Бақшадағы көкөністер: түсінік, күтім және пайдасы

Сабақтың тақырыбы: Бақшада
Сабақтың мақсаты:
а) Көкөніс туралы түсініктерін кеңейту
ә) Бақшаны күту туралы және бақшадан алатын өнімдердің пайдасы туралы айту
б) Бақшаны куту және қорғау, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ақпараттық
Көрнекілік: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Өткен сабақта айтылған( Бақта тақырыбын шолу, оқушылар ойын тыңдау )
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушылар:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
-Ал, қане балалар жұмбақты шешіп көрейік.
Жұмбақтар шешу
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. (Сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)
- Балалар, біз көкөністер туралы не білеміз?
(Балалар өз ойларын ортаға салады)
- Біз көкөністер туралы қандай тақпақтар білеміз?
1-оқушы
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
2- оқушы
Жапырақта тасалап,
Өскен жері бақша - бақ.
Күрең қызыл шіркін -ай,
Оның аты- құлпынай.
3- оқушы
Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді.
4- оқушы
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты- ЖҮЗІМ
5- оқушы
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны ұзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты- ШАБДАЛЫ
6- оқушы
Жылағымыз кеп кетті -
Жылатар бізді не еді….
Сары алтындай, әңгелек,
Қандай тәтті -әңгелек.
Сергіту сәті
- Балалар, қане кім айтады . . . ?
- Ащы көкөністерді ата.
- Тәтті көкөністерді ата.
- Көкөністерден қандай тамақ жасалады?
- Қандай көкөністі шикілей жеуге болады?
- Бақшаға пайдалы жәндіктерді ата.
- Бақшаға зиянды жәндіктерді ата.
Сабақты қорытындылау