Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Қызықты математика әлемінде

А. Жанпейісов атындағы №1 мектеп - лицейі

[pic]

Пән мұғалімі: Сапакова Улмекен

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Қызықты математика әлемінде

Барысы:
Құрметті қонақтар, бүгін математика пәні бойынша 9-сыныптар арасында
өткелі отырған «Қызықты математика әлемінде» атты зияткерлік сайысына қош
келдіңіздер!
Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін
білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.
«Білімді азамат ел-ертеңі», «Ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін –
білім» деген нақыл сөздер тектен текке айтылмаса керек. Ендеше, біз де осы
мақсатпен өз білімдеріне, күштеріне сеніп келген ойыншыларымызды ортаға
шақырып, бүгінгі «Қызықты математика әлемінде» зияткерлік сайысымызды
бастаймыз. Алдымен әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ қазылар алқасы:
1.
2.
3.
4.

Бүгін 9-сыныптың математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің
білім деңгейін көрсетпекші.
Қатысушы топтармен таныстырып өтейін:
9А сыныбынан – «Зияткер» тобы;
9Б сыныбынан – «Квадрат» тобы;
9В сыныбынан – «Элита» тобы.

Сайыс шарттары:
1. «Зерделілер»
2. «Зейінділер»
3. «Зеректер»
4. «Ертегілер әлемінде»
5. «Сыр сандық»
6. «Кім жылдам?»

I. «Зерделілер» сайысының шарты бойынша сайыскерлеріміздің ойын сергіту
үшін, 3 топтың әрқайсысына математикалық жұмбақтар жасырылады. Олай болса
жасырылатын жұмбақ математикалық таңбалар, сандар, белгілер жайында болмақ.
Мұқият тыңдайық. (Әр дұрыс жауапқа 5-ұпайдан)
1-топ:
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.  (17)

Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (теңгелер)

2-топ: 
Екі егіз он алты,
Және сегіз және алты.
Жанап жүрген бір алты,
Қосындысы неше алты?  (36)

Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапсада,
Бір мәреге келмейді. (паралель түзулер)

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)

3-топ:
Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?  (8)

«Біліміңді байқап көр»
Математикалық таңба ол.
Білімің болса ашасың,
Теріс сан болса астында,
Мағынасы жоқ деп қашасың. (квадрат түбір)

64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)

II. «Зейінділер» сайысында әр топқа 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар
қойылады. Ойынды алғашқы болып, ұпай саны аз топ бастайды. Егер жауап бере
алмаса, қарсы топтың жауабы қабылданады. (слайд бойынша)

III. «Зеректер» сайысында ойыншыларымыздың шапшаң есептеу қабілеттерін
тексеру мақсатында 3 топқа ортақ басқатырғыш есепті шешуге 3 минут уақыт
беріледі. Берілген есепті дұрыс шешкен топ 10 ұпайға ие болады. Есептің
дұрыс шешілгендігін әділқазылар алқасы тексереді (слайд бойынша)
7346289128643755827319915546826491 
8273199155468264917346289128643755 
2864375582731973462891915546826491 
6491734637558273289128641991554682 
9128643755827319915546826491734628 
5564375582731991468264917346289128
Ж: Бірінші жұптың қосындысы – 10, екіншісінікі де. Бұл басқатырғыштың
қарапайым екендігін ескере отырып, барлық жұптар қосындысы 10 болады деп
жорамалдауға болады. Бір жолда 17 жұп бар, 17*6=102 жұп, сонда 102*10=1020 

Есептер шығарылғанша жанкүйерлермен сайыс өткізіледі.
Жанкүйерлермен сайыс
1-топ: „С” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар
(синус, сүйір, сектор, сәуле, сегмент, синусоида, стереометрия, сан)
2-топ: „К” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар
(косинус, көбейту, куб, конус, кесінді, көлем, координата)
3-топ: „П” әріпімен басталатын жеті математикалық терминдерді атаңдар
(пифагор, плюс, параллелограмм, пирамида, парабола, параллелепипед,
планиметрия)

IV. «Ертегілер әлемінде». Ойын шарты бойынша әр топқа ертегі есептен
беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Уақыт 2 минут.

1. Қыз жұмбағы
Қазақ халқында жұмбақ айтысу, оны шешу дәстүрінің тамыры тереңде жатыр.
Ол жинақтала келе ұлтымыздың алтын қазынасына айналды. Сондай жұмбақ
әңгіменің бір мысалы мынадай. Бұрынғы өткен заманда елді бір қатігез хан
билепті. Ханның айдай сұлу, әсем жалғыз қызы бар екен. Күндердің күнінде
хан жаршыларын ел ортасына жіберіп: "Кімде-кім менің қызымның айтқан
жұмбағын шешсе, сол адамға күйеуге беремін. Шеше алмағандардың басы
кесіледі" деген бұйрығын таратқызады.
Хан қызына ғашық болған көптеген бозбалалар келіп, өлім құшады. Жұмбақ
шешілмейді... Бұл хабар елден елге, жерден жерге жетіп, ақыры бір тазша
баланың құлағына тиеді. Күнделікті тіршіліктен опа таппаған ол хан қызына
келеді.
– Есебімнің жөнін айтайын, – деді хан қызы.
– Міне, 4 кесе, он шақпақ қант. Осы ыдыстарға қанттарды бірдей етіп
бөліп салуың керек.
Тазша бала аз-кем ойланып, қыздың жұмбағын шешеді. Хан уәдесінде тұрып,
Тазшаны өзіне күйеу бала етеді.
Ал, біздің ойыншылар жұмбақты қалай шешер екен?
Ж: Тазша кеселерді бірінің ішіне бірін салып, қантты 5-5-тен бөліп
салады.

2. Жалған күміс теңге
«Сауда сақал сипағанша» – дейді жұрт. Осы бір сөздің төркініне зер
салса, көз алдыңа құжынаған адам қаптаған қара базар келеді. Сауда жүрген
жерде ақша жүреді. Ал ақша бар жерде нешебір қулық-сұмдықтың, алдап-
арбаудың етек алатыны анық. Алданған жұрт "ах" ұрып, алдаған қу олжасына
қуанып жатады. Бірақ, ұрлықтың түбі қорлық екенін айтпаса да түсінікті.
Бірде базардағы саудагерді қызу сауда кезінде бір қу қатырып кетеді.
Сатқан тауарына сегіз күміс теңге алған саудагер үйіне оралғанда теңгелерін
теңдей екіге бөліп, салмақтап көрсе, бір жағы жеңіл болып шығады. Өйткені,
арасында жасанды теңге бар еді. Бәрінің түсі, көлемі бірдей теңгелердің
ішінен саудагер безбеннің көмегімен екі-ақ рет өлшеп жалған күмісті табады.

Саудагер жалған күмісті қалай тапты?
Ж: Теңгені үш-үштен безбен табағына салу керек. Егер олар теңессе,
қалған екі теңгені салып тексереді. Теңеспесе жалған теңге жағының табағы
жоғары көтеріледі. Жеңіл жағындағы үш теңгенің екеуін өлшейді. Теңессе,
қалған теңге жалған. Ал бір жағы жеңіл болса, онда сол жеңіл болған теңге
жалған.

3. Неге бұлай?
Адам мәңгілік емес. Өмірдің берген еншісі – өтпелі тағдыр. Бұл жолда
небір қызық шақтар, қуанышты сәттер, ауыр күндер де бастан кешіріледі. Бұл
адамзат баласына тән. Адамның тағы бір еншісі – балалары, ұрпақ
жалғастырушылары. Әрбір жанның өз жинаған дүние мүлкі, малы, асыл
қазыналары болады. Қалыптасқан ғұрып бойынша оларды еншілеп бөледі.
Бір әкенің үш баласы болса, дүниесі үшке бөлініп, алдын-ала белгіленіп
қояды. "Енші беріп, бөлек шығарыпты" деген сөзді де жиі естиміз. Ал
шаңыраққа ие боп қалатын – көбіне кенже ұл.
Ертеде бір қария 150 қойын еншілікке бөліп береді. Қызықты қараңыз. Осы
қойлардың 150-ін бір баласы еншілесе, келесі ұл 100 қойға ие болады.
Неге бұлай? Артық 100 қой қайдан пайда болды?
Ж: Енші беру ата, бала, немере арасында өткен. Ата баласына 150 қой,
әкесі өз ұлына алған қойының 100-ін беріп, өзіне 50 қойды қалдырған. Яғни,
артық 100 қой болмаған.
V: «Сыр сандық». Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан
солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді
қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасыңдар. Бір әріп бірнеше рет
қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.
Ж: Бұрыш, қосу, бөлшек, алты, он, рационал, үш, жүз, пайыз, түзу, жұп,
жазық, бөлу (13 сөз)

