Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жасыл қала, таза қала-Талдықорған

Тақырыбы: Жасыл қала, таза қала-Талдықорған.
Мақсаты:
1)Сауат ашу,валеология,математика сабақтарын біріктіре отырып,негізгі <<Жасыл қала,таза қала-Талдықорған>>тақырыпты түсіндіріп,ашу, осы сабақтардан алған білімдерін бекіту.
2)Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3)Балалардың өз қаламыздың табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.Өз елін, жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер,отырғызатын көшеттер,ленталар,қуыршақ.
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері.
Кел,балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!
Осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Ізденістер ұйымдастыру.
Мен кеше қалада мына балаларды көріп, Талдықорған қаласының көркеюіне өз үлестерін қосып жатқанын көрген кезде,сендерге көрсетейін деген ой келді.Оларды суретке түсіріп алдым.Барлығы ағаштар отырғызып, оларға су құйып жүр екен.Өздерінің арнайы киімдері бар.Киімдерінде <<Жасыл ел>>деген эмблемалары бар.Олардың кім екенін білгілерің келе ме?
Олар елбасымыздың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында <<Жасыл ел>> бағдарламасымен жұмыс жасап жүрген жастар. Бұл жастар <<Жасыл ел>>бағдарламасы бойынша еліміздің табиғатына қамқорлық жасау арқылы экологиялық жағдайды жақсартады.
Суретке қарайықшы, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ағаш отырғызып, су құйып жатыр.
Ағаштарды неліктен отырғызуымыз керек?Олардың бізге қандай пайдасы бар?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, ауамыз таза болады, жазда көлеңке болады, қаламыз көркем де әсем болады.
Негізгі бөлім.
<<Елбасымыздың өзі ағаш отырғызғанда, біз де балалармен бірге неге ағаш отырғызбасқа? Біздің туған жеріміздің көркеюіне, әсем, таза жасыл қала болуына бізде өз үлестерімізді қосайық>>- деп көшеттер алып келдім. Бірақ бұл көшеттерді отырғызу үшін біз тапсырмалар орындап, өздерімізді бұл көшеттерді отырғызуға лайықты екенімізді көрсету керекпіз.
Балалар, тапсырмаларды орындай аласыңдар ма?
1 көшеттің тапсырмасы: өз қолдарыңмен гүл жасау. Алдымызда өткен сабақта сендер өз қолдарыңнан жасаған гүлді бәйтерекке елімізге,жерімізге деген тілектеріңді айтып ілдіңдер. Сол кезде бұл көшеттің тапсырмаларын орындап қойдық. Бұл көшетке көшетке сары лента байланасақ болады.
Ал 2 көшеттің тапсырмасы: өзін-өзі тану сабағының тапсырмаларын орындау. Жаңа өткен сабағымыз өзін-өзі тану болғандықтан және ол сабаққа сендер белсенді қатысып отырғандықтан екінші көшетке жасыл лента байлаймыз.
3 көшеттің тапсырмалары: математика сабағынан есептерді шығару керек.
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма жайнаған.
Алдым үзіп 5-еуін,
Тағы алдым 3-еуін.
Алдым сонда нешеуін? (8)

Алма ағашта 5 алма.
Қандай жақсы жесе алма!
Бесеуін де жеп қойдым
Қалды сонда неше алма? (0)

Тал басында тізіліп
7 жапырақ тұр еді.
Жел тұрды да үзіліп
Ұшып кетті екеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (5)
Тал басында күнара
Қонушеді 3 ара.
Бүгін алты туысын
Ертіп келді бұл ара.
Бүгін талда неше ара? (9)
Есепті жақсы шығарғандықтан, үшінші көшетке күлгін түс байлаймыз.
4 тапсырма: мына қуыршаққа көмектесу керек екен.Қуыршағымыз дәрігер Салауатты іздеп жүр, адасып жүріп шаршап қалыпты.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз оған көмектесе аламыз ба?Қуыршақтың білгісі келіп жүргені: << Ауырмау үшін, деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?>>(Балалар сұраққа жауап береді).
Қалай ойлайсыңдар, біз қуыршаққа көмектестік пе,онда көшетімізге қызыл түсті лентаны байлайық.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Бетіме жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Шетімізден шеберміз.
Денемізді бос ұстап,
Билеп, билеп алайық.

5 тапсырма.
Жасыл қала деген сөзді дәптерге жазып, дыбыстық талдау жасау керек.
Ойын <<Кім тапқыр?>>. Шарты:жасыл қала сөздерінің әріптерінен неғұрлым көп сөз құрау.Мысалы: жас, қал, лас, алқа, сал, жыл, лақ, қалақ.
Жасыл қала сөз тіркесін үш тілде айтқызу:қазақша,орысша,ағылшынша. Тапсырманы орындағаннан кейін бесінші көшетке көк лента байланады.
Қорытындылау.
Бүгін біз сабақта мына көшеттерді отырғызу үшін тапсырмаларды орындадық. Бұл көшеттерді түстен кейін балабақшаның ауласына отырғызамыз.Қаламыздың көркеюіне, жасыл, таза қала болу үшін өз үлестерімізді қосамыз. Біз бірігіп ағаш отырғызсақ, ауамыз таза болады. Ауамыз таза болса,деніміз сау болады.Деніміз сау болса, жақсы білім аламыз,еліміздің білімді де, білікті азаматтары боламыз.Талдықорған қаласының гүлденуіне, әсем де, сұлу болуына өз үлестерін қосып жатқан балабақша бүлдіншіндеріне <<Жасыл елдегі>> апайларымызбен ағаларымыз мына бір сыйлықты жіберіпті.Сыйлық пен қоса жақсы сөздер жіберіпті,бұл тыйым сөздер:
-жалғыз ағашты кеспе,
-жас бұтақты сындырма,
-көк шөпті жұлма.
Бізге апайларымызбен ағаларымыз жіберген жақсы сөздерін есімізге мәңгі сақтауымыз керек.Олай болса, бірге жаттап алайық. Мынандай жақсы сөздерді естеріңнен шығармасаңдар, табиғатқа зиян келтіреді деп ойламаймын.Әрдайым есімізде ұстайық.
Мен сабағымды мына бір сөзбен қорытындылағым келеді:
<<Бұл - сенің жерің, таза ұстау міндетің!>>

Ұқсас жұмыстар
Қарахан кесенесі
Жаса, жайна - талдықорған 6-сынып
Талдықорған-менің қалам
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Қалалар
Павлодар облысының облыс орталығы қай қала
Смогтың түрлері
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі
Қазақстан Республиксының бас қаласы қай қала
Етістік туралы
Пәндер