Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Компьютерде модель жасаудың негізгі кезеңдері

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модель жасаудың негізгі кезеңдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютердегі модельдеу кезеңдерімен таныстыру.
Білімділік: Оқушылар компьютерде кезең-кезеңімен модель жасап үйренуі тиіс.
Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін
сақтау және еңбекке баулу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту компьютерлік сауаттылығын ашу. Оқушыларды
білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік
ережесін сақтай отырып еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы: Оқушыларды ұйымдастыру:
1) оқушылармен сәлемдесу.
2) оқушыларды түгелдеу.
3) өткенді қайталап үй тапсырмасын тексеру.
4) ой сергіту.

Жаңа сабақ:
Компьютерде модель жасаудың негізгі кезеңдері.

Модельдеудің барлық кезеңдері қойылған мақсатына байланысты. Модельді зерттеу және құру үдерісін жалпы түрде былай көрсетуге болады (56-сурет):
Бірінші кезең - есептің қойылуы мынадай қадамдардан тұрады: есептің берілгені, модельдеу мақсаты, нысанды талдау.
Есептің қойылуы. Есеп табиғи тілде жазылады. Барлық есепті қойылу ерекшелігіне қарай 2 топқа бөлуге бо - лады. Бірінші топқа: нысанға эсер ету нәтижесінде оның сипаттамасының өзгерісін зерттеуге арналған есептерді жатқызуға болады, <<не болады, егер?..>>. Мысалы, егер магниттік дискіні магниттің жанына қойсаң не болады? Қоғамдық көліктердің төлем ақысын көбейтсе не болады?
Екінші топқа: жататын есептерге <<белгілі бір өлшемдерді қанағаттандыру үшін оған қалай әсер ету керек?>> деген есептер жатады. Мысалы, балаларға оқу қызықты болу үшін тектепте оқыту үдерісін қалай құру керек?
Модельдеу мақсаты. Бұл қадамда нысанның көптеген көрсеткіштерінен маңыздыларын бөліп алу. Бір нысанды





әртүрлі мақсатпен модельдеуге байланысты қарастырылатын көрсеткіштері де әртүрлі болады. Мысалы, егер қайық жарысқа қатысу үшін құрылса, онда бірінші кезеңде бізді оның жүзу қасиеттері қызықтырады (57-сурет). Бұл есепте біз <<мақсатқа жету үшін не істеу керек?>> деген сұраққа жауап іздейміз. Ал демалуға шыққан адамға, бұл қасиеттерінен басқа, қайықтың ішкі құрылысы да маңызды: жайлылығы, каюталар саны, тазалығы, т.с.с. (58-сурет).
Қайықты жасаушы құрастырушыға кіру көрсеткіштерін өзгерткенде монитор экранында қайық моделінің суреті және есептеу көрсеткіштерінің өзгеруі маңызды. Бұл есепті <<Егер ... болса, не болады?>> деген сұраққа жауап іздейміз.
Нысанды талдау. Бұл кезеңде нақты модельденетін нысан мен оның қасиеттері анықталады.
Екінші кезең - есепті формальдау, яғни, формальды тілде жазылған модель. Мысалы, диаграмма немесе кесте түрінде көрсетілген халықты есепке алудың нәтижелері - формалъды модель болып табылады. Жалпы мағынада , формальдау дегеніміз - ол нысанның маңызды қасиеттері мен көрсеткіштерін белгілеу.
Үшінші кезең - компьютерлік модель құру. Бұл ісі модельді құру және зерттеуге арналған модельдеу құралын басқаша айтқанда, бағдарламалық ортаны таңдаудан басталады. Бұл таңдау компьютерлік модельді құру алгоритмі және көрсетілу формасына байланысты. Бағдарламалау ортасында ол - таңдалған тілде жазылған программа. Қолданбалы ортада (электронды кесте, графикалың редакторлар, МҚЖБ, т.с.с) ол есепті бір шешімге, нәтижеге әкелетін технологиялың әдістер тізбегі.
Төртінші кезең - компьютерлік эксперимент 2 сатыдан тұрады: модельді тестілеу және зерттеулер жүргізу.
Модельді тестілеу - модельдің дұрыс құрылуын тексеру үдерісі. Бұл қадамда модельді құру алгоритмі және негізгі нысан мен модельдеу мақсатына құрылған модельдің сәйкестігі тексеріледі. Алгоритмнің дұрыстығын тексеру үшін алдын ала соңынан нәтижесі белгілі тестік мәліметтер қолданылады. Егер нәтижелері бірдей болса, онда алгоритм дұрыс құрылған, бірдей болмаса, олардың себебіне де екенін іздепт ауып, жою қажет.
Модельді зерттеу - компьютерлік экспериментте модельді тестілеу қадамы сәтті өткенде және зерттеу моделі нақты құрылғанына сенімді болғанда ғана жасауға болады.
Бесінші кезең - осы үдерістің ең негізгі қадамы - нәтижені талдау. Осы кезеңнің нәтижесі бойынша зерттеу жұмыстары жалғастырылатындығы немесе аяқталатыны шешіледі. Егер шыққан нәтиже қойылған есептің мақсатына сай келмесе, онда алдыңғы кезеңдерде қателік кеткен. Бұл жағдайда алдыңғы кезеңдерге оралып, модельді түзету керек. Компьютерлік эксперименттің нәтижесі модельдеу мақсаттарына сай келгенше осы үдеріс қайталана береді.

Сабақты қорытындылау:
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма: § 14: 9-сыныптың оқулығынан.

Ұқсас жұмыстар
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Модель және модельдеу
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру
Алгоритм түсiнiгi. Алгоритмнiң қасиеттерi. Алгоритмдi бейнелеу тәсiлдерi. Блок-схема
Экономикалық процестерді модельдеу
Ақпараттық модельдеу
Диаграммаларды құру туралы
Деңгейі орташа оқушылар
Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері
Паскаль тілінде
Пәндер