|И |Ц |Ү |Ш |Б |Ө |
|О |А |Р |Ы |К |Л |
|Н |Б |Ұ |П |Е |Ш |
|А |Ы |Ж |А |Й |Н |
|Л |Т |Ү |З |Ы |Қ |
|Б |Ө |Л |У |С |О |

VI. «Кім жылдам?»
1-топ:
1. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу /параллель түзулер/
2. [pic] /екі түбірі бар/
3. 1 радиан[pic]? /[pic]/
4. Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласы   /[pic]/
5. Котангенстің таңбасы қай ширекте теріс /II, IV/
6. ОУ осінің аты?  /ордината/
7. Виет теоремасы  /[pic]/
8. [pic]? /[pic]/
9. «Тік бағыт» деген мағына беретін латын сөзі /перпендикуляр/
10. [pic]   /[pic]/
2-топ:
1. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу  /перпендикуляр/
2. [pic] /бір ғана түбірі бар/
3. [pic]?   /0,17 радиан/
4. Геометриялық прогрессияның n-мүшесінің формуласы   /[pic]/
5. Герон формуласы  /[pic]/
6. Косинустың таңбасы қай ширекте теріс /II, III/
7. ОХ осінің аты?  /абсцисса/
8. [pic]? /[pic]/
9. Берілген шаманың 1/100 бөлігі  /процент/
10. [pic]   /[pic]/
3-топ:
1. Әрі параллелограмм, әрі тіктөртбұрыш, әрі ромб болатын геометриялық
фигура?  /квадрат/
2. [pic] /түбірі жоқ/
3. [pic]-дің мәні? /3,14/
4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің қосындысының
формуласы   /[pic]/
5. Пифагор теоремасы  /[pic]/
6. Синустың таңбасы қай ширекте оң /I, II/
7. ОХ осінің аты?  /абсцисса/
8. [pic]? /[pic]/
9. Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі   /теріс сан/
10. [pic]   /[pic]/

Ал енді 3 топқа берілген тапсырмаларымыз аяқталды. Әділ қазылар алқасы
жеңімпаздарды анықтаймын дегенше, мен сіздерге қызықты мағлұматтар айтайын.

ЕҢ...ЕҢ...ЕҢ...

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
· Күніне 1 метрге өсетін шырмауықтар бар.
· Дүниедегі ең ұзын ағаш [pic]метр.
· Польша королі Августтың [pic] баласы болған.
· Қытай дуалының ұзындығы [pic] км-ге жетеді, кей жерлерінде қалыңдығы
10 м.
· Бір жылан [pic] жыл бойы ұйықтай алады.
· Құмырсқа су астында [pic] апта өмір сүре алады.
· [pic] санын бақытсыздық деп білулерінен АҚШ-тың көптеген қонақ
үйлерінің 13-ші қабаттарында бөлме жоқ.

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!!! Кезекті сарапшыларға берейік.

-----------------------

Қызылорда 2011

Ұқсас жұмыстар
«озық ойлы дарындылар» интеллектуалдық турнир
Торғай нешеу
Математика таңғажайыптар мен сиқырлылар әлемінде атты математикадан сыныптан тыс сағаты
Жанды математика
Математика, физика және информатика апталығы
Викториналық сұрақтар
Ғарыш әлеміні саяхат
Бірінші топ
Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар
Білімді бекіту сабағы
Пәндер