Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл жайлы ақпарат


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Егінқұдық ауылы
Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің психологы
Қабиева Тілекші Сабидоллақызы

Тақырыбы: Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл
Мақсаты:
Өркениетті елдің азаматының денсаулығы мықты, зиянды әдеттерден аулақ болу
керек екенін түсіндіре отырып, шылымның адам өміріне зиянын ұғындыру,
салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануға ықпал ету. Өз
өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
«Шылымның адам денесіне тигізетін зардабы» суреті, сөзжұмбақ кестесі, нақыл
сөздер.

1. Денсаулық-ол шыныққан, барлық дене мүшесі,
Денсаулық-ол тыныққан, жүйке-тамыр мүшесі.
2. «Денсаулық-әркімнің жеке байлығы болса, дені сау адам-қоғам байлығы»
Шара бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз
2. «Уланбасын өмірің»
3. «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» сайысы
4. Қорытындылау.
Шараның жүру барысы:
1. Кіріспе сөз.
Құрметті бүгінгі шарамыздың қонақтары!
Адамның жастығы дегеніміз тамаша, сәулетті көктем,ол өмірде бір ақ рет
беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты
шағы.Ата-бабаларымыз «Денсаулық-зор байлық» деген сөзін тегін айтпаған.
Денсаулық-әрбір адамның жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы.
Ал қоғам жеке адамнан құралады. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан
шара мақсаты өркениетті еліміздің сіздердей азаматын, зиянды әдеттерден,
яғни ішімдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болуға бағыттау,
спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді, әрбір
оқушының өз денсаулығын сақтап, қорғай білуіне ықпал ету.

Ертеде ауа тазавлығы бұзылмай, қоршаған орта ластанбай тұрғанда, адамдар аз
ауырған. Ен даланы еншілеп, қыста қыстауда, жазда жайлауға көшіп-қонып күн
кешкен ата-бабаларымыздың дені сау, ұрпақтары әлжуаз болмаған. Себебі,
ішкендері жылқының қымызы мен түйенің шұбаты, қазақтың ағы айраны мен сүті
болған, ежелден негіздеген қазақ жолы-сара жол, мал ағымен сусындаған адал
жол болған. Ал қазір ше? Қазір қоғамымызда жайлап бара жатқан зиянды
әдеттердің бәрі темекі шегуден басталады екен.
2. «Уланбасын өмірің»

Ал тек қана бір рет темекі тартқаннан бастап, адам данасінде мынадай басты
өзгеріс болады:
Медбике: З. Карина сөз алады.
Яғни, тек қана бір рет темекі тартқаннан бастап, адам данасінде:
1. Миға баратын қан азаяды, ми аз жұмыс жасайды
2. Жүрек соғу ритмі артады, жүрек ұстамасы болады
3. Тыныс алу жиілейді
4. Уақыт ұзай келе асқазанда қабыну және жара болады
5. Тамырлар жиырылады, қан қысымы жоғарлайды
6. Бүтін органдарға баратын қан азайып, әрбір органның жұмыс жасауы
нашарлайды.
7. Адам денесіне 1,5-2 мг никотин сіңеді
Ал никотин-жүйке жүйесіне, ас қорыту және жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер
ететін ерекше у.

2-оқушы: М. Жұмабаев «У ішемін өлемін»
3-оқушы:
Темекі тартып, никотин уына уалбаңыз, темекі тарту арқылы тек өзіңізді ғана
емес, бірге жүретін достарыңызды, отбасыңызды темекі түтінімен улап
зұлымдық жасайтыныңызды естен шығармаңыз
4-оқушы: Нұрхатов Ізбасар
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев барлық Қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-
2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін
негізгі үш бағытты атап көрсетті.
1. Темекі шегуді тоқтату
2. Нашақорлыққа қарсы күрес
3. Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес
Сондықтан мен сіздерді елбасы үмітін ақтап салауатты өмір сүруге және
спортпен шұғылдануға шақырамын.
5-оқушы: Айсана

Жас өмірің ерте солсын демесең,
Ей, адамзат!
Пешенеге жазылған ғұмырыңның,
Өмір керек саған да, маған да, оған да,
Тамырын ерте балта шапсын демесең,
Есіңе сақта, осыны, Есіңде ұста.
Темекіден аулақ жүргін бөлектен.

7-оқушы: Назерке
«Басты байлық-денсаулық»
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы
шақтан балалық,
Ол үшін
көп қозғалып,
Таза ауа жұт көбірек.
Спортты да қолға алып,
Тамақтанған төрт рет.
8-оқушы:
Табиғаттың сиқыр күшін,
Ойла да, сезінші, оны түсін.
Жалаң аяқ жерді басып, қарды кешшең,
Сүйсінесің, сезесің, оның күшін.
Достасасың,
Бұл өмірде не керек?
Дұрыс жүріп, дұрыс сөйлеу керек.
Денемізді шынықтыру керек,
Ерте тұрып, кеш жатып,
Есірткіге еліктемей,
Ерінбей еңбек ету керек,
Бәрінен де салауатты өмір сүру керек.
3. «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» сайысы
Сайысқа 6-сыныптан төрт оқушы, 7-сыныптан төрт оқушы қатысады.
Сайыс бағдарламасында:
1. Таныстыру
2. «Бірінші байлық-денсаулық»
Топ мүшелері денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдерді кезекпен айту.
3. Спорттық ойындар сайысы
4. «Біз салауатты өмір сүруді қолдаймыз» сурет салу.
Екі топтың салған суреттері
бағаланады.
5. «Кім жылдам?» ойыны (Сөзжұмбақ»)
Берілген сөздерді көрерменге түсіндіру, көрермен жауапты дұрыс тапса, ұпай
алады.
6. Қорытындылау

Ұқсас жұмыстар
Салауаттылық-өмір негізі жайлы ақпарат ( 9 сынып )
Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл! 11-сынып
Дені саудың - тәні сау
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Жағдаят сұрақтар
Репродуктивті денсаулықты сақтау
Денсаулық- зор байлық Денсаулық, тазалық, дәрумен, дұрыс тамақтану, салауатты өмір,спорт туралы
Мектеп медбикесі
Денсаулық тазалық сақтау
Денсаулық - зор байлық Студенттерді зиянды әдеттерден сақтандыру
Пәндер