Қазақстан қалалары: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:Қалалар

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Өзінің қайда тұратының айта алуға үйрету, білімдерін толықтыру, туған жер туралы әңгімелей білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Сүйікті қалаларын мақтан тұту, Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, туған жерін мақтан тұтуға баулу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ойын элементтері, түсіндіру,

Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, ребус

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Ауызекі сөйлесу

ІІ. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, Жер-анам!

Қайырлы күн, Кең-далам!

Қайырлы күн, Қонақтар!

Сәлеметсіз бе, Мұғалім!

4 қаланы тауып оқу

А
С
О
Р
С
М
Ш
К
А
Т
А: Т
С: А
О: А
Р: Л
С: Е
М: Е
Ш: Ы
К: Е
А: Қ
Т: А
А: Н
С: А
О: Б
Р: М
С: Е
М: Й
Ш: М
К: Н
А: Т
Т: У

- Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ не жайында болады?

Миға шабуыл

  • Біз қай Республикада тұрамыз ?
  • Ол қандай мемлекет ?
  • Қазақстан жері қандай ?
  • Қазақстанның астанасы қай қала?
  • Біз қай облыста тұрамыз ?
  • Туған жеріміз туралы қандай мақалдар білесіңдер?
  • Сен қайда тұрасың?

Тәрбиелік кезең

  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер ?
  • Мынау қай қала ?(картамен жұмыс)

1 тапсырма Мәтінді түсініп оқы. (аударту)

Сөздік

  • Ірі - крупный
  • Бай - богатый
  • Мыс -медь
  • Мырыш -цинк
  • Өндіріледі -добывают
  • Көмір - уголь

-Жақсы. Ендеше дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, сынып жұмысын жазайық.

  • 1. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз
  • Өзен . . . , көл . . . , тау . . . , теңіз . . . , қала . . . , ауыл . . . , көше . . .

(-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер)

Сергіту сәті

2. Сөйлемді дұрыс құрастыр, оқы

Менің, Қазақстан, Отаным.

Азаматымын, Қазақстан, мен.

Тұрамыз, Павлодар, қаласында, біз

4 «Әріптерге басталатын қала атауларын айту» ойыны

А- Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе

К-Көкшетау

Қ-Қостанай, Қарағанды, Қызылорда

С-Семей

Т-Тараз, Талдықорған

П-Петропавл, Павлодар

Ө- Өскемен

Сабақты бекіту:

Тест

1. Қазақстан - тәуелсіз . . .

а) ауыл

ә) қала

б) мемлекет

в) герб

2. Қазақстан - менің туған . . .

а) жерім

ә) тауым

б) аспаным

в) ғарышым

3. Қазақстанның қалалары: . . . , . . .

а) Астана, Мәскеу

ә) Алматы, Ташкент

б) Ақтөбе, Шымкент

в) Алматы, Бішкек

4. Үш буынды сөзді көрсет.

а) көшелер

ә) ғимараттар

б) даңғыл

5. Туған жер сөзінің аудармасын тап.

а) отчизна

ә) родная земля

б) родина

Бағалау:

Үйге тапсырма: Отан, туған жер туралы мақал жаттау.

Қала атына сәйкес ребус жасау


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ортағасырлық Қазақстан қалалары
Сабақ жоспары: Қазақстан қалалары
Сабақ жоспары: Қазақстан қалалары (Менің Отаным модулі)
5-сынып тарих пәні - Қазақстан қалалары: ашық сабақ жоспары
Қазақстан қалалары: аралас сабақ жоспары мен Абайдың 165 жылдығына арналған оқу-әдістемелік құжат
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Менің Отаным - Қазақстан
5-сыныпқа арналған Қазақстан қалалары тақырыбындағы шығармашылық байқау: мақсаттары, кезеңдері және бағалау критерийлері
Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер және Қазақстан қалалары: саяхат сабақ жоспары
Қазақ тілі сабағы: Қазақстан қалалары және тәуелдік жалғаулары
Ортағасырлық Қазақстан қалалары және Отырардың тарихи-мәдени рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz