1-сынып қазақ тілі пәні: Менің бөлмем және бөлме заттары - сабақ жоспары

Қостанай облысы. Әулиекөл ауданы. Әулиекөл ауылының

Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Бегежанова Галия Хамитовна.

Сабақ жоспары

1-сынып

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем және бөлме заттары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Өз бөлмелері туралы әңгімелей білуге үйрету; жаңа сөздерді меңгерту;
  2. Дамытушылық. Есте сақтау, оқу, жазу, ойлау, тыңдап қайталау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: сөйлесу, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: әдеп, букварь, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

Өткен сабақтарда үйренген сөздерді қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Негізгі кезең

  1. Мұғалім жаңа сөздерді айтады.
  2. Оқушылар хормен және жеке-жеке қайталайды.
  3. Сөздікпен жұмыс

Үй-дом,

бөлме-комната

теледидар-телевизор

айна-зеркало

шам-лампа

орындық-стул

үстел-стол.

  1. Сергіту сәті:

Аппақ болып, таң атып,

Түтін көкке шығады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.

Дәптермен жұмыс

Интерактивті тақтадағы жұмбақтың шешуін тауып, дәптерге жазады. Мұғалім парталарды аралап, әр оқушының жазуларын қадағалайды.

Жұмбақтың жауабы - теледидар.

Сергіту сәті

Алдымыздан жел еседі

Тербеледі ағаштар,

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Тапсырмалар:

  1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, олардың не жуан, не жіңішке сөз екендерін анықтау.

Айна - жуан сөз, терезе - жіңішке сөз, гүл - жіңішке сөз, орындық - жуан сөз, бөлме - жіңішке сөз, шам - жуан сөз.

  1. Сөз тіркестерін құрастыру:

Биік үй, әдемі гүл, менің бөлмем, үлкен терезе , таза бөлме , жабық есік , үлкен шам , үлкен айна , аласа үй , кішкентай үстел.

Кітапппен жұмыс

Сабақты бекіту:

Сабақта өткенді сөздерді қайталау: Үй-дом, бөлме-комната, теледидар-телевизор, айна-зеркало, шам-лампа, орындық-стул, үстел-стол.

Үйге тапсырма беру:

А4 форматындағы параққа «Менің бөлмем» тақырыбында сурет салып келу.

Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Менің бөлмем және тәуелдік жалғауы: қазақ тілі сабақ жоспары
Қазақ тілі: Менің бөлмем мәтіні бойынша оқу-түсіну және грамматика тапсырмалары
3-сыныпқа арналған Менің бөлмем тақырыбы бойынша қайталау сабақ жоспары
1-сынып қазақ тілі сабағы: Менің сүйікті тағамым - сабақ жоспары
5 сыныпқа арналған ашық сабақ: Менің бөлмем - зат есімнің тәуелдік жалғауларының көпше түрі
3-сынып қазақ тілі сабағының қорытынды сабақ жоспары: Баспанам - менің қорғаным
7-сынып қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары: Менің туыстарым
Бөлме және мәдени өсімдіктерге күтім жасау: 1-сыныпқа арналған сабақ жоспары
1-сынып қазақ тілі: 4-бөлімді қайталау - жануарлар, үй жануарлары мен аула заттары бойынша тыңдалым және сөйлеу дағдыларын дамыту
Қазақ тілі пәні 1-сынып: Үй жануарлары тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz