3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын талдау

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№26 ОЖББМ

Бастауыш сынып мұғалімі Кудайбергенова Ж. С

Күні:4. 02. 2014ж

Сабақ:Әдебиеттік оқу

Сынып:3 «ә»

Сабақ тақырыбы: Б. Соқпақбаев. « Менің атым Қожа» шығармасы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.

Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту, ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ

Көрнекілігі: Слайд. Б. Соқпақбаев суреті . повесть бойынша иллюстрациялық суреттер

Әдістері:сұрақ-жауап, «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясы, баяндау әдісі

Сабақ барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық.

3. Сабақтың мақсатын хабарлау. оқушыларды

II. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында

«Зымыран сұрақтарына» жауап алу.

1 Екі дос әңгімесінің достардың әрекеті қандай?

2 Дос қандай болу керек?

3 Төс қағысып, дос болыпты-деген тіркесті қалай түсінесің?

4 Досын қалай құтқарды?

5 Адал достықтың куәсі болған кім?

6 Досың үшін өміріңнің бір бөлшегі дегенді қалай ойлайсың?

III. Жаңа сабақ. І. Қызығушылықты ояту

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Б. Соқпақбаевтың өмірімен бірге «Менің атым Қожа» шығармасы

Сөз жұмбақ шешу арқылы, тақырыппен таныстыру .

,, ,, , ,, , ,, ,, , , ,, , ,, , ,

Сабақтың тақырыбы: « Менің атым Қожа » шешілді

Сабақтың жоспары:

1. Тақырыппен, жазушы өмірбаянымен таныстыру.

2. Қысқаша мәтін мазмұнының түсіндірмесі.

3. Оқулықпен жұмыс:Мәтінді сатылай оқу, талдау.

ІІ. Мағынаны ашу

Б. Соқпақбаев 13. 10. 1924 жылы Алматы облысы, Нарынкөл ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқұл ауданында мұғалім болған. 1952-жылдары Бердібек “Жұлдыз” , «Балдырған»журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды. 1950 ж “Бұлақ” өлеңдер жинағы, 1951 ж «Он алты жасар чемпион» 1952 ж” Бақыт жолы» 1953 ж “Алыстағы ауылда», 1960 ж “Балалық шаққа саяхат», 1963 ж “Дала жұлдызы», «Аяжан» повестін жазды. 1957ж« Менің атым Қожа» повестсі кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. Бұл шығармадағы Қожаның өміріне шолу жасайық.

-Қожа дүниеге келгенде оған Қожаберген деген ат берілді.

-Қожа әкесінен 2 жасында жетім қалды.

-Бір сыныпта 2 Қожа оқығандықтан оны Қара Қожа деп атады.

-Жантас сияқты оқушылар оған келемеждеп «Қара көже»деген ат берді.

-Қожаның өз аты өзіне ұнамаған.

-Қожа сабақты жақсы оқығанымен, өзінің жаман қылықтарымен үнемі көзге түсіп жүрген.

- Анасы фермада жұмысы істегендіктен әжесімен бірге тұрған.

Сонымен айтылған мәліметтерді қорытындылай келе біз осы шығарманың басты кейіпкері Қожа екендігін білдік. Бүгінгі сабағымызда «Менің атым Қожа »шығармасынан үзіндімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс :

Мәтінді оқушыларға оқыту, талдау.

Сұрақ-жауап.

1. Қожа құпия кеңеске қалай дайындалды?

2. Кеңестің қаулысы бойынша Қожаның бойында басты қандай кемшіліктер бар?

3. Әңгімеден Қожаның жақсы бала болатынына сенер медің?Ойыңды түсіндір.

4. Әңгімедегі құпия кеңес дегенді қалай түсінесің?

Алтыншы ақпан .

Б. Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Шығармашылық тапсырма

II Ой-толғау.

І топ . Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрастыру

ІІ топ . Бес жолды өлең (Қожаға\

ІІІ топ. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру

Сөздікпен жұмыс Қаулы-жиналыстың шешімі

Сергіту сәті : қаражорға биі

III. Топтастыру

алғыр пысық-

мейірімді

өз қателіктерін түсінді

әділетті әзілқой

тапқыр

Жалпы достық туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Ал балалар өз достарымызды дұрыс таңдай білуіміз керек екендігін түсіне отырып,

Мақалдардың мазмұнынына тоқталайық.

  1. Әдепті бала -арлы бала,
  2. Әдепсіз бала-сорлы бала

VI. Үйге тапсырма: 1. Әңгімені түсіп оқу, мазмұнын айту.

2. Менің қиялымдағы Қожа…” қандай болу керек? эссе жазып келу

VII. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесін талдау
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа хикаяты бойынша Қожа бейнесін жан-жақты талдау
Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа әңгімесін талдауға арналған сыни тұрғыдан ойлау сабағы
Бастауыш сыныпқа арналған Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасы бойынша сабақ жоспары
6-сынып әдебиеті бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары: Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасы
4-сынып: Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасы бойынша бекіту сабағының жоспары
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасына арналған шығармашылық сабақ жоспары
5-сынып Қазақ әдебиеті: Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесіндегі кейіпкерлер бейнесін талдау
6-сынып қазақ әдебиеті: Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесін талдауға арналған сабақ жоспары
Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа повесі: Түбі адам болатын бала - қорытынды сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz