Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі
Сабақ тақырыбы: «Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі»
Сынып: 3
Сабақ мақсаты:
1. Ұлт аспаптарының түрленуін меңгеру, алған білімдерін түйіндей
білуі.
2. Музыкалық дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
3. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, музыкалық
білімді жан-жақты өрістету.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайд-шоу, буклеттер, муз. аспаптар.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Дауыс жаттығуы: до-dur дыбыс қатарымен төмен және жоғары дыбыстарды,
үшдыбыстықты орындау.
Жаңа тақырып: Оркестр болып музыкалық шығарманы орындау үшін оркестрге
түрлі аспаптар қажет болады. Жаңадан жасаған аспаптарға түрлі еуропалық
атаулар берілді. Олар: домбыра-прима, домбыра-альт, домбыра-бас, домбыра-
контрабас .
Оркестрдегі барлық аспаптар түр-пішіні жағынан ұқсас болғанымен, көлемі
жағынан әр түрлі болды. Аспап үлкен болған сайын оның үні де төмен әрі қою
болып шықты. Домбыра аспабының өзін де өзгертуге тура келді. Егер бұған
дейін домбыраға қой ішегі тағылса, енді оны нейлон ішектерімен ауыстырды.
Сол себепті домбыра аспабында бұған дейін тек қана халық әндері мен күйлері
орындалса, енді Еуропа композиторларының шығармаларын да емін-еркін ойнай
беретін болды. Қобыз аспабы да біраз өзгеріске ұшырады.
Қобыз аспабының негізінде қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас және қобыз-
контрабас пайда болды. Еуропадағы ішекті аспаптар тәрізді екі ішекті
қылқобыз аспабы енді төрт ішекті қобыз болып өзгерді. Ал қылдың орнына сым
ішектер тағылды.
Сонымен қазақтың домбыра мен қобыз аспабының негізінде оркестр құрамында
жаңа аспаптардың көптеген түрлері дүниеге келді. Халық композиторлары
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина күйлері оркестрдің орындауында
сахнаға жаңаша түрленіп шықты.
Музыка тыңдау: Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында
Брамстың №2 «Венгр биін».
Үй тапсырмасын тексеру: «Көгершін-бейбітшілік құсы» рефераттарын тексеру,
оқыту.
«Көгершін - бейбітшілік құсы» Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң –
ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні -
құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген
адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған.
Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті
– ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі
бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершін
құсы.
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық
пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің
«бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын
боламыз.
1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір
мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді.
Талайларды боздатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО
сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі
Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Дәл осындай қатыгездікдер
Конгресстің өтуіне себепші болды. Бейбітшілік жақтаушыларына шұғыл түрде
танымбелгі керек болады да, олар атақты Пабло Пикассодан танымбелгі үшін
сурет салып беруін сұрайды. Осылайша дүниеге ықшамды және көзге бірден
түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы
келеді. Бұл суреттің пайда болуы туралы мұнан да қызықты хикая бар. Халық
арасындағы аңызға сенсек, күндердің күнінде танымал суретшіге бір өте кедей
адам келіп: «Пабло, сен ұлы шеберсің, маған қайырым ете көр... Маған
әйтеуір бір сурет салып берсең, мен оны өзгелерге сатып, адам секілді
тамақтанған болар едім»,-дейді. Аң-таң болған Пикассо қолына қағаз алып,
бірер минуттің ішінде «бейбітсүйгіш» құстың суретін салып береді.
Бұл аңыздың ақиқат болуы әбден ықтимал. Өйткені Конгресс оқиғасынан бұрын,
Паблоға суретші әкесі кішкентай кезінде (4 жастан бастап сурет салған екен)
суреттерінде көгершін табандарын салуды бұйырып отырған көрінеді.
Көгершіннің бейбітшілік құсы ретінде бейнеленуін түсіндіру аса қиын
емес. Кезінде Нұх Пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын алып келіп, топан
судың аяқталғанын жеткізген дәл осы інжіл құсы болған.
Пикассо қызының есімін Палома (испан тілінде-көгершін деген мағынаны
білдіреді) деп қойғандығына қарағанда, аталған құсқа еркеше ілтипатпен әрі
ыстық ықыласпен қараған секілді.
Ән орындау: «Көгершін» әні
Сөзі: А.Жұбановтікі
Әні: Н.Баймұхамедовтікі
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан
Бақыт болып қоншы деп,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды,
Ақ ниетті бар адам.
Ақ қанатың талмайды,
Әділеттен жаралған.
Тыныш – бейбіт өмірдің,
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің,
Қайт шыңына қонақтап.
Шығармашылық жұмыс: суреттеу арқылы жобаларын қорғау.
1 топ: Аспаптар тобын атау.
2 топ: Домбыра құрылысы
3 топ: Ұлттық аспаптар
Сабақты қорытындылау:
1. Не себепті домбыра мен қобыз аспаптарының бірнеше түрін жасап
шығарды?
2. Көп өзгеріске ұшыраған қандай музыкалық аспап?
3. Оркестр қандай халық композиторларының күйлерін түрлендіріп орындады?
Үй тапсырмасы: «Көгершін» әнін жаттау.
Баға қою: Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар баға қою.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz