Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні сценарий

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№26 ОЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Кудайбергенова Ж. С
Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты
: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Түрі
: тәрбие сағаты
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар .
Тәрбие сағатының жүрісі:
І. Бөлім Наурыздағы салт-дәстүрлер
ІІ. Ән, би.
ІІІ. Сұрақ - тапсырмалар
ІV. Ұлттық дастархан мәзірі
Мұғалім -
Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Балалар, міне Наурыз да келді. Бүгін Наурыз мейрамы «Наурыз -Ұлыстың ұлы күні» құтты болсын!
- 22 наурыз жыл басы. Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі
«нау» - жаңа, «руз» - кун
деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Шашу шашып, бата айтылған. Бүгінгі тойғада шашу шашу рәсімін әжелерімізге берелік.
-
Әжелер шығып шашу шашады.
1 - жүргізуші: Жансая Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 - жүргізуші:Әлібек Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 - жүргізуші : Жансая Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 - жүргізуші: Әлібек Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 - жүргізуші:Жансая Наурыз - табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 - жүргізуші:Әлібек
Құрметті халайық! Біздің өткен барыс жылына еш өкпеміз жоқ. Солай ма? Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ. «Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа - аманат» дегендей жылқы жылын шығарып салайық. /қой жылы келеді/
1 - жүргізуші : Жансая Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды. Саған рахмет жылқы жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар?
Жылқы жылы: Жұмағазы
- Мен де халқыма дән ризамын! Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қой жылына да тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы, халайық!
2 - жүргізуші: әлібек Жылқы жылының құрметіне
Би : немесе ән
1 - жүргізуші:Жансая Ал, енді Жаңа жыл - Қой жылын ортаға шақырайық. /Сахнаға жүгіріп Қой шығады/
2 - жүргізуші:Әлібек - Қош келдің, жаңа Қой жылы. Төрлет, Наурыз, елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы. Қой жылының құрметіне
Би. «Қаражорға»
Диляра
Қауышып қайта оралған наурызға,
Ерніміз әрез тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
Қақ жарып әділдіктің қара қылын,
Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.
Жаннат
Жаңа жыл, кел, төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наруыз той,
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Маржан
Қырдан бүгін бу шықты,
Қуды жерден суықты.
Құтты болсын мерекең,
Наурыз айы туыпты,
Әне, Наурыз келеді.
Құлпырады жер енді.
Жұмағазы:
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Айым:
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Ақбота
:
Қар су болып жөңелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кеңелді.
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
Айдана
:
Сүті көп те, көмірі аз,
Болады ғой Наурыз!
Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
Дәурен:
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.
Жұлдыз
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді - жыл басы.
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.
Наурыз: Жансая
Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір дүр,
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.
Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,
Бұл күн біле білгенде ғажап тым!
Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,
Наурыз күн-білі білгенге ғажап тым!
Мұғалім
І бөлім
.
Наурыздағы салт-дәстүрлер.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Дүниеге келген сәбидің азан шақырып атын қойған
«Ат
қой»
рәсімін . . . береміз. Содан соң бесікке салу рәсімі .
Бесікке салу
тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл -қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. «
Бесікке салу
»тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін әжелерімізге сөз береміз. Бесік жыры ән айтып, бөпемізді жұбатайық.
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «
Тұсау кесер»
тойы өткізіледі. Сөз
Қазипа ә
жемізге беріледі.
Ән: Шілдехан
Ұлттық ойын дар ойнау
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т. б ойындар.
- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» «білектесу» «орамал тастамақ» «сақина»ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік!
Рахмет! Отырамыз!
Дана халқымыз
«Батамен - ел, жаңбырмен жер көгереді»
деп бекерге айтпаған ғой. Қанекеи, Наруыз тойының ақ батасын сұрайық.
Темірлан:
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектері көк болсын
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Қуаныштарың көп болсын.
ІІІ бөлім. Ата-салтың қазағың.
Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
Мұғалім
Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен балалар,
Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz