Сындарлы оқуды іске асыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету

«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз»
Сенека Луций
Мұғалімнің аты-жөні: Блеутаева Назгүл жанабілқызы
Жұмыс өтілі: 24 жыл
Жұмыс орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы
№10 орта мектеп-гимназия
Қызметі : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Санаты : жоғары
МАСТЕР - КЛАСС ЖОСПАРЫ:
- ТАҚЫРЫП: Сындарлы оқуды іске асыруда бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсету
- ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: Мұғалімдердің сабақты талдаудың формалары жайлы білімдерін жетілдіріп, сабақты талдау үлгісі бойынша өзіндік талдау жасату, жеке және топтық жұмысқа ықпалдастыру
- КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Ұстаздар сабақты құру мен сабақ құрылымына талдау жасау жолдарын игеруді жетілдіреді, кәсіби әңгіме жүргізу жолдарын үйренеді
- МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Пән мұғалімдері
- ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Қызығушылықтыояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия
- ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Дейін - кейін»(стратегиялық сұрақтар) ; жеке жұмыс; ықпалдасу сәті; «Ойтолғаныс шеңбері» топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) ;
- ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта, таныстырылым, видио материалдар, стикерлер, смайлик т. б.
- ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «сындарлы оқу»
МАСТЕР - КЛАСС МАЗМҰНЫ :
Мақсат:
Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып коучингке қатысу белсенділігін арттыру
Міндеті:
жеке және топтық жұмысқа жұмылдыру
Әдісі: ықпалдасу, жұпқа бөлу,
топқа бөлу
Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңбері» арқылы таныстыру;
Өздеріндегі стикерлер бойынша топқа бөліну
«Шаттық шеңберінде» тұрып бір - бірімен танысады, қандай адам екенін айтады;
Қолдарындағы стикерлер бойынша топқа бөлінеді
Мақсат:
Мұғалімдерге «сындарыл оқу» және «сабақты талдау» ұғымдарын жайлы білімдерін жаңғыртып, өз беттерімен талдау жұмыстарын жасату
Міндеті:
Ассоцация жазадыру;
«дейін- кейін» стратегиясы бойынша жұмыс жасату;
Кәсіби әңгіме жайлы мағлұмат беру.
Әдісі: « Бағдаршам» әдісі бойынша түсінген - түсінбегенін білдіру,
«Сәйкестендіру»
Жұппен жұмыс,
Топпен жұмыс,
ықпалдастыру
«Миға шабуыл»
«ассоциация» жазады
«Дейін - кейін» стратегиясы бойынша бірнеше осы бойынша білетіндерін жазып шығады
Қатысушылар стикерлерде «дейін-кейін» стратегиясы бойынша «Сындарлы оқу», «Сабақты талдау» деген сөздерге «ассоциация» жазады. «Сындарлы оқу»,
«сабақты талдау» дегеніміз не? Сабақты талдауды қалай жүргізесіз? Өзіңіз сабағыңызды қалай талдайсыз?
«Дейін-кейін» стратегиясына арналған плакат
Ассоцация жазуға арналған плакат
«Бағдаршам» стратегиясы кәсіби әңгіме бойынша
әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін.
«Кәсіби әңгіме» барысында алған әсерлерімен «Бағдаршам» тәсілі бойынша бөліседі
Қызыл түсі- түсінбедім.
Сары түс- әлі сұрақтарым бар.
Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті.
Стикердің біреуін көтереді.
«Сәйкестендіру» стратегиясы
презентация
Сабақты талдау және өзін - өзі талдау формалары жазылған қағазды үлестіремін, сол бойынша жұптасып, олардың атына затын сай сәйкестендіреді
Сабақты талдау және өзін - өзі талдау формалары
1) қысқа (бағалау) талдау;
2) құрылымдық (поэтапный) талдау;
3) жүйелік талдау;
4) толық талдау;
5) құрылымдық-уақыттық талдау;
6) аралас талдау;
7) психологиялық талдау;
9) аспектты талдау;
10) құрама (комплексті) талдау.
Талдау түрлерімен және оның мақсаттарымен танысады
Ықпалдастыру сәті
«Толық банка» әдісі
Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, банканы бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын.
Ең алдымен,
тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;
Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар;
Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;
Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық банка-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді.
Тас, ұсақ тас, құм, су, банка
Банка - сабақ
Тас - сабақтың негізгі фазалары;
Ұсақ тас - мағынаны танытуда атқаратын іс - әрекет
Құм - ой толғаныс (бағалау, кеңейту) десек,
Су - осылардың барлығын біріктіретін сабақтың мазмұны
«Топтық жұмыс» стратегиясы
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, бірлесе атқарған жұмыс жемісті, сонымен қатар, бакаға қай ретпен салу керек болғандай сабақты ретімен құрған да ғана, және ретімен талдағанда ғана нәтижеге жетпекшіміз. Ол үшін сындарлы оқуда фазалық бақылау бойынша іске асқан дүниені толтыру. Сондықтан сіздергі алдарыңыздағы тапсырмаларыңызды біріктіріп, үлкен постер жасаңыздар.
Сабақтың үш фазасын толықтырып, үлкен постер қорғау
Мұғалімдер жұптық жұмыстарын бірлестіріп, «Ойлы шеңбер» құрастырады, олардың байланысын шығарады.
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс
Мақсаты:
Коучинг барысында жасаған жұмысты қорыта білу
Міндеті:
Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жұмылдыру; Кері байланыс орната алу.
Әдісі:
Өлең шығару
Эссе жазу
«Кейін» бағанын толтыру
«Өлең жолдары» стратегиясы
Ұстаздарға адасқан өлең жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады
Берілген өлең жолдарындағы ұйқасқа өз ойларымен қайта құрастырады.
Ұстаздарға сабақтың барысы - жұмбақ,
Сабақтың әр кезеңі - бастау бұлақ.
Дұрыстап құрылған сабақтың мазмұны,
Білім алар оқушыға шам мен шырақ.
«Дейін-кейін» стратегиясы
Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын.
Рефлекциялық есеп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz