Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жорғалаушылар класы
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды жорғалаушылардың құрылысының, тіршілік
әрекетінің ерекшеліктерімен, сан алуан түрлерімен таныстыру
Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, адамгершілік
қасиеттерін арттыру
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін және есте сақтау
қабілеттерін дамыту
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, кесте, сызба-нұсқалар, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин)
Үй тапсырмасын сұрау: (10 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру: (25 мин)
Жаңа сабақты бекіту: (5 мин)
Үй тапсырмасы: (1 мин)
Оқушыларды бағалау: (2 мин)
Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?
Үй тапсырмасын сұрау:
I. Санмен берілген белгілердің қандай жануарларға тән екенін
салыстырмалы кестенің тиісті бағанына қойып толтырыңдар:
1. Тері жабыны тегіс.
2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.
3. Жұп көкірек және бір жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.
4. Иық белдеуінде сыңар төс сүйегі және жұп жауырын, бір жұп бұғана,
бір жұп қарға сүйектері бар.
5. Жүрегі үш қуысты.
6. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.
7. Екі қанайналым шеңбері бар.
8. Мишығы нашар дамыған.
9. Ортаңғы құлақ қуысы пайда болған.
10. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады.
11. Жүрегі екі қуысты.
12. Қанайналым жүйесі тұйық.
13. Терісі арқылы да тыныс алады.
14. Дернәсілдері тек желбезектерімен тыныс алады.
15. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.
II. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы
жануарларды не деп атаймыз? (Қосмекенділер)
2. Қазіргі кезде қосмекенділердің неше мыңнан астам түрі кездеседі?
(4000)
3. Қосмекенділердің терісі қандай болады? (Жұқа, тегіс және безді)
4. Тоқ ішектің соңғы бөлігі не деп аталады? (Тік ішек)
5. Аяқсыз қосмекенділердің 200-дей түрі қай жерлерде тіршілік етеді?
(Африкада, Америкада, Үнді, Цейлон)
6. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі (Жетісулық бақатіс)
7. Құрбақалардың түсі қандай болады? (Қоңырқай, тері бұдырлары айқын)
8. Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында қандай бақа таралған?
(Қызылаяқ)
9. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны
не деп атайды? (Өкпелік шеңбер)
10. Қосмекенділер немен қоректенеді? (Зиянды жәндіктермен)
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жорғалаушылар – нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8000-ға жуық
түрлері бар.
Жорғалаушылар
кесірткелер жыландар тасбақалар құбылғылар
крокодилдер
Герпетология – жорғалаушыларды зерттейтін ғылым.
Жалпы сипаттама: Денесі
[pic]
бас
бессаусақты аяқтар
мойын
құйрық
тұлға
Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған.
Терісі – құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді
қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді
түзілістер теріні құрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады.
Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады.
Қаңқасы
бассүйек кеуде
қуысы (алғаш пайда
болған)
омыртқа жамбас белдеуі мен артқы
аяқтары
жотасы иық белдеуі
мен алдыңғы аяқтары
Омыртқа жотасы
мойын құйрық
сегізкөз
арқа-бел
Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Күрделі қозғалыс
жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде
қуысында бұлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде қуысындағы қабырғааралық
бұлшықеттердің жиырылып-босаңсуына сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады.
Асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ауыз қуысының түбінде
қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі.
Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Халық
арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғым шындыққа жатпайды. Жыланның уы
үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде болады. Сілекей бездері
өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз
қуысына ашылады.
Жорғалаушылар өкпесімен ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші
ұяшықтардан тұрады. Ауа өтетін тыныс жүйесі – кеңірдектен және
ауатамырлардан тұрады.
Жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты (екі жүрекшеден,
бір қарыншадан тұрады). Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде
екіге бөлген. Жартылай пердемен бөлінгендіктен, екі құлақшадан қарыншаға
өткен қан онша араласпайды. Жорғалаушылардың да денесіне аралас қан
тарайды. Артерия қаны көбірек.
Екі бүйрегі жамбас аралығында орналасады. Зәр бүйректе түзіледі.
Түзілген зәр екі несепағар түтік арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан
клоака арқылы сыртқа шығарылады.
Жүйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделілеу. Алдыңғы ми сыңарларының
сыртында жүйке жасушаларының шоғыры пайда болған. Аралық мида төбе көзі
орналасқан. Ол әсіресе гаттерияда жақсы жетілген. Күрделі қозғалыс
әрекеттер жасайтындықтан, мишығы да жақсы дамыған.
Сезім мүшелері
көз
танау
құлақ
Көзі қозғалмалы қабақты болып келеді. Жыланның қабақтары мөлдір,
көздің алдыңғы жағын шыны тәрізді тұтас жауып тұрады.
Есту мүшесі
ішкі құлақ ортаңғы құлақ
Иіс сезу мүшесі – танау қуысында орналасады.
Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Кейбір түрі ұрықтанған жұмыртқа
салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан (гюрза) жұмыртқа салады.
Сұржылан (гадюка), қалқантұмсық (щитомордник) ұрпақтарын тірі туады.
Дернәсілдері түрленбей, тікелей бірден ересектеріне ұқсас болады. Олар өсе
келе бірнеше рет түлеп, денесінің сыртындағы ескі қабыршақты терісін
түсіріп отырады. Көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы тропиктік,
субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер
құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі. Суда
тіршілік ететін түрлері (жыландар, тасбақалар, крокодилдер) жұмыртқаларын
су жағалауындағы жерлерге салады.
Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын
тигізеді. Адам көпшілік түрлерін тағам ретінде пайдаланады. Терісінен,
сауыттарынан әсемдік бұйымдар жасалады. Әсіресе жыландардың уынан қымбат
бағалы дәрі-дәрмектер алынады. Қазіргі кезде крокодилдерді, жыландарды
арнайы қолдан өсіретін фермалар, тәлімбақтар, жыланханалар ұйымдастырылған.
Жорғалаушылар класы
тұмсықбастылар крокодилдер
(нағыз крокодил,
(Өкілі гаттерия) қабыршақтылар тасбақалар
қолтырауын,
(құбылғылар (тасбақалар)
азғы (гавиал)
(хамелеондар),
тұқымдастар)
жыландар,
кесірткелер)
Тұмсықбастылар отряды – Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында ғана
сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар. Гаттерияның сыртқы түрі
кесірткеге ұқсас. Дене тұрқы 75 сантиметрдей, салмағы – 0,5-1 кг. Жонында
және құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтардан тұратын жалы бар.
Төбе тұсында (екі көзінің ортасында) ерекше төбе көзі болады. Сондықтан оны
кейде үшкөзді гаттерия деп те атайды. Жыныстық жағынан 20 жылда ғана
жетіледі, 8-15 жұмыртқа салады. Одан ұрықтың жетілуі 12-15 айға созылады.
50 жылдан астам өмір сүреді. Өте ертеден бері тіршілік етіп келе
жатқандықтан, ол «тірі қазынды» деп аталады.
Гаттерия:
[pic]
Қабыршақтылар отряды – денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа,
құйрығы ұзын. Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Аяқтарында
ұзын бес саусақтары болады. Қорегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып
жіберіп ұстайды. Үлкен екі көзі біріне-бірі байланыссыз қозғала алады.
Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен, бұлар құбылғылар деп аталған. Африка
мен Мадагаскар аралында кеңінен таралған. Ағаш басында тіршілік етеді.
Бунақденелілермен солардың дернәсілдерімен қоректенеді. Көпшілігі жұмыртқа
салып, көбейеді. Жорғалаушылардың 6000-нан астам түрі тікелей осы отрядқа
жатады. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда
жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.
Жылан мүшелдік жыл санауға кірген 6-жыл. Қабырғаларының төменгі ұшы
бұлшықеттердің арасында бос жатады. Сондықтан денесін ирелеңдетіп, тез
қозғала алады.
Қазақстанда кездесетін жыландардың 18 түрінің 4 түрі улы жыландар.
Оған кәдімгі және дала сұржыландары, қалқантұмсық және қаражылан жатады.
Улы жыландар қорегін улы тістері арқылы бөлінетін удың көмегімен ұстайды.
Улы бездері үстіңгі жақсүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Уы мөлдір,
сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан
жасушалары, қан тамырлары зақымданады. Қалқантұмсықтың басындағы қалқандары
ірі. Көзі мен танау тесігінің ортасында ойыс щұңқыры болады. Қазақстанның
оңтүстік аумағында кеңінен тарлаған.
Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі – оқжылан. Оның денесі
жіңішке, басы шағын, көзі үлкен. Өте жылдам қозғалуына байланысты оқжылан
деп аталған. Оның ұсақ улы тістері аузының түбіне таман оналасқан. Оқжылан
қорегін аңдып аулайды және көлденеңінен тістеп ұстайды.
[pic]
Тасбақалар отряды – денесі мүйізді сауытпен қапталған. Қазақстанда
дала және батпақ тасбақалары кездеседі. Дала тасбақасы Қазақстанның
оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған. Сауыты
қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтары 4 саусақтан тұрады. Жылына 3-4 айдай
белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарда ұйқыға кетеді. Аталықтарының
үстіңгі сауыты күмбездеу болады, ал аналықтарында жалпақтау. Аталығы 11-12
жылда, аналығы 12-13 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жазғы ыстық мезгілде
де, қыста да ұйқыға кетеді. Жылына екі рет 4-5 жұмыртқа салып, көбейеді.
Күндіз белсенді тіршілік етеді. Теңіздерде мүйізді сауыты жоқ жұмсақ терілі
тасбақалар тіршілік етеді.
[pic]
Крокодилдер отряды – жоғары сатыда тұрған тобы. Халқымыз крокодилді –
«тәмсақ», аллигаторды «қолтырауын» деп атаған. Олар көбіне өзен, көлдерде
тіршілік етеді. Басында, аналь тесігінің маңында аздаған бездері болады.
Тістерінің саны көп. Жүрегі 4 қуысты. Терісі қымбат бағаланады, сондықтан
арнайы фермаларда қолдан өсіреді.
[pic]
Қазақстанда жорғалаушылардың 49 түрі кездеседі. Тасбақаның – 2,
кесірткелердің – 29, жыланның – 18 түрі тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл
кітабына (1996) кесірткенің – 6, жыланның – 4 түрі тіркелген.
Кесірткелердің түрлері: шұбар жұмырбас,зайсандық жұмырбас, келес,
сарықұрсақ (сарлан), үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке.
Жыландардың түрлері: жолақ қарашұбар жылан, қызылжолақ қарашұбар
жылан, сарыбауыр қарашұбар жылан, төртжолақты қарашұбар жылан.
Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі – келес.Ол Қазақстанның
оңтүстігіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездеседі. Ал аяқсыз кесіртке
сарықұрсақ (сарлан) өлкеміздің оңтүстік өңірінде ғана таралған. Саны аз әрі
өте пайдалы жануар. Қызыл кітапқа тіркелген, қатаң қорғауды қажет етеді.
Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақты шешіңдер:
I. 1. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі (Оқжылан)
2. Гаттерия өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқандықтан, ол
қалай аталады? («Тірі қазынды»)
3. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым (Герпетология)
4. Жорғалаушылардың терісі қандай? (Құрғақ)
5. Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі неге ұқсас (Қосмекенділер)
| | | |Ж | | | | |
| | | | | | |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| | |
| | |
| | |
| | |
| |
| |
| |
| |
| | |
| | | |
| | | | |
| | | | |
| Т |А |С |Б |А |Қ |А |
| | | | |
| | | | |
| | | |
| | | |
Үй тапсырмасы: Жорғалаушылар класын оқып келу
Оқушыларды бағалау: оқушыларды еңбектеріне сай бағалау.
-----------------------
Балықтар Қосмекенділер (ересектері)
1,2,3,5,6,8,12,14 4,7,9,10,11,13,15

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz