Паскаль тілінде күрделі шарттар мен тармақталу операторларын практикалық қолдану

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Күрделі шарттар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелілік:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
Тармақталу операторларының түрлерін, күрделі шарттардың программада жазылуын біледі.
Оқушылар ынтымақтастықпен жұмыс істеуге үйренеді.
Тыңдау мәдениеті қалыптасады, өз ойын толық, анық жеткізе алады.
Көрнекілік: Презентация, суреттер

Сабақ кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Ынтымақтастықты оқытуды орнату;
- Сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасы
Үйге берілген тақырып: «Тармақталу операторлары». Оқушылар 3 топқа бөліп, әр топ өз тапсырмаларын плакат бетіне түсіріп, қорғайды.

Жаңа сабақ
Күрделі шарттар
Және, немесе, емес қызметші сөздерімен біріктірілген, бірнеше қарапайым шарттардан тұратын шарттар (логикалық өрнектер) күрделі шарттар деп аталады.
Паскаль тіліндегі логикалық операциялар:

And (және) логикалық операциясы бар күрделі шарт қарапайым шарттардың екеуі де орындалған жағдайда ғана ақиқат деп есептеледі.
Ал егер қарапайым шарттардың кемінде біреуі орындалса, онда or (немесе) логикалық операциясы бар күрделі шарт ақиқат деп есептеледі.
Not (емес) А=0 логикалық операциясы А≠0 шартымен бірдей.

Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ, яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеруге тура келетін кездер кездеседі.
Бұған мысал ретінде квадрат теңдеу
ах2 + bx + c = 0, (a ≠ 0) түбірлерін табатын программа құруды қарастырайық.


Оқушылар топпен жұмыс істейді. Топтық жұмыста оқушылар тармақталу операторлары туралы білімдерін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын өздері қорытып шығарады.
Компьютермен жұмыс
ах2 + bx + c = 0, (a ≠ 0) квадрат теңдеуінің түбірлерін табатын программаны компьютерде теріп, нәтижесін көреді.

Сабақты бекіту:
1. Тармақталу операторлары дегеніміз не?
2. Тармақталу операторының толымды түрі?
3. Тармақталу операторының толымсыз түрі?
4. Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері?
5. Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?
6. Паскаль тілінде күрделі шарттардың жазылу түрі


Ұқсас жұмыстар
Паскаль тілінде тармақталу алгоритмдерін программалау: практикалық сабақ жоспары
Күрделі шарттар және тармақталу операторлары (Информатика, 8-сынып)
9-сынып информатика: Тармақталу алгоритмдерін Паскаль тілінде программалау
Шарттар мен тармақталу командалары (Pascal) - 9-сынып информатика ашық сабағы
Тармақталу алгоритмі мен шартты көшу операторлары: блок-схемалар және Pascal тілінде қолдану
Тармақталу алгоритмдерін программалау: Паскаль тіліндегі шартты операторлар мен практикалық жаттығулар
Күрделі шарттар: 8-сынып информатикасының сабақ жоспары
8-сынып информатикасы: Күрделі шарттар тақырыбына Блум таксономиясы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Паскаль тілінде REPEAT операторын оқыту: синтаксис, қолдану және практикалық тапсырмалар
Тармақталу алгоритмдері мен олардың Паскаль тіліндегі программалық түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz