Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы

Мерзімі: 22. 01. 2015 ж

Сыныбы: 8 «Б»

Пән атауы: химия

Сабақтың тақырыбы: Оттегі-химиялық элемент және жай зат. Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы.

Сабақтың мақсаты : Оттегі тақырыбын өз беттерінше оқу дағдысын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.

Сабатың міндеттері : Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіру.

Ой - өрісін, танымдық көкжиегін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, тапсырмалар көмегімен белсенділігін арттыру, бағыт - бағдар бере отырып, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру;

Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, ұжым арасынан өз ойын ашық жеткізуге, өз өздерін басқаруға тәрбиелеу;

Қолданылатын әдістер мен модульдер: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқытуды басқару және көшбасшылық . 4. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. 6. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Акт.

Күтілетін нәтиже: Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіреді. Оттегінің пайдасын зиянын біледі, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып, өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық туады. Табиғатты аялауға, ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Уақыт өлшемі
Жоспар мазмұны
Мұғалім іс- әрекеті
Оқушылардың іс -әрекеті
ресурстар
Уақыт өлшемі: 3 мин
Жоспар мазмұны: 1. Ұйымдастыру
Мұғалім іс- әрекеті:

Сәлемдесу

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу:

Көзді жұмып жақсы нәрсе туралы ойлаңдар. Барлықтарына және өздеріңе сәттілік, жақсы көңіл күй тілеңдер. Көздеріңді ашып, бір-біріңе күле қараңдар.

Топқа бөлу

Оқушылардың іс -әрекеті:

Шеңберге тұрып нұсқау бойынша көздерін жұмады.

Топқа бөліну: Атом, молекула, су

ресурстар: слайд
Уақыт өлшемі: 5 минут
Жоспар мазмұны: Ой қозғау
Мұғалім іс- әрекеті:

« Өткенді ұмытпа, ол - болашақтың ұстазы ».

«Ыстық орындық» Тыңда. Ойлан. Жауап бер.

топтар бір-біріне сұрақтар қояды, қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

Оқушылардың іс -әрекеті: Оқушылар үйде әзірлеп әкелген сұрақтарын қояды. (Әр оқушыға 2 сұрақтан) «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет.
ресурстар: Слайдтар
Уақыт өлшемі: 1 мин
Жоспар мазмұны: Қызығушылығын ояту
Мұғалім іс- әрекеті:

1. Көре алмайсың көзбенен,

Айту қиын сөзбенен.

Далада да, үйде де,

Бірге жүреді бізбенен. (оттегі)

« Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр » Д. И. Менделеев.

Оқушылардың іс -әрекеті: Жұмбақты шешу арқылы тақырыпты ашады.
ресурстар: Слайд
Уақыт өлшемі: 15 мин
Жоспар мазмұны: Мағынаны тану
Мұғалім іс- әрекеті:

« Жигсо » стратегиясы. Топтық тақырыпты постер арқылы қорғау, ресурстармен жұмыс.

Үш топқа оқулық бойынша параграфтарды бөлу

1-топ: §21, 25

2-топ:§22

3-топқа; § 24

1-деңгей:

0, 3 моль оттектің қалыпты жағдайдағы көлемін есепте

2-деңгей:

Калий перманганаты КмnO 4 құрамындағы оттектің массалық үлесін % табыңдар.

3-деңгей:

16 грамм оттек алу үшін қажетті калий перманганатының зат мөлшерін және массасын табыңдар.

Оқушылардың іс -әрекеті:

Топта оқып талдайды. Постер құрып оны қорғайды.

1-топ:Топтастыру

2-топ: Ертегі-әңгіме құрастыру

3-топ: Маршрут картасы

Деңгейіне қарай тапсырманы орындап, тиісті ұпайларын алады.

ресурстар:

А1 форматты қағаздар, маркерлер

8 сынып оқулығы

Үлестірмелер

Дәптер

Интерактивті тақта

Есептер мен жаттығулар жинағы

Уақыт өлшемі: 7 мин.
Жоспар мазмұны: Деңгейлік есептер
Уақыт өлшемі:

3 мин

2 мин

Жоспар мазмұны:

Химиялық диктант

Тірек сөздер - глоссарий:

Мұғалім іс- әрекеті:
  • 1) Оттек латын тілінен аударғанда . . . деген мағына береді
  • 2) Д. И. Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде, оттек элементі . . . орында тұр
  • 3) Аr(О) =
  • 4) Мr(О2) =
  • 5) Атмосферадағы оттектің көлемдік үлесі . . .
  • 6) 5О2-нені білдіреді? . . .
  • 7) 4О-бұл нені білдіреді? . . .
  • 8) Оттегінің валенттілігі . . .
  • 9) Жер қыртысындағы оттектің массасы . . .
  • 10) Тіршілік газы- . . .
  1. Ағылшын химигі Дж. Пристли -
  2. Өршіткі-
  3. Дьюар -
  4. Швед ғалымы К. Шееле -
  5. Оксигениум -
Оқушылардың іс -әрекеті:

Берілген парақшаларға жылдам тек жауапты ғана жазады.

1) оксигениум -қышқыл тудырушы

2) 8

3) 16

4) 32

5) 21%

6) 5молекула оттек

7) 4атом оттек

8) тұрақты (ІІ)

9) 49, 13%

10) оттек-кислород-оксигениум


Ұқсас жұмыстар
Оттегінің маңызын қарастыру
Оттектің қасиеттері
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Оттегінің табиғаттағы айналымы. оттегінің қолданылуы
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Сутектің химиялық қасиеттері
Оттектің физикалық қасиеттері
Күкірт қосылыстары
Заттардың қасиеті
Химиялық элемент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz