Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Елім менің Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Диқан тірек мектебі (ресурстық орталығы)
Қосымша білім беру педагогы:
Ревшенов Шыңғыс Айтбайұлы
<<Елім менің Тәуелсіз Қазақстан>> тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Жүргізушілер:
1Ж:
Көңлінде күннің ажары бар,
Даламдай дархан ғажабы бар.
Шаттыққа кенелген,
Ардақты көрермен, АРМЫСЫЗДАР!
2Ж:
Гүлдей көркем өңірі,
Өнерді сүйген, өлеңді сүйген көңілі.
Бақытқа бөленген,
Көзі ашық көрермен, АРМЫСЫЗДАР!
1Ж: <<Елім менің Тәуелсіз Қазақстан>> тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауына
1-2 Ж ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
2Ж: Бүгінгі өткізілгелі отырған іс-шараның мақсаты мен міндеттері төмендегідей: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
1Ж: Ендеше, <<Елім менің Тәуелсіз Қазақстан>> тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауын ашық деп жариялауға және байқауға қатысатын оқушыларға сәттілік тілеуге Дихан тірек мектебінің (ресурстық орталық) директоры СЕЙДАЛИЕВА АЙСАРА РАШБАЙҚЫЗЫН сахна төріне шақырамыз.
---------------------------------------------------------------------------------------------------
2Ж: <<Ән - халықтың көңіл-күйі, ал халықтың көңіл-күйін табу мүмкін емес. Бұл шын ақын, композитордың қолынан ғана келмек...>> . Ендеше, бүгін біздің үміткерлер де барын салып дайындап келіпті деп ойлаймыз.
1Ж: Байқауды бастамас бұрын байқаудың ережесімен таныстырып өтейік.
Байқау екі номинация бойынша өткізіледі: -Байқау 5-11 сынып аралығында өтеді. Және де ерікті жазылушылар да өз өнерлерін көрсете алады.
1. Патриоттық тақырыптағы бір ән.
2. Мәнерлеп оқу (Қазақстан, Отан, туған жер, тәуелсіздік тақырыбында болуы тиіс) .
2Ж:Бағалау критерилері:
- вокалдық қабілеті;
- сахнадағы актерлық қабілеті;
- сахналық мәдениеті;
- сахналық киімі.
1Ж: Бүгінгі байқауға қазылық ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2Ж: Қазылар алқасының төрайымы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Құрымбетова Нағима Шубайқызы
1Ж: Музыка пәнінің мұғалімі Алімбаев Нұржан Амангелдіұлы
2Ж: Ұйымдастырушы педагог: Дәулетқұлова Жадыра
1Ж: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Донбаева Шекер Тұрдықұлқызы
1Ж: Мектеп кітапханашысы: Бекназарова Ақерке Нұрланқызы.

1Ж: Қазылар алқасымен таныс болдық. Ендеше алғашқы үміткерді сахна төріне шақырайық. Бірінші боп 5-сынып өнер көрсетеді.
2Ж: Тұрсынай, білесің бе? Бар қазақ баласының аузында жүрген бұл ән - 1970 жылы дүниеге келген екен. Ескендір Хасанғалиев ағамыз шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады.
1Ж: Ал қазір бұл әнді Харлаева Шолпан мен Болатханова Ақмерей орындайды. Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған, Ескендір Хасанғалиевтің әні <<АТАМЕКЕН>>!
2Ж: 5сыныптың мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Шүкірбек Нұралы өнер көрсетеді. Жұбан Молдағалиевтың <<Мен қазақпын>> өлеңі. Қабыл алыңыздар!

6-сынып:
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала - Қазақстаным.
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала - Қазақстаным.
-------------------------------------------------------------------------------------------
1Ж: Біз осы сайысқа дайындық кезінде ҚР Тәуелсіздігі күніне орай патриоттық әндер тізімін жасамақшы болып едік. Байқағанымыз, әндердің көбі мұңлы. Жігерлі болғанмен минорлы әндер екен. Бірақ қазіргі әнгіме ол туралы болмайды... Сіздердің назарларыңызға көңілді ән ұсынамыз. Маржан Арапбаеваның репертуарындағы "Қазақ елі осындай" әні. Орындайтындар 7-сынып оқушылары: Бегаділова Нұрайым, Әлімбосынова Жансая және Дүйсентегі Дана.
1Ж: Гүлім, осы 7-сынып қандай қара өлең дайындады екен? Кімнің шығармасын ап келді екен? Маған да , көрермендерге де осы туралы баяндап өтші?
2Ж: Иә, Тұрсынай... 7-сынып бізге... Бірнеше мәрте республикалық жыр-мүшайралардың жүлдегері, "Жабайдың жұлдызы", "Сыр сандық","Көңіл көктемі", "Жан шуағым мерейім", "Сағыныш сазы", "Жүректегі жазулар", "Айналайын адамдар" атты кітаптардың авторы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жазушылар, журналистер одағының мүшесі, Байзақ аудандының Құрметті Азаматы Қайыпназар Шотбасовтың өлеңін тарту етпекші. Сахнада Бегаділова Нұрайым!

2Ж:Тұрсынай, осы сен <<Атамекен>> деген ұғымды қалай түсінесің?
1Ж: Атамекен ол - адамның ата бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп өніп келе жатқан жері. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең кымбаттты, ең қасиетті, ең аяулысы - Анасына балайды. Туған жерге қатынас - адамның адамшылығының , ізгілігінің, парасатының көрінісі. Туған жер- белгілі бір адам үшін жанын пида ғып күресіп келе жатқан құт мекені ғой.
2Ж: -Иә, дұрыс айтасың. Ендеше, осы <<Атамекен>> туралы тамаша әнге кезек берейік.
8-сынып оқушысы Тұрсынбекова Аружанның орындауында Шөмішбай Сариевтың сөзіне жазылған Жанбота Тұяқбаевтың әні <<АТАМЕКЕН>>

1Ж: Өздері де, көздері де тұнық тым,
Әніңменен жүректтерді жылыттың.
Шығады енді әншілері ортаға
<<Тоғызыншы>> сыныптың.
2Ж: Шөмішбай Сариевтың сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтың әні <<Қазақ елі>>
Орындайтындар: Абдуақас Аружан, Тұрарова Нағима және Абитаева Аружан.
2Ж:Тәуелсіздік тұғырым, тәуелсіздік керегім,
Саған арнап әнді де, өлеңді де төгемін.
Ал енді Алкерейова Жанерке
Ұсынады <<Тәуелсіздік>> өлеңін.
Сахнада Алкерейова Жанерке, Жарар Алиханның <<Тәуелсіздік>> шығармасы.

1Ж: Қазақстан жүрегім, Қазақстан гүл елім.
Алыстасам өзіңді сағынып мен жүремін.
Барым да нарымда - бір өзің деп білемін!
Ал енді сахнада
Абдуақас Аружан <<Тәуелсіздік - тірегім>>!

10-сынып: <<Туған жерім>> әні. Қабыл алыңыздар...
2Ж. Мәнерлеп оқу.

1Ж: Гүлім, білесің бе? Біздің еліміз керемет ақындар мен қатар керемет композиторларға да кенде емес. Бұл сөзіме дәлел болу үшін мына бір деректерді жеткізейін: Ол - 1963 жылы 11 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келді. Композитор, әнші, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, <<Үкілі үміт>> республикалық композиторлар байқауының лауреаты Алматы мемлекеттік консерваториясын, Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген. Композитордың халық арасына кеңінен таралған <<Қарындасыма>>, <<Қыз - қызғалдақ>>, <<Ықыластың қобызы>>, <<Алматының түндері-ай>> атты әндері бар.
2Ж:. - Мен тапқан сияқтымын... Сен композитор Қайрат Жүнісов туралы айтып жатырсың.
1Ж: Иә, осындай тамаша композитордың <<Егемен елім>> әнін 11-сынып оқушысы Закаряев Қайырхан тарту етеді.
2Ж: Қабыл алыңыздар!
Мәнерлеп оқу: <<Мен қазақпын>> өлеңі

1Ж: Патриоттық әндерің
Жүректерді тербеді.
Көңілдегі жақсы үміт,
Болашаққа беттеді.
Жақсы әндердей мәңгілік
Ұрпақтарды таң қылып,
Тозбасын тарих беттері!
2Ж: Қазылар алқасының қорытындысы дайын болғанша.... Ән шашуымызды қабыл алыңыздар. Шыңғыс Айтбайұлының орындауында <<Туған жерім тамаша>> әнін қабыл алыңыздар!
1Ж: Бүгінгі байқаудың қорытындысын талдау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
2Ж: Ендеше, үміткерлерді марапаттау үшін Сейдалиева Айсара Рашбайқызын ортаға шақырамыз.
1Ж: Патриотты жастарымыз көбейе берсін деген тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Елімізді, жерімізді, Тәуелсіз Қазақстанымызды көркейтетін жастарымыз аман болсын!!!
2Ж: Кездескенше күн жақсы!!! Қош сау болыңыздар!!!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz