыған қайындай алдарыңызда,
Биші қызымыз билейді мың бұралып, -дей келе
Жәңгір: Би: «Өзбек» Орындайтын:Сейтжан Алина
Жүргізуші: Қане, келгін бүлдіршін
Құтты болсын қадамың
Төбеңде бейбіт күн күлгін
Төмендемесін талабың
Оқушылар тағы да тілектерін арнайды.
Алихан Оқуда,өнерде
Үздік те, шебер де
Ұрпақтар жалғасы
Біз қазақ баласы
Алина Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады әніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз
Ш.Айша Ақ,қара деп бөлейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
Жәңгір Біз – балдырған тең басқан
Дос құшағын кең ашқан
Тілегіміз –бейбіт күн.
Ашық болсын кең аспан.
Заманбек: Гүлдей жайнап, тотықұстай жаралған,
Кеудесінде сарқылмайтын бір арман.
Алтын күнмен көмкерілген көк аспан,
Бөбектердің күлкісімен жаралған
Жәңгір: Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Ән салып, би билеп, жыр жырлап
Күн сайын алға бас қаршындап
Келеді бүгінгі балдырған
Балалық жайында ән шырқап
Жәңгір: Ән: «Қыдырып қайтайық»
Орындайтын: Абдулов Мерлан
Ән: Уәде бер
Орындайтындар: Жанәбіл Құрманғазыұлы мен Оңайалиев Ерғанат
Жүргізуші: Ақ көгершін бейбітшілік белгісі.Көгілдір аспанға көгершін дүние
бетіндегі балаларға қуаныш сыйлайды. Енді, сол ақ көгершін туралы әнді
тыңдаймыз.Кабинет оқушыларының орындауында
Жәңгір: Хор: «Ақ көгершін» әні.
Жүргізуші: Балалық -ойдың пәктігі,
Балалық – жанның ақтығы.
Жүректі күндей жылытар,
Көп болған ылғи шат күні
Көре бер, көркейе бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашан да кесірлер.
Осымен біздің «Бар жақсылық - балаға!» атты мерекелік шарамыз өз мәресіне
жетті. Келгендеріңізге көп рахмет! Келесі кездескенше сау –саламат
болайық!

Ұқсас жұмыстар
Жақсылық тамшысы
"шал мен бала" әңгімесі
Қазақтың салт - дәстүрлері Тәрбие дәстүрі
Менің тәрбиеге байланысты көзқарасым
Тақырып - Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықтан жақсылыққа, Ешқандай жақсылық зая кетпейді
Сендердің адал достарың барма
"біз мектепке барамыз" акциясы
Жақсылық жасауға асығайық!
Адамгершілік – асыл қасиет жайлы
Пәндер