Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үй құстарының көктемгі тіршілігі

Сабақтың тақырыбы: Үй құстарының көктемгі тіршілігі

Сабақтың мақсаты:

➢ Білімділігі: оқушылардың үй құстарының көктемгі тіршілігі жайында
білім беру, оқу дағдысын жетілдіру, оларды саналы түсініп, дұрыс оқуға
машықтандыру, мәтінмен жұмыс істей білуге үйрету.

➢ Дамытушылығы: Ойын арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру,
сөздік қорын, тілін, ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

➢ Тәрбиелілігі: табиғатты қорғай білуге, үй құстарына қамқорлық жасауға
тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа білім беру
Әдісі: Саяхат сабақ
Көрнекілігі: үй құстарының суреттері, жұмбақтар, сөзжұмбақ, интерактивті
тақта.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа дайындап алу.

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау

Сұрақ-жауап

1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Көктемде жыл құстарының тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
3. Қандай құстар ұясын су маңына салады?
4. Қарлығаш ұясын қалай салады?
5. Ұя салмайтын қай құс?
6. «Құстар біздің досымыз» деп неге айтамыз?
7. Құстардың қандай қасиеттерін білеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Жұмбақтар

1. Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.

(Балапан)

2. Ерте тұрады,
Жар салады.

(Әтеш)

3. Күн бата қонақтап қалғыған,
Таң ата жерден жем аңдыған.

(Тауық)

Жұмбақтың шешуін тапқызып алып, үй құстары туралы әңгіме жүргізу.

2. Оқулықпен жұмыс

1. «Үй құстарының көктемгі тіршілігі» мәтінін оқу.
2. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
3. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
4. Оқулықтағы суретке әңгіме құрастыру.
5. Адамдар үй құстарын не үшін ұстайды?

[pic]

3. Тақтамен жұмыс (Суретпен жұмыс)

[pic] [pic]

4. Ойын «Құс ауласында»
Шарты: Құстардың даусын тауып, келтіру.

• Үйрек қалай дыбыстайды?
• Үйрек барқылдайды.
• Қаздар ше?
• Қаздар қаңқылдайды.
• Әтеш қалай дыбыстайды?
• Әтеш шақырады Ку-ка-ре-ку
• Тауық ше?
• Тауық қыт қыттайды. Қыт-қыт-қыт
• Балапан ше?
• Балапан шиқылдайды. Шиқ-шиқ-шиқ

ІV. Сергіту жаттығу

Көбелекке ұқсап-ақ,
Ұшайықшы бәріміз,
Оңға қарай бір ұшып,
Солға қарай бір ұшып,
Бір, екі, үш,
Көбелекше ұш.
Ү. Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Үй құстарына саяхат».

1. Үй құстарының қандай түрлері бар?
2. Күркетауық пен тауықтың қандай айырмашылығы бар?
3. Олардың жұмыртқаларының ерекшеліктері қандай?
4. Жұмыртқаның қандай пайдасы бар?
5. Айшаттың үйінде қандай құстар бар?
6. Айшаттың әжесі бізге қандай әңгіме айтып берді?

ҮІ. Дәптермен жұмыс

1. Дәптерлеріндегі үй құстарын бояу.

2. Ойын: «Аналарын тап!»

Шарты: Әр үй құстары балапандарының аналарын тапқызу.

VIІ. Сабақты қорытындылау

Сөзжұмбақ шеш

1. Тауықтың үйі қалай аталыды? ( Күтек )

2. Айдалада ақ отау, Аузы мұрны жоқ отау.

( Жұмыртқа )

3. Ерте тұрады, Таңмен шақырады ( Әтеш )

4. Тауықтың баласы ( Балапан )

5. Тауықтың жүні ( Мамық ).

VIІI. Үйге тапсырма.

1. Мәтінді оқып келу.

2. Үй құстарының көктемгі тіршілігін бақылау.

ІХ. Бағалау.

-----------------------
М

АМ

Қ

К

Б

Л

А

П

АН

Ә

Т

Ш

Ж

ҰМ

Ы

Т

Қ

А

Ү

ТЕ

К

К Ү Р К Е Т А У Ы Қ

1[pic]

6[pic]

5[pic]

4[pic]

3[pic]

2[pic]

Ұқсас жұмыстар
Үй жануарларының қысқы тіршілігі
Дүниетану сабағына арналған қысқа мерзімді жоспар. 1 сынып
Үй құстары.Тауық,әтеш,балапан
Табиғат тылсымы
Табиғаттану. ұрпақ – тіршіліктің жалғасы
Құстардың көктемгі тіршілігі (сабақ жоспары)
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Сүтқоректілер балықтар қосмекенділер жорғалаушылар бунақденелер құстар
Үй құстары Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы
Құстардың қоректенуі
Пәндер