Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Оқушыларды ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, сайыстарға дайындау жүйесі
Каниева Гульжан Муратбековна
Риддер қаласы
«Лицей» оқу-тәрбие кешені КММ
жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Оқушыларды ғылыми жобаларға, олимпиадаларға,
сайыстарға дайындау жүйесі
Слайд №1
Қазақстан Республикасында ұлттық мәдениетті қайта жаңғырту мен
дамытудың стратегиялық мақсаттарының бірі рухани және материалдық
құндылықтарды жасауға дайын, қазіргі экономикалық жағдайда өзінің
мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алатын дамыған дарын иесін және
қабілеттері шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Слайд №2
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша өз жұмысымда
белгілі бір жүйе қалыптасқан. Сол жүйенің негізігі бағыттары:
• Оқушыларды олимпиадаға дайындау;
• Ғылыми жоба жазудағы жұмыс;
Ғылыми жобаны кез келген оқушы жаза алмайды, сондай-ақ, олимпиадаға да
барлық оқушылар қатыса алмайды, сондықтан пәнге деген бейімділігі бар
балаларды таңдап алу мақсатымен психологпен бірге оқушылардың өзін өзі
жетілдіру, біліктілігі мен дағдыларының диагностикасы өткізіледі.
Слайд №3
Атап айтқанда, келесі көрсеткіштер ескеріледі:
• Негізгі ойды айқындай білу;
• Жоспар жасай білу;
• Салыстыра білу;
• Өзін өзі бақылау;
• Бірін бірі бақылау;
• Қорытынды жасай білу;
Диагностика қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәніне
қызығушылығы жоғары бір топ бала іріктеледі.
Солардың ішінен олимпидаға қатысамын деген ниеті бар оқушылармен,
келісім бойынша жұмасына бір немесе екі рет қосымша (ақысыз) сабақ
жүргізіледі. Әрине күнделікті сабақ үстінде де бұл балалармен жеке жұмыс
жасалады.
Дайындық келесі жүйе бойынша жүргізіледі:
Слайд №4
Оқушылардың негізгі проблемасы – сөздерді есте сақтамаулары. Сол
себепті ең алдымен баланың сөздік қорын толықтыру бойынша жұмыс жасалады.
Сонан соң сөздерді байланыстыру тәсілдері үйретіледі. Ал сөздерді
байланыстыру үшін қазақ тілінің заңдылықтары мен грамматикасын жетік
деңгейде меңгеру төңірегінде жұмыс жүргізіледі. Грамматиканы меңгерген,
сөздерді сөйлем ішінде байланыстыра білген, оның аудармасын ұғатын оқушы
мазмұндаманы да жазады, мақалдардың мазмұнын түсініп, айтып бере алады,
ойдан мәтінді де еш қиналмай құрай алады деп есептеймін.
Слайд №5
Грамматика:
• Фонетика
• Сөз тіркестері
• Сөз таптарын меңгерту
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі;
• Сөздер жаттау;
• Сөйлем түрлері;
• Оқшау сөздер;
• Жай, құрмалас сөйлем;
Слайд №6
Мазмұндама жазу ережелері:
1. Оқушыларды жаңа немесе қиын сөздермен, сөз тіркестерімен
таныстырып, сөздік дәптерлеріне жаздырту;
2. Мәтінді оқып шыққан соң, ауызша әңгімелеп беру;
3. Мәтін бойынша сұрақтар құру;
4. Мазмұндама жоспарын құру;
5. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелету;
6. Мазмұндама жаздырту;
Бұл олимпиадаға дайындау кезінде жасалатын жұмыс түрлері. Менің
оқушыларымның жүлделі орындары да аз емес, аймақтық олимпиадаларға да
қатысып тұрады. Мектеп қабырғасында қалалық, облыстық олимпиадаларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болған, Архипов Денис, Супанева Анастасия
сияқты лицей түлектері қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында да,
студенттер арасында олимпиадалар мен сайыстарды жеңіп жүр. Болашақ мамандық
таңдауда, қазақ тілін жетік меңгергені оларға артық болмады.
Шығармашылықты дамытудың тағы бір көзі-бұл оқу-тәрбие
жұмысымда театралдық қызметті қолдана отырып, оқушыларды әр түрлі
сайыстарға дайындап, қатыстыру.
Баяндамамның келесі сұрағы: ғылыми жоба жазу мәселесі.
Слайд №7
Қазір сіздермен іскерлік ойын жүргізсем бе деймін.
«Ғылым әлеміне» іскерлік ойыны:
Тақырбы: ғылыми жоба жазу мәселесі
Мақсаты: мұғалімдердің ғылыми жоба бойынша жұмыс жасау дағдыларын
дамыту.
Слайд№8
• Мұғалімдер 3 топқа бөлінеді.
• әр топ үш сұраққа жауап береді.
• Сонан соң әр топтың 1, 2, 3 сұрарының барлығында қандай ұқсастық және
өз жауаптарынан айырмшылығы бар, соны араларынан спикер таңдап
қорғайды.
• Модель ретінде қорғайды.
Слайд №9
Сұрақтар:
1. Жобаның тақырыбын қандай критерийлер бойынша таңдайсыздар?
[pic]
2. Баяндама ұтымды көріну үшін қандай болуы керек?
Бір ғана нақты мәселені алу керек, тақырыбы кешенді болуы керек;
салыстрмалы түрде берілуі керек; практикалық жағынан қолдануға
жарамды болуы керек; зерттелмеген жағынан қарастыру керек;
3. Ғылыми жоба жазатын баланың қандай қасиеттері болу керек?
• Негізгі ойды айқындай білу;
• Жоспар жасай білу;
• Салыстыра білу;
• Өзін өзі бақылау;
• Қорытынды жасай білу;
Топтар жобаларын қорғайды.
Слайд №10, 11, 12
Енді осы сұрақтың қорытындысы ретінде оқушыларға ғылыми жоба жаздырту
жұмыс тәжірибеммен бөлісейін.
Слайд №13, 14
Балалармен ғылыми жұмыс жасауда, оқушымен жұмыс жүргізу картасы
жасалады.
Назарларыңызға Короткова Татьянамен жеке жұмыс жасау картасын ұсынамын:
(слайдта кесте)
Слайд №15
Сонымен қатар, өз жұмысымда памяткалар қоланамын. Мысалы үшін:
• Конспектті қалай жасау керек;
• Тезисті қалай жасау керек;
• Тақырыпты қалай таңдау керек; т.б.
Слайд №16
Тақырыпты таңдау кезінде жоба бойынша жұмыс оқушыға қызықты
болуын, мұғалімге пайдалылығын ескеремін. Соңғы бес-алты жыл көлемінде
ғылыми жоба жазу нәтижесі ретінде сіздерге оқушыларым жасаған бірнеше
әдістемелік құралды ұсынғым келеді.
Слайд №17-34
• Короткова Татьянамен екі жыл көлеміндегі жұмыс нәтижесінде қазақ
әдебиеті сабақтарына қосымша материал ретінде практикалық қолданымға
арналған сызбалар, кестелер құрастырылды. Бұл электрондық құралда 5-8
оқулықтарында берілген белгілі ақын жазушылардың өмірі мен
шығармашылығы, олардың шығармалары бойынша материалды қарастырады.
Кейбіреулерін слайдтан көруге болады. Ал қалғанын мына папкадан көре
аласыздар.
Слайд №35 (қосымша)
• Соңғы екі жылда Дик Екатеринамен «Зат есімнің жалғауларын оқыту және
бақылау бағдарламасы» атты электронды әдістемелік құрал жасадық.
(Құралды көрсету)
Слайд №36 (қосымша)
• Және биыл өлкетану секциясында «Риддер қаласының маңайындағы таулар,
өзендер мен қала көшелері атауларының өзгеруі» атты жобаның
қорытындысы ретінде 7-ші сынып оқушылары Кимасова Вероника және
Егизбаева Каринамен бірге аймақтық компонент бойынша құрал жасап,
ұсындық. (құралды көрсету)
Бұл баяндамалардың өзектілігі айқын, өйткені қазіргі уақытта осындай
әдістемелік құралдарының тапқыршылығына куәміз.
Мейлі, жоба орын алмаса алмасын, осы сияқты оқушыларға дер кезінде
шығармашылыққа бағыт беріп отырса, мұғалімнің әдістемелік қорын толықтыруға
ат салыстырады деп ойлаймын.
Слайд №37 ...
Осындай жүйелі жұмысымның нәтижесін кестеден және слайдтардан көре
аласыздар.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz