Кестелік процессорларда деректер мен формулаларды енгізу, редакциялау және ұяшық сілтемелері

Тақырыбы: Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу. Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру.

Мақсаты: Оқушылардың кестелік процессорларға мәтінді, формулаларды және командаларды енгізу ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды электрондық кестелерге мәтінді, формулаларды енгізу әдістерімен таныстыру.

Дамытушылық - Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Кез келген электронды ұяшыққа:

  • сан
  • формула
  • мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.

Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін, ондық бөлшек, бөлшек болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты символдарымен толтырылады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Форомулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =F5+D5*C57

Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтн, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды. Мысалы, -55, 69 немесе а 55, 9 - мәтін.

Excel - де сандардың бүтін бөлігінен бөлшек бөлігін ажырату үшін көп жағдайда үтір қолданылады, бірақ қалауыңыз бойынша оны өзгертуіңізге де болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Электронды кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?
  2. Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
  3. Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?

Тапсырма.

Берілгендерді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.

Парақты келесі мазмұнда рәсімдеңіз.

1. Excel- ді ашыңыз.

2. Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз:

Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге): Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге)
Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге): Аты-жөні
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Барлығы
Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге): Нарынбетов А. Б
5300
4500
6000
Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге): Манапов Е. Ж
2500
3000
4000
Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге): Аубакиров Т. Т
1500
1700
2500
Қызметкерлерге берілетін сыйақы (теңге): Садыкова М. С.
1000
1500
2000

3. Кестені сақтап қойыңыз.

5) Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға кестеге формуланы және мәтінді енгізу ережелері туралы жалпы мағлұмат беру.

6) Үйге тапсырма § 8. 3, бет. 100-103

Формуланы енгізу және көшіру.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып: Microsoft Excel - формулаларды енгізу және ұяшық сілтемелері (абсолюттік, салыстырмалы, аралас) мен көшіру
MS Access деректер қоймасы: формалар арқылы мәлімет енгізу мен редакциялау және есептер құру - практикалық сабақ
8-сынып информатика: Excel бағдарламасында формулаларды енгізу және көшіру
Microsoft Excel-ге деректерді енгізу және редакциялау
MS Excel-де формулаларды енгізу және көшіру: функция шебері, автоқосынды, салыстырмалы мен абсолюттік сілтемелер
Электрондық кестелер мен мәліметтер базасын құру: MS Excel-де деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Excel кестелік процессоры мен электрондық кестеде деректерді өңдеу: деректер базасының құрылымы және өрістер типтері
Excel-де деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу (8-сынып сабақ жоспары)
MS Excel бағдарламасында формулаларды енгізу бойынша сабақ жоспары
8-а сыныпқа арналған ашық сабақ: MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz