Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Наурыз мерекесін қарсы алайық

Наурыз мерекесін қарсы алайық!
( 7 сынып оқушылары)
Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ұлттық мейрамдардың бірі - Наурыз туралы түсінік беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеп, халқымыздың ұлттық салт дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық киімдер.

Мұғалім: Ежелгі заманнан қазақ халқы Наурыз мерекесін тойлап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін 22 наурызға, жер бетін тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұтас келетін мереке.
халқымыздың діни түсінігі бойынша 21 наурыз даланы Қыдыр ата аралайды. Әрбір отбасы дәулет дарысын, бақ қонсын деген түсінікпен сол түні есіктерін ашып қоятын болған. Ал Наурыз мерекесі негізінен адамдардың бір бірімен көрісуден басталады.
Көктем келді алақай
Жердің жүзін жайнатты,
Күннің нұрын аямай,
Жадыратты аймақты
деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

І. Ән <<Алақай Наурыз >> Дана:
2. Би <<Құстар>> Қыздар тобы.
Мұғалім: Наурызда наурыз көже дайындайды. Наурыз көже - наурыз меркесіне арналған мерекелік тағам. Наурыз көжені 7 түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжеге ет, су, тұз, сүт, тары, құрт, тағы да басқа тағамдар қосып пісіреді. Келген қонақтарға ұсынылады.
Енді сіздерге қазақтың <<Көгентүп беру>> салтын көрсетеміз.
3. Күй (домбырада Жәнібектің орындауында)
Көрсетілім: (Алмажай, Дана, Аружан, Бағымжан, Жәнібек, Гаухар)
Көгентүп беру. Малды адамдар жақын туған-туыс тарының кішкентай баласына бұзауларының, құлындарының, қозыларының, лақта рының, боталарының бірін атайды. Бұл көгентүп беру деп аталады.
Алмажай:
Ұлыс оң болсын,
Әр күніміз жақсылық әкелсін.
Біліміміз серік болсын
Достығымыз берік болсын,

Көрсетілім: (Сымбат, Әлібек, Жансерік, Сәбира, Даяна)
Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: <<Осы үйдің қазанын шегелей келдік>> дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: <<Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік>> деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.
Ән <<Қазақ елі>> Дананың орындауында:
Енді, балалар, сендерге Қыдыр атамыз бата береді.
Қыдыр ата - Бағымжан:
Бата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Уайым қайғы жоқ болсын,
Қуаныш бізде көп болсын!
Еліміз мерекелі
Жеріміз берекелі болсын
Әумин!

Мұғалім:
Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мейрамымен Құттықтаймын! Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын осы көктем мерекесі Сіздерге мол қуаныш пен бақыт алып келсін! Наурыз әр отбасында келісімнің, сыйластықтың, құрметпен сүйіспеншіліктің дәнекері болсын!
деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Ұлыс күні кәрі - жас
Наурыз мейрамы
Қош келдің,төрлет наурызым!
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы сценарийі
Наурыз-ынтымақ пен бірлік мерекесі
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні . Наурыз мейрамы
Аналар мерекесі
Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
«наурыз» келіп енгенше
Тойға келіңдер, тойға
Пәндер