Нәтиже сабақ. Сабақтар

4-сынып.
Қазақ тілі.
1. Сабақтың тақырыбы : Нәтиже сабақ. Сабақтар.
2. Сабақтың мақсаты : 1) . Білімділік: Модуль бойынша өтілген тақырыптарды пысықтау, алған білімді жинақтау.
2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, ой-өрісін, тілін, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық құзіреттіліктерін дамыту.
3) Тәрбиелік : Бастауыш сыныпта оқытылатын пәндерге деген қызығушылықтарын ояту, зеректікке, тапқырлыққа жетелеу.
3. Сабақтың көрнекілігі: тапсырма конверттері, интербелсенді тақта.
Сабақ типі: модуль бойынша өткенді қайталау сабағы.
Сабақ түрі: дәстүрден тыс
Сабақ әдістері: модульдік оқыту, интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту, баяндау, көрнекілік, сөздік, сын тұрғысынан жазу мен ойлауды дамыту әдістері.
Сабақ объектісі: мектеп , бастауыш сынып пәндері, заттық, сандық ұғымдағы сөздер, қазақ тіліне тән дыбыстар, жуан және жіңішке буынды сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы:
- Дыбыстық жаттығу: Ә, қ, ғ, ң, ө, ұ, ү, і, һ.
- Сөзжұмбақ шешу: «Математика сабағында»
8-5=
1+1=
4+3=
10-1=
ІІІ. Мағынаны ажырату сатысы:
- «Зымыран сұрақтар» арқылы модуль бойынша алған білімді тексеру.
- Сен қандай мектепте оқисың?
- Мектеп қандай көшеде орналасқан?
- Сенің мектебің неше қабатты?
- Бірінші қабатта нелер бар?
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі сабағының мұғалімі кім?
- Математика сабағында не істейсіңдер?
- Сурет сабағына не керек?Суретті диктант жазу.
Қазақ тілі, орыс тілі, математика, ән сабағы, еңбек сабағы, дүниетану, дене
шынықтыру сабағы.
- Сергіту сәті: «Он саусақ»
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда-
Болып шықты он саусақ.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 910.
- Сәйкесін табыңдар: Бұл қандай сабақ?
- Самат аюдың суретін салды. Ән сабағы
- Айгүл домбырамен ән айтты. Математика сабағы
- Оқушылар сөздік жазды. Еңбек сабағы
- Азат есепті жақсы шығарады. Қазақ тілі сабағы
- Қыздар қуыршаққа көйлек тікті. Сурет сабағы
ІҮ. Ой -толғау сатысы.
- Шығармашылық жұмыс:
Берілген тақырыптар бойынша эссе жазу немесе диалог құру.
-«Қазақ тілі сабағында»
-«Математика сабағында»
-«Дене тәрбиесі сабағында»
-«Сурет сабағында»
-«Орыс тілі сабағында»
- Жеке оқушымен жұмыс:
Берілген сөздерді мағынасына қарай бағандап жаз.
- Оқу құралдарын атап, шарларды үрле:
Қалам, қуыршақ, сызғыш, дүкен, бағдаршам, кітап, дәптер .
- Ойын сәті:
Екі топқа бөлініп, тақырыпқа қатысты жуан және жіңішке буынды сөздерді атау.
Ү. Үйге тапсырма :
“Менің сүйікті сабағым” тақырыбында эссе жазу.
Қорыту. Оқушылардың білімін бағалау.
3-сынып Пәндер
Пән-предмет
сабақ-урок
қазақ тілі-казахский язык
орыс тілі-русский язык
ана тілі-родная речь
дүниетану-познание мира
бейнелеу өнері-изобразительное искусство
музыка-музыка (ән)
еңбекке баулу-трудовое обучение
дене тәрбиесі-физическая культура
ІҮ. Бекіту:
2-сынып. Әр оқушыға тапсырма беріледі.
І-деңгей.
1. Сәйкесін тап.
2. Артығын тап.
ІІ-деңгей.
- Берілген сөздерді аудар.
2. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.
Менің отбасымда үш адам бар. Әкем-ұшқыш. Шешем-дәрігер.
ІІІ-деңгей.
- Кестені пайдаланып сөйлем құр.
- Тест сұрақтарына жауап бер.
3-сынып. Оқушылар модуль бойынша өздік жұмыс жасайды.
- Сөзжұмбақты шешіңдер. Математика сабағында.
- 5+5=
- 2+3=
- 6-2=
- 10-1=
- Сәйкесін табыңдар. Бұл қандай сабақ?
- Берілген сөздерді әр бағанға бөліп жазыңдар.
Қорыту.
Восточный жалпы орта білім беретін мектебі
Дайындаған: Рахымжанова
Рыскүл Дуанбекқызы.
2012 жыл.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz