Біріккен сөздер жайлы ақпарат

Камзина Гүлза Сайлауғалиқызы, №13 жалпы орта
білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз.
Мақсаты: Біріккен сөзден жасалған жер-су және адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
- Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту және таза, әдемі, сауатты жазуға дағдыландыру.
- Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Типі: саяхат сабақ.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, карточкалар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызды саяхат сабағы ретінде өткіземіз.
(1 -слайд, Қазақстан картасы)
- Иә, біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының картасы.
- Ендеше біз қазір осы картаның көмегімен Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз.
- Ең бірінші саяхатқа шықпас бұрын білімдерімізді бір тексеріп алайық.
(Әр топқа тест тапсырмалары беріледі)
(3минут уақыттан соң жауаптары тақтаға ілініп, тексеріледі. Дұрыс орындаған топқа текше үлестіріледі. )
-Жақсы, біз білімімізді тексердік. Енді Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Көкшетауға сапар шегеміз.
ІІ. Жаңа тақырып.
- Міне, Көкшетаудың Бурабай атты әсем де, сұлу демалыс орнына келдік (Бурабай көрінісі, слайд 2) . Бұл жердің табиғатының сұлулығын ақын С. Сейфуллин жырға қосып, Оқжетпес шыңдарының биіктігін де айтып кеткен екен. Осы демалыс орнында біз де жатып, дем алып, білімімізді шыңдайық. Ол үшін мына сөйлемдердің ішінен (флипчарт 1) біріккен сөзден құралған деген жер-су және адам аттарын табыңдар.
(Әр топ берілген сөйлемдерден жер-су және адаматтарын табады. 8 сөйлемдегі біріккен сөздерді әр топ 2 сөйлемнен оқып, тауып айтады. Дұрыс жауапқа текше беріледі.
1. Жолаушылар Қараойға ел орынға отыра жетті. 2. Пойыз Сарыөзек станциясына тоқтады. 3. Ешкіөлмес тауының етегіндебәйге жарысы болып жатыр. 4. Жұмәділ күйді нақышына келтіре орындады. 5. Айдос Жылқайдарұлы «Әудемжер»әнін орындады. 6. Әбдахмет Шиліөзек ауылынан Алматыға келді. 7. Балалар әсем демалыс орны Алмаарасанға келді. 8. Ауылда алғаш болған Серәліге бұл жердің жұлдыздары жерге жақын, әрі өте әдемі болып көрінді. )
-Жақсы, балалар. Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық. Мұнда жаңа өздерің тапқан біріккен сөзден жасалған жер-су және адам аттары жазылған. (флипчарт 2)
Қар ао й Сар ыө зек Ешк іө лмес
/ \ / \ / \
Қар а о й сар ы ө зек ешк і ө лмес
Жұм ә діл Жылқ а йдар Әбд а хмет
/ \ / \ / \
Жұм а ә діл жылқ ы а йдар Әбд і А хмет
Шил іө зек Алм аа расан Сер ә лі
/ \ / \ / \
Шил і ө зек Алм а а расан сер і ә лі
Осы кестедегі қою қарамен жазылған әріптерге назар аударайық. Екі дауысты дыбыс қатар келген. Енді жер-су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс пен адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстарды салыстырып көрейік те, қорытып ереже шығаруға тырысайық. :
Ереже:
Біріккен сөзден жасалған жер-су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады, ал адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.
Қазір дәптерлерімізді ашып, сөйлемдерді жазып, сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне талдайық (4 сөйлем жазып, талдау) .
- Өте жақсы. Енді осы Көкшетаудан Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласын көруге барайық. (Ақтау қаласының көрінісі, слайд 3)
- Ақтауға келдік. Бұл өңір мұнайымен аты шыққан қала. Енді осы мұнай туралы оқып білейікші. (Мұнай туралы мәтін беріледі) Осы мәтінді оқи отырып, мына сұрақтарға жауап іздейік. (Кесте беріледі) .
Мұнайдың пайдасы, зияны қандай?
Және үшінші графаға осы мәтінде кездескен біріккен сөздерді теріп жаз. (7 минут уақыт беріледі. Болған соң талдап, текшелер үлестіру)
- Міне, мұнайдың пайдасы да, зияны да бар екен.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz