Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label, CommandButton компоненттері

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label,
CommandButton компоненттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Visual Basic бағдарламалау жүйесінің TextBox, Label, CommandButton басқару элементтерімен, олардың қасиеттері мен оқиғаларымен таныстыра отырып, тиімді жолмен пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелігі: Оқушылармен топтық жұмыс жасай отырып, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімін практика жүзінде жетілдіре отырып, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау, өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, слайд, түрлі түсті парақшалар, баскетбол ойынына арналған сақина, доптар, т.б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут
Оқушыларды түгелдеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Назарын сабаққа аудару

Ақ, сары, жасыл түсті парақшалар тарату арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Ақ парақша таңдаған ақкөңіл ақжарқын оқушылар - Textbox тобы,
Сары парақша таңдаған әрқашан білімге ұмтылатын оқушылар - Label тобы
Жасыл парақша таңдаған көпшіл, ортаға бейім оқушылар - CommandButton тобы

Сабақ барысының әр кезеңінде оқушылардың дұрыс жауабы баскетбол сақинасына ұпай ретінде әр топтың сақинасына доп салынып отыратындығын, сабақ соңында осы ұпайларды санау арқылы оқушының, топтың жұмысы бағаланатындығы айтылады.

ІІ. Өткен тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру және электронды оқулықтан тапсырмаларды орындау - 10 минут
Топтардың ішінен бірінші болып белгіше көтерген топтар жауап береді. Әр дұрыс жауап топтың баскетбол сақинасына ұпай есебінде доптар түрінде салынып отырады.

1. VisualBasic программасын іске қосу жолы қандай?
2. Жаңа қосымша жасау жолы?
3. Экранда қасиеттер панелі көрінбесе қалай қосамыз?
4. Пішін деген не?
5. Пішіннің қандай қасиеттері бар?
6. Оқиға деген не?
Электронды оқулықтағы тапсырмалар орындау
І. № 4 тапсырма
Терезе элементтерін атаңдар ?
ІІ. №5 тапсырма
Формаға көрсетілген батырмаларды орналастырыңыздар?
ІІІ. №7 тапсырма
Саймандар тақтасынан батырмаларды көрсетіңіздер?

ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Мұғалім сөзі:
Visual Basic-те бағдарлама құру барысы екі қадамнан тұрады, алдымен міндетті түрде бағдарламаның пішімін (формасын) құрып алу керек, содан кейін барып - оқиғаларды өңдейтін процедураларды құру керек. Қолданба пішіні пішінге компоненттер мен олардың келесі баптауларын қосу жолымен құрылады. Кез келген қолданбаның пішінінде қолданушы мен бағдарлама арасындағы инферфейсті қамтамасыз ететін компоненттер бар. Осындай компоненттер базалық компоненттер деп аталады, сонымен қатар бұларды инструменттер деп те атайды. Инструменттер қатары Visual Basic бағдарламалау жүйесі терезесінің сол жақ қатарында орналасқан. Солардың ішінен бүгінгі өтетіндеріміз - TextBox, Label, CommandButton компоненттері.
(Инструменттер қатарынан компоненттердің суреттері көрсетіліп, топтарға постер қорғауға тапсырма беріледі.)

Visual Basic-те бағдарлама құру жүйесіндегі тақырыбына постер қорғау - 7 минут
Әр топ өз аттарына сәйкес компоненттердің міндеті, негізгі қасиеті, негізгі оқиғасы туралы айтып, постер арқылы қорғайды.
(Топқа дайындалуға 4 минут, қорғауға әр топқа 1 минуттан уақыт беріледі.)
Топтың қорғаған постері 6 ұпайға бағаланады. Топ мүшелері ұпайларды өзара бөледі.)

І топ постері:

ІІ топ постері:

ІІІ топ постері:

Visual Basiс ортасында қосымша құрудың негізгі кезеңдерімен таныстыру. (Интерактивті тақтада орындап көрсетіледі) - 5 минут

IV. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары
1. Практикалық жұмыс - 10 минут
(Толық, дұрыс орындалған практикалық жұмысқа 6 ұпай. Топ мүшелері ұпайларды өзара бөледі.)

1 топқа:
Трапецияның a,b қабырғалары және һ биіктігі берілген. Трапецияның ауданын есептеу қажет. S = a+b*һ2
2 топқа
Қабырғалары a,b,с үшбұрыштың медианаларын табу керек.
ma = 0.5*2b2+2c2-a2mb = 0.5*2a2+2c2-b2
mc = 0.5*2b2+2a2-c2

3 топқа:
Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.
Берілгені : а,b,с Т/к : S - ?
P = S =
1. Сәйкестендіру тесті - 5 минут.
Топтың барлық оқушылары орындайды. Орындап болғаннан кейін тақтаға дұрыс жауабы шығарылады. Тақтадағы дұрыс жауаппен әр оқушы өздерінің көршілерінің жұмыстарын тексеріп, қорытындысын жазады. Барлығына толық жауап берген оқушының жұмысына 3 ұпай, 2 қате болса - 2 ұпай, одан көп қате болса - 1 ұпай қойылады.

Textbox объектісі Батырманың бетіне сурет қояды
Label объектісі Батырманың бетіне жазу орнатады
CommandButton объектісі Текст қорабын бояйды
Аlіqnment Жақтау орнататын бульдік шама
ВасkСоІоr Тексті жақтаулар бойынша түзейді
ВоІderStyle Шрифт түстерін орнату
FоrеСоІоr Қосымшаға әртүрлі информация енгізу және шығару үшін
қолданылатын компонент
Сарtіоn Информацияны шығару үшін қолданылатын объект
Рісture - Батырма жасау үшін қолданылатын объект

V. Жаңа сабақты семантикалық карта арқылы қорытындылау - 5 минут
Әр топқа 3 сұрақ беріледі, Әр дұрыс жауап топтың баскетбол сақинасына ұпай есебінде доптар түрінде салынып отырады.

Атқаратын
қызметтері

Объектілердің
түрлері
Жоба бағыттаушысы
Бағдарламаны жіберу
Батырма жасау үшін қолданылатын объект
Жаңа пішін қосу
Қосымшаға әртүрлі информация енгізу және шығару үшін
Бағдарламаны тоқтатту
Информацияны шығару үшін қолданылатын объект
Жаңа жоба қосу
Пішін макетінің терезесі








VI. Үйге тапсырма беру
А) 10 сыныптың оқулығынан §2.3. Басқару элементтері 86-96 беттерді оқу
Б) 106 беттегі <<Сұрақтар мен тапсырмалардан>> 2, 3, 4, 5, 6 сұрақтарына жауап беру
VII. Оқушыларды бағалау
Әр топтың қоржынында жиналған ұпайларды санау арқылы топтың, оқушылардың жұмысын есептеу критериі бойынша бағалау - 3 минут

Бағалау критериі
17 ден жоғары ұпай - "5"
13-16 - аралығы - "4"
12 - 10- аралығы - "3"

Ұқсас жұмыстар
Visual Basic ортасында бағдарлама құру
Textbox, label, commandbutton компоненттері
Қасиеттер терезесі
Visual Basic бағдарламасымен жұмыс істеу принциптері
Microsoft visual basic бағдарламасындағы жаңа нұсқаулар
Нысан қасиеті
Программалық код терезесі
Форма макеті терезесі
Visual Basic объектілерінің қасиеттерін көрсету үшін арналған терезе
Математикалық және жараталыстынау. 10 сынып
Пәндер