Қазақстанның рәміздері

« Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ
«19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тақырыбы:
Қазақстанның рәміздері
5 сынып, қазақ тілі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ныгметова Бигуль Турсыновна
Семей қаласы
2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның рәміздері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
Білімділік : зат есім, жалғаулар туралы алған білімдерін еске түсіру, тәуелдік, көптік жалғаулары туралы білімдерін бекіту, сөздерді түрлендіру жолдарын үйренуді жалғастыру, Қазақстанның рәміздері туралы түсініктерін толықтыру, оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру; ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне қысқаша шолу жасау; түсінгенін еркін, жүйелі түрде әңгімелей білуге дағдыландыру, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.
Дамытушылық : тақырып бойынша оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетін дамыту, оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметтеп, мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту; жол ашу, дағдыларын жетілдіру, жұмыс дағдыларын дамытуды жалғастыру; оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын, тапқырлықтарын, ой-өрістерін дамыту, өз ойларын шапшаң әрі анық айтуларын қалыптастыру, логикалық тұрғыда талдай білу, өз білімдерін практикада пайдалану.
Тәрбиелік : оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу, бір-біріне өзара көмек, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру, сыныпта, топта жұмыс жүргізуде өзгелердің пікірімен санаса білу; ортақ іске араласу сезімдерін, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу; оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке, сүйіспеншілікке және пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру:
Негізгі құзіреттіліктер: табиғаттанушылық, денсаулық сақтау, жан-жақты мәдениеттілік.
Құрал-жабдықтар: қосымша материалдар, дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, суреттер, слайд.
Сабақ түрі:
□ үйрену және жаңа білімдерін алғашқы бекіту сабағы;
□ білімдерін кешенді пайдалану сабағы;
□ аралас.
Оқыту әдістері:
- Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (Түсіндірушілік-көрнекілік: көрнекілік - суреттер, иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету) .
- Ізденушілік әрекет әдістері (оқушылар берілген танымдық тапсырмаларды өз беттерімен орындаса және мұғалімнің көмегін пайдалана отырып, оған қажетті әдістерді таңдай алса)
Пайдаланған жаңа технологиялар: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау
Қолданылған жұмыс формалары: жекелеме жұмыс, топтық жұмыс, жұппен жұмыс, сыныппен жұмыс
Жаңа ұғымдар, терминдер: ҚР рәміздері, қыран, шұғылалы күн, ұлттық ою-өрнек, тік жолақ, бейбітшілік, тыныштық, мемлекеттік рәміз, тәуелсіздік тәуелсіз, шаңырақ, көгiлдiр түстi, бұлтсыз ашық аспанның, бірлік, ынтымақ, суретші, сәулетші
Сабақ құрылымы
Сабақтың барысы
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сөздік жұмысы
Бүгінгі сабағымызға барлығың да жақсы қатысып, жақсы көңіл-күйде болады деген тілекпен сабағымызды бастайық.
Мұғаліммен амандасуы
Кезекшінің мәліметі
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін,
Баршаңызға қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Жаңа материалмен жұмыс
ОЖСБ-ға дайындық: көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қайталау.
Мәтінмен жұмыс:
Слайдтан көрсетіледі:
Өздік жұмысы:
Грамматикалық тапсырмалар орындау:
11 . Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
ЕЛ, БАЛ, ҚАРА, БАЙ, НҰР, ҰРАН, НӘР, Ән, ТАҢБА, БЕТ,
АЙ, ҰРА, АРНА,
1 . Мына сөзжұмбақты шешейік
1. Біздің қаланы екіге бөліп жатқан қай өзен?
2. Қазақстан қандай мемлекет?
3. Сен қай қалада тұрасың?
4. Астана қаласын екіге бөліп жатқан қай өзен?
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл
Сөзжұмбақтың арасындағы негізгі сөзді оқиықшы. РӘМІЗ.
Рәміз дегеніміз-үлкенді-кішілі мемлекет тердің бірінен -бірін ажырататын және бет-бейнесін айқындайтын нышан белгілері болады. Оларды рәміздер деп атаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
2. Рәміздердің шығу тарихы мен авторлардың өмірімен танысайық
3. . «Үш дос» атты қойылым- көрініс
Мұғалім сөзі: Балалар, ненің мықты екенін анықтау үшін маған сендердің көмектерің керек. Ол үшін бүгін сабақта жақсы жұмыс істеп, біраз тапсырмалар орындап барып шешеміз.
Сөздік жұмысы : ҚР рәміздері, қыран, шұғылалы күн, ұлттық өрнек, тік жолақ, бейбітшілік, тыныштық, тәуелсіз, шаңырақ, көгiлдiр түстi, бұлтсыз ашық аспанның, бірлік, ынтымақ, суретші, сәулетші
Берілген жаңа сөздермен таныстыру.
4. Мәтінмен жұмыс:
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді. Олар: Елтаңба, Әнұран, Ту. Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елтаңбасының негiзi - шаңырақ. Ол -
елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Мемлекеттік ту - көгiлдiр түстi мата. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.
Сергіту сәті:
5. мәтінді оқушыларға оқыту (1-қатар- Мемлекеттік Ту туралы, 2-қатар -Мемлекеттік Елтаңба туралы, 3-қатар - Мемлекеттік Әнұран туралы оқу)
6
. мәтін мазмұны бойынша сұрақтар -. Рәміздерге нелер жатады?
- ҚР туында не бейнеленген?
-. Тудың авторларын ата
-. Әнұранның авторлары кімдер?
-Әнұран туралы не білеміз?
7 . Шығармашылық тапсырма
Керекті сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді толықтыру
1) Қазақстан Республикасының Туында бейнеленген. 2) Оның астында қалықтап ұшқан көрінеді. 3) Күн, шұғыла және қыран бейнесі түсті. 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бар.
8. Шашыраңқы берілген сөздерден сөйлем құрау 1) Негiзi, елтаңбаның, шаңырақ. 2) Бейнесi, шаңырақ отбасының . 3) Көгiлдiр, мемлекеттік, түстi мата, Ту. 4) Көгілдір, елестетедi, бұлтсыз, түс, аспанды, ашық. 5) Өзгертілді, мемлекеттік, 2006 жылы, мәтіні, Әнұранның.
9. Көптік жалғаулар Материал из ЦОРа Семантикалық карта толтыру
- лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
рәміз +
құс +
ту +
әнұран +
ою +
кереге +
уық +
шұғыла +
11. Отан туралы мақал-мәтелдерді тауып оқы, көрсет.
12. «Әрі оқу, әрі ойын»Аудар: 1. Действие-әрекет, Государство- . . 2. Облако-бұлт, Национальность-3. Мальчик-бала, Город- . . .
Сөзжұмбақ сұрақтарымен, жауаптарымен тақтада ЕРТІС ТӘУЕЛСІЗ СЕМЕЙ ЕСІЛ ҚАЗАҚ
Слайдтан көрсетіледі:
Слайдтан көрсетіледі:
Бейнеролик көрсетіледі
Алдынала берілген тапсырма
Сөйтіп үшеуі мұғалімге барады. Үшеуінің таласын мұқият тыңдау. Шешімін оқушылардың көмегімен шешу.
Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Құраған сөйлемдерінің бірнешеуін дәптерлеріне жаздыру.
Тізбектеп оқу.
Әнұранның сөзі: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі,
әні Шәмші Қалдаяқовтікі.
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары: Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібе
Дөңгеленіп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz