Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды
Өтетін күні: 05.05.2017ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы
Жеңіс туралы
мағлұмат беру. Отан үшін жан
қиған аталар мен
апаларды, соғыстан
оралған,қазіргі
кезде арамызда жүрген
ардагерлеріміздің
ерлігін үлгі ете
отырып,оларды
құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, Ұлы Жеңістің 72
жылдығы мерекесі де келіп жетті. Отанымызды қалтқысыз қорғауға әрқашан
дайын тұратын, еліміздің тірегі абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,
алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Әрқайсысыңызға амандық, елімізге
тыныштық тілей отырып, 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне
арналған «Ешкімде ешқанда ұмытылмайды!» атты тәрбие сағатына қош
келдіңіздер.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!
Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбірегеннен кейін
мемлекетіміздің шекарасын шегендедік, іргемізді бекіттік. Күні кеше 7
мамырда еліміздің атаулы мемлекеттік мерекелеріміздің бірін – Қазақстанның
Отан қорғаушылар күнін де атап өткен болатынбыз. Осының бәрі Егемен
еліміздің тұғырлы тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің асқақ екенін білдіреді.
Қазақстан – егемен елім!
Қазақстан – Отаным менің!
Жанымды беруге әзірмін мен,
Жолыңда сенің, Тәуелсіз елім!
Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешекке төккен үнін.
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін,- деп, құттықтау үшін сөз кезегі ППТК
меңгерушісі С.Бахтығалиқызына беріледі.
Жүргізуші: Жас өрендердің мерекелік жыр-шашулары: Оқитындар:
Айназ: Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
Алина
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
Дарын
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Тұрарбек
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан
Руслан
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан,
Аяласын көңілі жақсы үмітпен.
Айнара
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
Жүргізуші: Желбіреп көк байрағым тұр көгімде,
Елтаңбам қасиетті тұр төрімде.
«Қазақтың сарбазымын» деп мақтана,
Айтамын шын жүректен, жыр көңілден
Жүргізуші: Би «Катюша» орындайтындар кабинетіміздің бишілері
Жүргізуші: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде
дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті.
Ерлік пенеңбек жеңіп шықты. « Ешкім де ешқашанда ұмытлмайды, ештеңе де ұмыт
қалған жоқ».
Көрініс: «Соғыс қасіреті»
Немересі - Мирлан: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің
баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.
(Әжесі құшақтай еркелей күледі.)
Әжесі – Асел: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам (маңдайыннан сүйіп,
қасына отырғызды, әкесі жымиып, радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалды.)
Тыңданыздар! Тыңданыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін таңертеңгі сағат 4-
те Неміс фашисттері Германия мен Совет одағының арасындағы шабуыл жасамау
туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің территориясына басып
кірді. (ән «свещенная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен, келіні жылап
бетін жабады.)
Немересі: Аттан! – деді,
Ол қазір аттанады
Жауынгердің рөлін атақарады,
Неге бізге үмітсіз тесілесін?
Аттан әке жолыннан кешігесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі: Тыңда балам, тыңда күнім
Болуға жара қолғанант
Кәрі ана, сәби інің
Барлығы саған аманат.
Әжесі: Оралсын аман жеріне
Көріссін туған елімен
Келін –ау көзде қалтағы
Топырақ салып жібер дағы (қалтаға салынған топырақты берген
келін)
Келін: Кебін киген өледі
Кебенек келген келеді,
Үлкен үйден дәм татса
Кешікпей дейде келеді. (жарының соңынан жылап қалады).
Оқушылардың ардагерлердің құрметіне арналған өлең шумақтарына кезек
берейік.
Исатай Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға
Темирлан: Өрге бастап өрісті үміт
Өршіл отты туды өлең
Ардақтаймыз жеңіс күнің
Әндетеміз жырменен
Гүлсезім: Бүгін үйде жата алар кім,
Ашпай бақыт есігін
Жауды жеңген аталардың
Ұмытпаймыз есімін.
Айша: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып
Жеңіс келді алақай
Тойып жейтін ән болып.
Ән: Арыстангалиева Гулсезим
Жүргізуші: Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүруіміз, бейбіт өмірде
шаттана күлгеніміз, жайраңдап жүргеніміз, бәрі –бәрі сіздердің арқаларыңыз.
Жүргізуші: «Майданға хат» оқитын кабинеттің мұғалім – дефектологі:
У.Нуркатова
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сеннен хат
Хабарыңды естіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күнге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім –жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретін келді хатыңда
Шекпен киген жалаңқат
Ерге лайық бес қару
Асыныпсың автомат
Суретіне қарасам
Емшегім иіп, сүт тамады
Көзімнің жасы төгіліп
Ұйқыдан кетті рахат
Отаның үшін қарағым
Арың қымбат жаныңнан
Бөбектерін аман - сау
Ас жейді әзір қолымнан
Ербендеген ермегім
Тастамаймын қолымнан
Лақ –қозы қайырсам
Қалмайды сүйем сонымнан
Жағдайсыз емес келінім
Оны да көрем бағымнан
Қайырмайды тілімді
Жібектей мады жамылған
Көңілімде алаң жоқ
Жаны сүйген жарыннан
Уһілеп кейде дем алып,
Шығады түтін жалыңнан.
Хабарыңды жиі жаз
Өтпесін көп күн арадан
Талқанда жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
Жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Ән: «Жаным қазақ» орындайтын кабинет оқушысы Абдулов Мерлан
Жүргізуші: Біздерміз ел қорғаны құрыштайын,
Біз барда ел ұйқысы тыныш дәйім,
Бойымда алмас жүзді намысым бар,
Қайтпайтын, қайрылмайтын қылыштайын.
Ән: «Қазақ жігіттері» орындайтындар кабинет мұғалімі Сайынов Данабек және
оқушысы Асқаров Асылжан
Жүргізуші: Жасканбай дауыл, суықтан
Қиыда ұшқан қырандар.
Жалын мен отта шыныққан,
Жас қайрат сарбаз ұландар.
Ән: « Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтын кабинетіміздің саз мұғалімі
Ж. Мұстаев
Жүргізуші: Тыныштық тулары, биікке самғасын
Тыныштық ұраны қиырда шарласын
Жетім боп анамен балалар,
Ойран боп отбасы қалмасын
Жол берме соғысқа адамзат
Сен ғана тыныштық қорғаны.
Осымен Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Жеңіс туымыз көк
аспанымызды желбірей берсін! Келгендеріңізге көп көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz