Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жезкиік - ғұмыр (поэзия кеші)

Қарағанды обл.
Сәтбеав қаласы
«С.Сейфуллин атындағы гимназия»КММ
кітапхана меңгерушісі
Абишева С.И.

Қайта шықпас қара жерге ексең де,
Қазағымның Кәкімбегі - сексенде

Серік Аұқсұңқарұлы

Жезкиік - ғұмыр
(поэзия кеші)
Армысыздар, қадрменді ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер Көкшетаудың тумасы бола тұра Ұлытаудың ұланы атанған қазақтың
белгілі ақыны, Жезқазғанның құрметті азаматы Кәкімбек Салықовтың туғанына
80 жыл толуына орай С.Сейфуллин гимназия кітапханасында белсенділер
дайындаған «Жезкиік ғұмыр» атты поэзия кешін тамашалаңыздар!

Лаура :
Ауыл десем ашылады тұнығым,
Түпсіз терең қазақ үшін бұл ұғым.
Ән мен жырдың арқасында ауылдан,
Үзілген жоқ алшақ өткен ғұмырым
деп ақын өзі жырлағандай ақынның кіндік қаны тамған жері
Еңбек ауылы. Ол 1932 жылы 22 қаңтарда
Көкшетау облысында туған. 1951 жылы Сырымбет поселкесіндегі қазақ
орта мектебін бітірген.

Мадияр :
Кәкеңнің “Атамекеніміз-ән мен күйдің ауылы болатын.
“Қайда тудың?”дегенде ән құшағында тудым дер едім” деген сөздеріне мән
беріп қарасаң Арқаның кербез сұлу Көкшетауында туып,
Біржан сал, Ақан сері үкілі Ыбырай әуендерімен тербеліп өсіп,
Көкше өңіріндегі сал-серілер, әнші-бишілер өмірінен үлгі алып,
табиғаттың таңғажайып өңірінде жетілгендіктен есін біле бастағаннан
бастап ән мен күйге, ақындыққа бейімділігін, құштарлығын көреміз.

Әсел. Көкшетау туралы
Бұлт сүйіп тұр Көкшетаудың төбесін,
Бір қарап қал, қызық сурет көресің.
Еміп жатқан елестейді ақ бота,
Ақша бұлттар арасында енесін.
Тірі құбылыс бұлт шөккен тау мұнары,
Ғаламатқа қанады адам құмары.
Буырқанды «Ақ бура» тау сілкініп,
Қол жеткізбей аспандағы сыңары.
Көшкен бұлттар кете барды желбіреп,
Қала берді көгілдір тау мөлдіреп.
Кербез Көкше көк шымылдық жамылды,
Анасымен қоштасқандай елжіреп

Лаура : (Еңбек жолы туралы суреттер көрсетіледі )
Ақынның өмір жолына үңілсек. Табиғаты – ақын, мамандығы – тау-кен
инженері 1955 жылы Мәскеудің «Түсті металдар мен алтын» институтын бітіріп,
Жезқазғанда Қаныш ағасының жолын қуып комбинатта 20 жылдай жұмыс атқарды.
Жұмысты қатардағы шахта инженерінен бастап, шахта бастығы, кейіннен
Жезқазған комбинатында партком хатшысы, одан кейін Жезқазған қаласының
бірінші хатшысы, Жезқазған облысы ашылғанда, облыстық партия комитетінің
екінші хатшысы болды.

Мадияр:
Ақын өзінің еңбек жолы өткен жезді өлкесін былай деп жырға қосады:

Жанагүл Жезді туралы тақпақ
Жез қыртыс
Қабатталған қақ таңдайлар,
Жез сандық
Қазынасын ашқандай бар.
Жақсыға жан үйірдей
Күміс,мырыш
Қорғасын құшақтасып жатқандай бар.

Индира
“ Жезқазғаным –Қаныштың жан жүрегі”
Шығыс жақтан қызыл мыс таң кіреді,
Бірге келер Сарыарқа нәрлі лебі.
Кен иесі Қанекем, жер иесі,
Жезқазғаным – Қаныштың жан жүрегі.
Қанышы бар қызық қой өмір деген,
Қанаттанып, күш алып, көңілденем.
Атын айтсам, алыстан бой тастайды
Таңғажайып белестер көрінбеген.
Ғибрат алдық заңғайыр данадан біз,
Ұлытау,Баян жалғас деп санағанбыз.
Қаныш десең, Жезқазған елестейді,
Сол қаладан ержетіп, тарағанбыз.

Иназар
“ Жезқазғаным –Қаныштың жан жүрегі”
Кенші күнім,кең құлаш отты күнім,
Қаныш-қала ең ғажап тосты гүлін.
Жезиіктің жез қанат желісіне
Қоскөл жақта аққу,қаз қостым үнін
Қаныш-дала, қасиетті Қаныш-қала,
Сені ойладым жақында, алыстада.
Жезқазғандық жігітпін деп қуанам
Қуат брген бойда ар, намысқа да.
Біліп жатыр молдылығын дала кеннің,
Қаунышқа таусылмас ән әкелдім.
Ай, Әлемге аты әйгі Жезқазғаным-
Ең сүйікті перзенті Қанекемнің.

Лаура: (Жыр жинақтары көрсетіледі) (кітаптары)
1970 жылы ақынның “Сыр” атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық
көрді.
Ол -”Жезкиік”,”Нұрлы күндер”,” Жұлдызды жырлар тынысы”, “Мәңгі
шырақ”,”Парасат сыры”, “Күзгі сарын” жыр жинақтарының авторы.

Мадияр:
К.Салықов “Дала дастаны”, “Тәттімбет”, “ЧЕ Гевара”,”Гәкку”,”Ақын
Тайжан”,т.б поэмалардың, көптеген ән мәтіндерінің авторы. Ол -А.Пушкин,
М.Лермонтов ,В.Савельев, В.Маяковский, Я. Колас, М.Львов өлеңдерін қазақ
халқына танытқан шебер аудармашы.

«Ұларым» ән (Ұлардың суреті көрсетіледі)

Лаура:
Еліміздің 60-тан астам композиторлары Кәкеңнің 500-ден астам өлеңдеріне ән
шығарған. Әсіресе Ұлытаулық Жақсыгелді Сейіловпен бірге шығарған «Жезкиік»
әні 70-жылдары ақын атағын елге паш етті.

«Жезкиік» ән (Киіктердің суреті көрсетіледі)

Мадияр:
Қандай жағдай болса да, Ұлытаудың аты аталғанда Кәкең елең етпей қоймайды.
“Ұлытау дегеніміз ұлтымыз емес пе?” деп мәселені тікесінен қояды. Жезқазған
қаласын басқарған жылдары Ұлытауды қаланың бір бөлшегіндей көреді.

Айбота : « Жер ұраны -Ұлытау » тақпақ оқылу керек
Құлагердей тұрған өрде тынығып,
Қарапайым көрінеді ұлылық.
Кең даланың қақ төсінде тау жатыр
Атын айтсаң кетер жаның жылынып.
Өр тұлғасы маңғаз, кербез,сымбатты,
Ұлылары жер баба сырын тыңдатты.
Бар қазаққа орда болған ақжолтай
Жер табылмас Ұлытаудан қымбатты
Мирас, мұра қалған арғы атадан,
Жаралыпты тау бірлікшіл батадан.
Ұлытауды жөн болады ардақтап,
Қазағымның жер ұрны атаған.

Лаура:
Қ.Салықов - тау кен инженері,
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты.
СССР Жоғарғы Советінің депутаты

Бірнеше өлеңдері оқылуы керек
Айбота «Жез киікті көрсемші»
Назарыңды бір қиып,
Назды көңіл бөлсеңші.
Мойыл көздер тұңғиық
Мөлт еткенін көрсемші
Біздің жақты көктемде,
Жазда мекен қылсаңшы.
Ел шетіне жеткенде,
Еркеленіп тұрсаңшы.

Жандаулет «Ұлытау сыры»
Сұлулықты ұғам
Ұлытауды көргенде
Арғанаты жақтан
Ақ марал жөңкіп ұргенде.
Кездеспей кеткен,
Бірбейне көзге елестер,
Бұрылып қарап,
Жезкиік көңіл бөлгенде.
Ұлылықты ұғам
Ұлытауды көргенде.
Тұрады-ау маңғаз
Еңсесі биік өр кеуде
Ұлытау ұран болыпты
Бұрын бабама
Екі дай дауда
Даласын жауға бермеуге.

Мадияр:
Қ.Салықовтың еңбегі лайықты бағаланып,
Ленин орденімен , екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы
орденімен көптеген медальдармен марапатталды.
Ақын Жезқазған, Сәтбаев, Көкшетау, Астана қалаларының құрметті азаматы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Лаура:
Жеті қат жер астындағы бар байлықты елінің игілігіне арнаған, Жезқазғанның
шыңырау кеніштеріндегі ғұлама ғалым Қаныш бастаған істі жалғастырушы, әрі
белгілі ақын, бүгінгі сексеннің сеңгіріне толып отырған Кәкімбек Салықов
туралы көп айтуға болар еді. Бұл асыл азамат кенді өлкенің мақтанышы, оның
жырлары кеншілердің ғана емес, жыр сүйер қауымның жүрегінде жатталып
қалады. Бүгінде ақын Астана қаласында тұрады. Ол Астана қаласының құрметті
азаматы.

Мадияр:
«Түркістан –екі дүние есігі ғой,
Түркістан –ер түріктің бесігі ғой» - деп М.Жұмабаев айтқандай Кәкімбек
Салықов Түркістанға арнап көптген өлеңдер жазды.

Ақнұр «Түркістанға тағызым»
Қасиетті есік ашылды,
Тамсантты жаңа ғасырды.
Түркістаным – «Кіші Мекке» атанған.
Даналар зират тапақан жер,
Әзірет Сұлтан жатқан жер,
Жеті жаста әулиеден бата алған.
Әлемге әйгі есемің,
Киелі алтын бесігім
Құт байлансын сенің асыл даңқыңа
Ер түрік белін буғанда
Ер қазақ қайта туғанда
Рухани астанам боп жарқыра.

Лаура: Ендігі кезекті бейнекөрініске берсек ( өмірі жайлы слайд көрсту)
Мадияр:
Осымен «Жезкиік – ғұмыр» атты поэзия кешін аяқтаймыз. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жансыз өлең жанымды алды кілең
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім
Несіпбек Айтұлы Ана тілім
Қадыр поэзиясы өлеңдерін мәнерлеп оқу
Бірде жалын,бірде шуақ, бірде сезім..
Поэзия, менімен егіз бе едің? ... ( 9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Айбергенов жыр-көшімен сырласу
Жырлайды жүрек атты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кеші
Руханият ордасы- кітапхана
Кеш жарық, қымбатты жыр сүйер қауым
Пәндер