Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы

Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі
«05». 09. 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Тақырыбы: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесiн сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.
Мақсаты: Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру. Техника қауіпсізідігінен инструктаж қабылдау.
Міндеттер:
Білімділік - Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық - Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік - Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар оқулық, компьютер, жұмыс дәптері, интерактивтік тақта
Үйге тапсырма (2 мин)
Техника қауіпсіздігі және есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері.
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер: эвристикалық
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі (3 мин) :а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру; б) оқушыларды түгендеу.
- Үй тапсырмасын тексеру. (10мин)
7 сыныпта өткен тақырыптардан қысқаша шолу (WordPad, Paint, Блокнот, Калькулятор программалары бойынша білімдерін тұйықтау) .
- Жаңа тақырыпты түсіндіру(11 мин)
Техника қауіпсіздігі ережелері
Техника қауіпсіздігі ережелерін келесі топ бойынша бөлуге болады:
- Жалпы ережелер
- ДК -мен жұмыс жасау алдындағы ережелер
- Жұмыс жасау барысындағы ережелер
- Авариялық жағдайдағы ережелер
- Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер
Жалпы ережелерге келесілер жатады:
- Кабельдер, сымдар, розеткалар, штекерлерді түртуге, мұғалімнің рұқсатынсыз орнын ауыстыруға болмайды.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз аудитория ішінде жүруге болмайды.
- Ылғал қолмен немесе ылғал киіммен ДК-де жұмыс жасауға болмайды.
- Корпусы немесе кабельдерінің бүтіндігі бұзылған ДК-де жұмыс жасауға болмайды.
- ДК тұрған стөл үстіне сөмке, кітап қоюға тиым салынады. Стөл үстінде тек қаламсап пен дәптер ғана тұруы қажет.
- Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
- Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға және де жұмыс жасап отырған жолдастарыңа кедергі жасауға болмайды.
ДК -мен жұмыс жасау алдындағы ережелер:
- Тоқ көзінен қосылмай тұрған ДК-ді қарап шығу қажет: корпусының бүтіндігі, кабельдерінің изоляциялануы.
- Кабельдер бір-бірімен айқасып, жұмыс барысында кедергі жасамай ма, байқау керек.
- Жұмыс орнын қолдану есебі журналында сәйкесінше жазуларды енгізу.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
Жұмыс жасау барысындағы ережелер:
- ЕТ жұмыс жасау барысында экраннан оптимальды қашықтықты сақтау керек (60-70 см) . Минимальды қашықтық - 50 см.
- Сабақ барысында сыныпқа кірген мұғалім немесе басқа адамдарға оқушылардың тұруына қажет емес.
- Егер көзіңіз шаршаса, жұмыс орныңыздан тұрмай-ақ, көз шаршауын басатын жаттығуларды жасауға болады.
- Оқушылар электр тоғымен зақымдануда бірінші медициналық көмекті көрсетуді, өртсөндіргішпен жұмыс жасай білу және өртті сөндіру әдістерін меңгеруі қажет.
- Оқушылар көз шаршауын басатын жаттығуларды білулері қажет.
Авариялық жағдайдағы ережелер:
- Егер жұмыс барысында ДК-дің бұзылу; яғни, жағымсыз иіс немесе түрлі дыбыс байқасаңыз, онда тез ДК - ді өшіріп, ол туралы мұғалімге хабарлаңыз.
- Қажетті жағдайда өртті сөндіруге көмек беруге болады.
- Электр тоғынан зардап шеккен адамға бірінші медициналық көмек көрсету керек.
- Өртті сумен өшіруге болмайды. Тек құм немесе өртсөндіргішті қолдану қажет.
- Егер электр тоғынан зардап шеккен адам электр тоғы әсерінде болса, оны жалаң қолмен ұстауға болмайды. Электр өткізгіш болып табылмайтын материалдарды қолданып, зардап шеккен адамды босатуға болады.
Жұмыс аяқтау барысындағы ережелер:
- Мұғалімнің айтуынша компьютерді өшіру қажет.
- Жұмыс орнында тазалық жүргізу.
- Жұмыс орнын пайдалану есебі журналында сәйкесінше жазулар енгізу керек.
Тапсырма. Тапсырманы жұмыс дәптеріңде орында. (10 мин) .
Техника қауіпсіздігіне сәйкес, кестенің ұяшықтарын боя: егер дұрыс болса, жасыл түспен, дұрыс емес жағдайда - қызыл түспен боя.
4) Өткен тақырыпты бекіту (6 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
- Техника қауіпсіздігі ережелерін қанша топқа бөлуге болады және оларды ата?
- Жалпы ережелерді ата?
- Жұмыс жасау алдындағы ережелер?
- Жұмыс жасау барысындағы ережелер?
- Авариялық жағдайдағы ережелер?
- Жұмысты аяқтау барысындағы ережелер?
- Электр тоғымен зақымданған адамға көмек көрсету?
5) Сабақты қорытындылау(1 мин)
Оқушыларға техника қауіпсіздігі туралы нақты мағлұмат беру және инструктаж қабылдау.
Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі
«12». 09. 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Тақырыбы: Санау жүйелері. (екілік, сегіздік, Ондық және оналтылық) .
Мақсаты: Оқушылардың санау жүйелері туралы білімдерін қалыптастыру. Ондық, екілік, сегіздік және оналтылық санау жүйелерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік - Оқушылардың санау жүйелерімен таныстыру, санау жүйесімен жұмыс жасап үйрету
Дамытушылық - Оқушылардың санау жүйелерін қолдана білуін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушылардың деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу. Еңбекке деген сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру. (3-5 мин)
- «Ақпарат» түсінігін тұрмыстық, ғылыми, жаратылыстану және техникалық мағынада қалай түсінесіңдер?
- Ақпарат өлшеудің қандай тәсілдері бар?
- Адам ақпаратпен қандай әрекет түрлерін орындайды?
- Ақпараттық процесс деген не?
- Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?
- Жаңа тақырыпқа кіріспе(3-5 мин)
- Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Сандарды цифр деп аталатын арнайы символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын - санау жүйесі деп аталады.
Санау жүйелері екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесінде санның әрбір цифрының мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде ритмдік жүйені алуға болады.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау едәуір күрделі болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына тәуелді. Мысалы, 737, 3 санындағы бірінші тұрған 7 жүздікті, ал екіншісі - 7 бірлікті, ал үшіншісі - бірліктің 7 ондық үлесін білдіреді. Кез келген позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады.
Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады.
Ондық санау жүйесінде сан жазу үшін он цифр қолданылдаы: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені, ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Мысалы, 425 санының жазуы санның 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратынын білдіреді. Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни, негізгі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.
Екілік санның әрбір разрядын бит деп атайды. Екілік санау жүйесінің маңызды құндылығы - цифрларды физикалық кескіндеудің ыңғайлылығы жәнекомпьютер құрылғысының, атап айтқанда екілік сандармен арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған арифметикалық-логикалық құрылғысының қарапайымдылығы.
Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. мысалы, 357 сегіздік санында жеті бірлік, бес сегіз және квадратталған үш сегіз бар.
Екілік санау жүйесі компьютерден тыс қолдануға қолайсыз екенін білеміз. Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10, 11, 12, 13, 14, 15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Мысалы, 3E5A1.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Ондық санау жүйесі деген не?
5. Екілік санау жүйесі деген не?
6. Сегіздік санау жүйесі деген не?
7. Оналтылық санай жүйесі деген не?
6) Сабақты қорытындылау
Оқушыларға санау жүйелері және оның түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма § 2. 1 , бет. 13-18
Санау жүйелері.
Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі
«19». 09. 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Тақырыбы: Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару.
Мақсаты: Оқушыларды сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару туралы білімдерін қалыптастыру. Сандарды санау жүйелеріне аудару тәсілдерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік - Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасай білуге үйрету
Дамытушылық - Оқушылардың санау жүйелерімен жұмыс жасау білімдері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік - Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)
1. Санау жүйесі деп нені айтады?
2. Позициялық санау жүйесінің позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы неде?
3. Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтады?
4. Ондық санау жүйесі деген не?
5. Екілік санау жүйесі деген не?
6. Сегіздік санау жүйесі деген не?
7. Оналтылық санай жүйесі деген не?
- Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
- Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру қажеттілігі жиі кездеседі.
Ондық санды екілікке ауыстырғанда, бұл санды екіге бөлу керек. Мысал, 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне ауыстыру керек:
891 2 .
1 445 2 .
1 222 2
0 111 2
1 55 2
1 27 2
1 13 2
1 6 2
0 3 2
11
Соңғы бөліндіні және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазамыз. Жауабы: 891 10 =110011 2
Ауыстыру ережесі: Бүтін оң ондықсанды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін осы санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөліндіні қайтадан екіге бөліп және т. с. с. алынған бөлінді 2-ден кіші болғанша бөле беру керек. Нәтижесіне соңғы бөлінді мен соңғысынан бастап барлық қалдықтарды бір жолға жазу керек.
Ондық оң бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін қайтадан екіге көбейту керек. Енді бұл көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің келесі цифры ретінде алып, бөлшек бөлігін тағы 2-ге көбейту керек және т. с. с.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
- Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
- Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
- Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?
- Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
- Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
- Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
Тапсырма№1 . Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
А) 322 10 ; Ә) 150 10 ; Б) 283 10 ;
Г) 315 10 ; Д) 181 10 ; Ж) 176 10 ;
Тапсырма№2 . Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:
А) 0. 322 10 ; Ә) 150. 7006 10 ; Б) 283. 245 10 ;
Г) 315. 075 10 ; Д) 181. 369 10 ; Ж) 37. 25 10 ;
6) Сабақты қорытындылау
Оқушыларды санау жүйелерімен жұмыс жасауды үйрету.
7) Үйге тапсырма § 2. 2 , бет. 18-23
Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.
Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі
«22». 09. 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Екілік сандармен орындалатын арфметикалық амалдар. Қосу, азайту, көбейту, бөлу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға компьютерді пайдалану қазіргі заман талабы екені жайлы толық мәлімет бере отырып олардьщ ой-пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. '
Сабактың түрі:
Сабақтың әдісі : түсіндіру, компьютерде көрсету, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Екілік сандармен орындалатын арфметикалық амалдар. Қосу, азайту, көбейту, бөлу түсінігі жайлы түсіндіремін.
Екілік санау жүйесінде арифметикалық әрекеттер
жүйедегі ереже бойынша орындалады, тек қана айырмашылығы
- санау жүйесінің негіздеушісі екіге тең және тек екі
қолданылады.
ҚОСУ
Қосу операциясын қарастырайық. Екілік санды тасымалдау есебімен сәйкес разрядтарды қосуға әкеледі.
Екі екілік санды қосу кезінде мынадай төрт ереже қолданылады:
Мысалы, 101 + 11 (ондық жүйеде 5+3=8) екі екілік санды: қосуды орындаймыз.
Жетпейтін нөлдерді қосып, амалды бағанада орындаған жөн
+ 011
011
Қосу процесін кезеңмен қарастырайық:
1) Кіші разрядта қосу орындалады: 1+1=10. Кіші разряд қосынды 0 жазылады және бірлік келесі үлкен разряд тасымалданады.
- Келесі сол жақ разрядтың цифрлары және тасымалды бірлігі қосылады: 0+1+1=10. Бұл разрядта қосынды 0 жазылады және бірлік тағы да келесі үлкен разрядқатасымалданады.
- Сол жақ разрядтың үшінші цифрлары және тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10. Бұл разрядта қосынды 0 жазылады және бірлік тағы да келесі үлкен разрядқа тасымалданады, т. с. с.
4) Нәтижеде: 101 +011
1000 алынады. Сонымен, 1000 2 =8 10 .
Осы ережелерді пайдаланып, мына екілік сандарды қосыңыз және жауабымен тексеріңіз.
Қосу - екілік арифметикадағы маңызды операция.
Компьютердегі екілік сандармен жүзеге асатын басқа үш операция - азайту, көбейту, бөлу әдетте қосудың көмегімен орындалады.
АЗАЙТУ
Екілік санды азайту кезінде есте ұстау керек:
Мысалы, 1010-101 екілік санның айырмасын табу. Кіші разрядтан бастап азайтуды бағанада орындаймыз: 1010 - 101 Азайту процесін кезеңімен қарастырайық:
- Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтанбірлікті аламыз және 10-1=1-ді табамыз.
- Келесі разрядта 0- 0= 0 болады.
- Сол жақтағы разрядта таға да 0-1 болады. Үлкенразрядтан 1-ді аламыз және 10-1=1-ді табамыз.
- Келесі разрядта 0 қалады.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын
Үйге тапсырма
Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі
«29». 09. 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Пәні: Информатика
Сыныбы: 8 «А», «Ә».
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелерімен амалдар
орындау ;
Білімділік : Оқушыларды позициялық және позициялық емес санау жүйелерімен амалдар
орындауға үйрету;
Тәрбиелік : Пәнге ондағы әрбір тақырыпқа деген жауапкершілік, пәнді терең
меңгерту пәнге деген құштарлығын ояту және тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру:
а) оқушылармен сәлемдесу ;
ә) оқушыларды түгелдеу ;
Жаңа сабақты түсіндіру:
Санау жүйелерімен орындалатын практикалық тапсырмалар.
- Берілген бүтін сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне көшіріңіз:
12; 523; 76; 121:
- Бүтін сандарды ондық санау жүйесінен сегіздікке көшіріңіз:856; 111; 98; 126:
- Бүтін сандарды ондық санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне көшіріңіз:907; 659; 124; 333:
- Арифметикалық амалдарды орындап, оның дұрыс орындалғанын тексеріңіз:а) 1110+1001; ә) 1110-1001; б) 1110+9; в) 1010-3:
- Екілік жүйеде берілген теңдіктер дұрыс болатындай етіп, арифметикалық амалдарды қойыңыз:1100?10?10=1000; 1100?10?10=1; 1100?10?11=1101:
6. 7 цифры 1978; 7001; 172; 27 ондық сандарын қандай шаманы белгілейді?
Үйге тапсырма: Санау жүйелерін қайталау.
Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі
«06». 10. 2014 ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 8 «А»
Тақырыбы: Логика және логикалық операциялар.
Мақсаты: Оқушылардың логикалық пікірлердің негізгі түсініктері туралы білімдерін қалыптастыру. Сөйлем алгебрасымен және сөйлем түрлерімен таныстыру.
Міндеттер:
Білімділік - Оқушыларды логика негіздерімен таныстыру.
Дамытушылық - Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік - Оқушылардың пәнге деген ынтызарлығын, танымдық қасиеттерін тәрбиелеу
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)
- Бүтін ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
- Бөлшек ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне санды ауыстыру ережесі?
- Ондық сандарды екілік санау жүйесіне аудару ережелері?
- Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
- Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
- Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру ережелері?
- Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)
- Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.
Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.
Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұсқалары дараланады: формальды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т. б. Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне қайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz