Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Кітапхана көшбасшысы (Интеллектуалды сайыс)

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-
лицейдің кітапхана меңгерушісі
Абишева Сауле Нургазиевна

«Кітапхана көшбасшысы»
(Интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту
қабілеттерін дамытумен қатар кітапқа деген қызығушылығын арттыру,
білім деңгейін көтеру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ойын ережелері.
Түрі: Жеке оқушылармен
Барысы.

Жүргізуші: Сәлем, достар, аман ба?
Мына бейбіт заманда
Қуантамын бәріңді,
Білімдіден қалам ба?!
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Республикамыздың мемлекеттік тілі –
қазақ тілі құрметіне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы негізінде
өткелі отырған мектебіміздің 4 сыныптар арасында өткізгелі отырған
«Кітапхана көшбасшысы» атты интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
(Би)
Жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен. – дей
келе, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырайық.
4 «А» сынып оқушысы Медет Дильназ
4 «Ә» сынып оқушысы Ерсин Айбек
4 «Б» сынып оқушысы Табынбай Бексұлтан
4 « » сынып оқушысы Көрермендер арасынан

(Сайысқа қатысушылар ортаға шығады)
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт
сапар тілей отырып «Шыңдарға биік қонғайсың» демекпіз.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Қазылар алқасымен таныстыру)
1.
2.
3.
4.

Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Сұрақтар керуені».
ІІ бөлім. «Суретті сегіздік».
ІІІ бөлім. «Әдебиет әлемінде...»
ІV бөлім. «Логика әлемі»
V бөлім. «Сырлы сандық»
Сайысымыздың 1 бөлімі бойынша ережемен таныстырып өтейін. Әр оқушыға 7
сұрақтан беріледі. Сұрақтар түрлі пәндерден келеді. Әр дұрыс жауапқа 10
ұпайдан беріледі. Ойланбай жылдам жауап беру керек.

Жүргізуші: Біліміңнің ұшқырлығын танып сен,
Асып таспа, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен, – дей келе
1 бөліміміз «Сұрақтар керуені» бастайық.
1 – оқушының сұрақтары.
1. Алғаш әліппе кітабын жазған кім? (А.Байтұрсынов)
2. Адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсететін
көркем әдебиет жанрының бір түрі. (Лирика)
3. Мағжан Жұмабаевтың 1913 жылы шыққан өлеңдер жинағы қалай аталады?
«Шолпан»
4. Жолбарыспен айқасқан қазақ батыры. Қамбар батыр
5. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Ю. Гагарин)
6. Адамның денесі неше бөліктен тұрады? Оларды ата. 4 бөлік
Бас, мойын, кеуде, қол және аяқ
7. Атақты күрес шебері Қажымұқан Мұңайтпасов

2 – оқушының сұрақтары.
1. “Дала жұлдызы” атанған кім? Ыбырай Алтынсарин
2. Адамда қанша жұп қабырға болады? 12 жұп қабырға
3. Атақты суретші кім? Әбілхан Қастеев
4. Қанның денені аралап қозғалуын не деп атайды? Қан айналымы
5. Көкжиек тұстарын нақтайтын құрал. Тұсбағдар
6. Ертеде адамдар құттықтау дәстүрі бойынша мереке қарсаңында бір – бірін
қалай құттықтаған? Ашық хат арқылы
7. «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағының авторы кім? Ш.Құдайбердіұлы

3 – оқушының сұрақтары.
1. Екі ақынның арасындағы сөз жарыс. Айтыс
2. Адам денесінде қаншаға жуық сүйек бар. 200-ге жуық
3. Күй атасы кім? Құрманғазы
4. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер. Тау жыныстары
5. Лейкоциттер дегеніміз не? Қандағы ақ түйіршіктер
6. “Үшқара”, “Қарқаралы”, “Қаракесек” әндерінің авторы. Мәди Бәпиұлы
7. Париж қалқын өз өнерімен тамсандырған кім? Әміре Қашаубаев
4 – топтың сұрақтары
1. Омбыдағы кадет корпусын өте жақсыға бітірген қазақтың саяхатшы ғалымы.
Ш.Уәлиханов
2. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі. Карта
3. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма. Күй
4. Бірінші маусым қандай мереке? Балаларды қорғау күні
5. Эритроциттер деген не? Қандағы қызыл түйіршіктер
6. Атақты «Адай» күйінің авторы. Құрманғазы
7. Адамдық – борышың өлеңінің авторы? Ш.Құдайбердіұлы

