Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Паскаль тіліндегі тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары

Тақырыбы: Паскаль тіліндегі тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары.
Мақсаты: Оқушылардың Паскаль тіліндегі шартты оператор жайлы білімдерін қалыптастыру. Тармақталған программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік - Оқушыларды таңдау ұйымдастырылған шартты программалар құрып үйрету.
Дамытушылық - Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, <<Методика обучения информатике>>
4)Динисламов, <<Паскаль программалау негіздері>>

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1 Енгізу операторы дегеніміз не?
2 Шығару операторы қалай жазылады?
3 Енгізу операторының жазылу форматы?
4 Енгізу\шығару операторына мысал келтір?
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Тармақталу процесстері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Паскальда екі шартты оператор бар: if және саse.
If операторының толық жазылу пішімі:
IF <шартты өрнек>
THEN <1-оператор>
ELSE <2-оператор>;
немесе қысқартылған түрі
IF <шартты өрнек>
THEN <1-оператор>;
Мұндағы, 1- және 2- операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін. IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, THEN сөзінен кейін жазылған 1- оператор атқарылады, әйтпесе FALSE (жалған) болса, 2-оператор атқарылады.
Мысал: X = a / b - 1, егер a < b;
X = 25 - a, егер a = b;
X = b - 5, егер a > b.
program esep2_1;
var
a,b,x: real;
begin
writeln(' a және b сандарын енгіз:');
readln(a,b);
if (a < b) then x:= (a / b)-1;
if (a = b) then x:= 25 - a;
if (a > b) then x:= ((b - 5) / a);
writeln('X = ',x);
end.
Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Тармақталу алгоритмына программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?
2 Шартты оператордың жазылу форматы?
3 Шарт ретінде не қолданылады?
Тапсырма №1.
X = bsin2a, егер a < 0;
X = (a+1)/b, егер a >=0;
Х функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
1 - нұсқа
eгер х>0;
eгер х=0;
eгер х<0;

eгер х>0;
eгер х=0;
eгер х<0;

у(х) = sinx - x функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар.
2 - нұсқа
eгер х>0;
eгер х<0;

eгер х>0;
eгер х<0;

= cosx + x2 функциясының мәнін есептейтін программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға тармақталу операторы туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Тармақтық алгоритмді программалау.

Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінің басқару операторлары. пысықтау
Шартты көшу операторы
Практикалық жұмыс. Күрделі шарттар
Тармақталу алгоритмдерді программалау
Паскаль - программалау тілі
Оқушылар программа
Программа құрылымы
Циклдік алгоритмдер.Циклдiк алгоритмдi программалау
Сабақтың түрі
Шығару операторы
Пәндер