Жүргізуші: Дейді ойшылдар «Кітап-білім бұлағы»
«Кітапхана – сол кітаптар тұрағы»
Көп үйреніп, көп оқыған баланың
Анықтағы білімпаз боп шығары.
Құрметті оқушылар сайысымыздың 1 – ші бөлімінен қиналмай өттіңіздер
деп ойлаймын. Сайысымыздың 2 бөлімі – «Суретті сегіздік» деп аталады.
Сайысымыздың 2 – ші бөлімінде сендердің есте сақтау қабілеттерің, көп
оқығандарың байқалады. Сонымен 2 бөліміміздің ережесі. Сіздердің
алдарыңызда 8 ұяшық беріліп тұр. Әр оқушы 1 ұяшықтан таңдап жазырынған
суреттің не екенін табу. Таңдаған ұяшықтарыңызды ашқанда 4 ұяшыққа бөлінген
ұяшықтарды көресіздер. Ұяшықтарда суреттер жасырылған. Көмек ретінде
ұяшықтың біреуін ашуға мүмкіндіктеріңіз бар. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан
беріліп отырады. Онда іске сәт дейміз.

Жүргізуші: Ақыл-тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен қанша алсаң азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.
Иә, кезекті қазылар алқасына берейік.
(Осы бөлімнен соң ұпайы аз оқушы ойыннан шығады)

Жүргізуші: Парсы ғалымы Уазыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген
адам екен. Оның мыңдаған кітап қоры бар үлкен кітапханасы болыпты. Ол
мемлекет қайраткері әрі әскери адам болған. Өмірінің тең жартысын ат
үстінде, жорық жолында өткізген. Бір қызығы ол жорыққа аттанғанда өзімен
бірге осы кітапханасын да алып шығады екен. Кітапты артуға 400-дей түйе
бөлінетін.Кітап артқан түйелер керуені бейне бір каталог сияқты болған.
Түйелер барлық, жорық жолында әліпби бойынша тізіліп жүрген. Ал
кітапханашылар Уазыр Сахибқа кез келген уақытта керекті кітабын тауып
апарады екен. Сөйтіп, түйе үстіндегі кітапхана басқа да жауынгерлердің
рухани азығы болған. Осындай қызық оқиғаларды айта отыра, сайысымыздың
келесі 3 бөліміне назар аударайық. Бұл «Әдебиет әлемінде...» деп аталады.
Яғни, оқушылар сіздердің әдебиеттік оқу сабағынан білімді де білікті
екендерің осы жерде байқалмақ. Өздерің көріп отырғандай 16 ұяшық беріліп
отыр, сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер ұяшық сыртындағы ұпай санын оқушы
еншісіне қосылады. Әр оқушыға үш ұяшықтан таңдау құқығы бар. Бірінші болып
ұпай саны аз оқушы таңдайды.

10 – ұяшық. (1) Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да.
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға
Жауабы: А.Байтұрсыновтың “Оқуға шақыру” өлеңі

10 – ұяшық.(2) Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тулап шығып,
Қылдың – ау, ойбай қырсық жұртқа күлкі .
Қай
шығармадан алынған үзінді?
Жауабы: “Қырық өтірік” Тазша бала

10 – ұяшық.(3) - Терезені Боранбай сындырды. Өз көзіммен көрдім, - деп
айқайға басты кезекші Рақила. Қай шығармадан үзінді?

Жауабы: Машқар Гумеровтың “Күмән” шығармасынан

10 – ұяшық.(4) Еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек
батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі

Жауабы: Батырлар жыры

20 – ұяшық.(1) “Шоқан біздің қасымызда, жасы кіші болса да, үлкен кісідей
еді... Мен Шоқанмен әуелгі кезде жақсы бола алмадым. Шоқан орысша, мен
қазақша сөйлей алмайтын едік.” Қай шығармадан алынған? Кімнің сөзі?

Жауабы: М.Дулатовтың “Қырдан келген жас қазақ” шығармасындағы
Потаниннің сөзі

20 – ұяшық.(2) - Е, байеке! Енді бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық
рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айырылысайық. Қай шығармадан үзінді?
Кімнің сөзі?

Жауабы: “Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай” Алдардың сөзі

20 – ұяшық.(3) Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі.

Кімнің сөзі?
Жауабы: Төле би

20 – ұяшық.(4) - Енді әрі қарап тұр да, иманыңды айта бер. Мен құранды
келістіріп оқимын да, келістіріп тұрып сені жеймін, - деді қасқыр. Қай
ертегіден алынған үзінді?

Жауабы: «Бес ешкі»

30 – ұяшық.(1) Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік,
қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы не деп
атайды?

Жауабы: Мысал

30 – ұяшық.(2) Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Қай мысалдан үзінді?
Жауабы: А.Байтұрсыновтың “Аққу,Шортан һәм Шаян”

30 – ұяшық.(3) - Кеудең толған бауыр болсын,
Арқаң қара нардай жауыр болсын.
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың жетпіске жетсін.

Кімнің батасы?
Жауабы: Малайсарының Сырымға берген батасы

30 – ұяшық.(4) Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен – өзі
сөйлескен сөзін не деп атайды?

Жауабы: Монолог

40 – ұяшық.(1) “Күн кешкіріп, қара көлеңке түсіп қалған уақыт еді. Әсет
мектептен бұрынырақ шығып, ілгері озып кетті де, Нұрланды бір үйдің
тасасында күтіп тұрды. Қолына жерде жатқан кірпіштің бір сынығын ұстап
алды.Басына қандай ой келгенін кім білсін, әйтеуір Әсет үлкен үйдің қараңғы
бұрышына жабысып тұрып, Нұрланды күтті”

Бұл қай шығармадан үзінді?
Жауабы: Нығмет Ғабдуллиннің “Дос сөзі” әңгімесі

40 – ұяшық.(2) “ - Бұл жазылған ақыл сөз екен. Бұл сөзден мынадай ғибрат
алуға болады. Сондай адал қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып, тоқталып
қалма. Сөйтсең, ақырында сен де үлкейіп, мұратыңа жетесің дегені деп
білемін.” деген екен.
Қай шығармадан алынған?
Кімнің сөзі?

Жауабы: Ы.Алтынсарин “Таза бұлақ” әңгімесіндегі бірінші
жолаушының сөзі

40 – ұяшық.(3) “Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бойжетеді. Әкесі қызына
жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп
есікті ашып жібергенде..........”

Қыз бөлмеден не көреді?

Жауабы: Ұршық пен өрмек және кітап көреді. “Жақсылардың жақсысы”
ертегісі

40 – ұяшық.(4) Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім,
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.

Кімнің өлеңі?
Жауабы: С.Сейфуллин

Жүргізуші: Ойын – толқын, жатқандай асып-тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей
келе, сайысымыздың 4 бөлімі «Логика әлемі» деп аталады. Назарларыңызға 4
ұяшық беріліп тұр, 4 ұяшықта логикалық тапсырмалар бар. Әр ұяшықта 2
сұрақтан бар. Әр жаупқа 30 ұпайдан беріледі. Сайыс шарты түсінікті болса,
сайысымызды бастайық.
1 – ұяшық. 1.Құлақ басқа не үшін керек? Көзілдірік ұстап тұру үшін
2.Суды елекпен қалай тасуға болады? Мұз қылып қатырып
2 – ұяшық. 1.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім
тоқтата алады? Жол полициясы
2.Машинаның қай дөңгелегі айналмайды? Запастағы дөңгелегі
3 – ұяшық. 1.Әліппенің ең соңғы әріпі. «Е»
2.Теңіздің суы неліктен тұзды? Балықтар иістеніп кетпес үшін.
4 – ұяшық. 1.Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не?
Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен
2.Қазақстан мен Өзбекстан арасында не бар? Мен

Жүргізуші: Кітаптың ұлы адамдар өміріне тигізген пайдасы туралы айта
кетейін. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп
атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес. Мысалы: әлемге әйгілі
ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай жұмыс
істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып,
дүниеге әйгілі ғалым болады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін
өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі
бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады.
Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады. Ал М.
Горький болса "Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін алдымен кітапқа
борыштармын" деген екен. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей,
әбден есейген кезде оқыған. Ол көп ізденіп, көп оқу арқылы дүние жүзіне
белгілі ғалым болды.
(4 бөлім бойынша қазылар алқасы 4 топтың ұпай сандарын айтады)

Жүргізуші: Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайысымыздың шешуші бөліміне де келіп жеттік. 6 бөлім «Сырлы
сандық» деп аталады. Осы бөлімге барлық күш жігерлеріңіз бен
қайраттарыңызды жұмсауларыңыз қажет. Алдарыңызда 4 сандық беріліп тұр.
Сандықтың ішінде жасырылған затты мен сіздерге тұспалдап сұрақ қою арқылы
жасырамын. Сіздер сандықтың ішіндегі заттың нақты атын айтып шешулеріңіз
керек. Сандықтың ішінде бұйым, ескі жәдігер, ескерткіш, адамның дене мүшесі
немесе пайдаланатын зат болуы мүмкін. Дұрыс деп табылған жауапқа 40 ұпай
беріледі.Сұрақты оқығанда «зат» деп жасырамын.

1 - сандық. Сандықтың ішіндегі зат барлық оқушыда бар. Ол оқушы түгі
мұғалімде де бар. Сенің өмірлік серігің. Сен үлкен маман иесі болсаң да
сенің серігіңе айналары сөзсіз.Сен бұл затқа рахметіңді айтып та үлгердің.

Жауабы: Кітап

2 - сандық. Сандықтың ішіндегі зат қазақ өнерінің үздік туындысы. Бұл өте
көздің жауын алатын қазақ қыздарының бұйымы. Мұны көбіне қыз ұзату тойында
пайдаланады.

Жауабы: Сәукеле

3 - сандық. Сандықтың ішіндегі жануар өте ашушаң. Бұл жануар денесіне ылғал
сақтап, қырық күнге дейін су ішпей жүре береді екен. Оның салмағы 700 – 800
кг.құрайды екен. Мұны ертеде «Шөл даланың кемесі» деп атаған.

Жауабы: Түйе

Жүргізуші: Бүгін біздер оқушыларымыздың білімдерін сынап, білім
дәрежелерін байқадық. Балалардың барлығы да білімдерін көрсете білді.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деп
Абай атамыз жырлағандай балаларымыз ақылдығымен , жүректілігімен ,
қайраттылығымен алға озып шықты. Кезекті қазылар алқасына берейік. Кімнің
алға озып шығып, «Кітапхана көшбасшы» атағын жеңіп алған екен.

(Қазылар ұпайларын айтып, белгіленген орындарын табыс етеді, сонымен қоса
бағалы сыйлықтарды табыс етеді )

Жүргізуші: Марапаттауларыңыз құтты болсын, әрқашан білімнің жоғары
деңгейінен көріне берулеріңізге тілектеспіз. Келесі білім әлемінде
кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасыр көшбасшысы туралы ақпарат
Сайысқа оқушылардың дайындығы
“тіл – халық қазынасы” атты xxi ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны
Сенің атаң әкеңе кім
Сынып көшбасшысы
ΧΧΙ-ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойын сайысы
Компьютер ауруы
Интеллектуалды ойын
Ұйымбастыру кезеңі
Алғырлар тобына
Пәндер