Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сауат ашу әлеміне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Сауат ашу әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты: 1) Балалармен сауат ашу әлеміне саяхат жасау арқылы дыбыстарды, әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталата отырып, балалардың білімін тиянақтау.
Елбасымыздың "Үш тұғырлы тіл" бағдарламасы бойынша,үш тілде білім берудің балабақшада қарапайым элементтерін енгізу.
2) Балалардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3) Балаларды ұғымталдықка, әдептілікке, тәрбиелеу.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі -түсті шарлар,суреттер, жүмбақтар, буындар, үлестірмелі карточкалар,текшелер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып, қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
<<Сәлеметсіз бе,>>- дейік үлкенге:
"Сәлеметсіздер ме, апайлар!"
(Балалар қонақтармен амандасады).
- Қане, барлығымыз орнымызға отырайық.

-Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын
мына шарларды ала келдім .Бұл шарлардың түстері қандай?(ақ,жасыл,қызыл,сары)
-Бұл түстерді қазақ тілінде,орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып,есімізге түсірейік.
Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық . .. (қыс, көктем, жаз,күз)
-Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
-Мына шардың түсі қандай ?(ақ)
-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
-Қыс. Қыста жер қандай болады? (ақ) Жасыл шарды көрсету.
-Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
-Табиғат көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады.
Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем)
Қызыл шарды көрсету.
-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады.(жаз)
Сары шарды көрсету.
-Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?(күз)
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.

-Балалар ,біз бұл жыл мезгілдерін үш тілде айтып,есімізге түсірейікші.
Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn. Күз айымыз аяқталып қалды .Енді екі-үш күннен кейін қыс мезгілі басталады. Қыс тезірек басталып,айналамыздың бәрі әдемі де ,әсем болуы үшін ,біз сауат ашу әлеміне барып,қыс мезгіліне өте қажетті нәрсенің не екенін біліп келуіміз керек. Ол үшін біз аялдамаларына тоқтап,тапсырмаларын дұрыс орындау керекпіз.Онда біз бұл шарлармен сауат ашу әлеміне саяхатқа шығайық.
Негізгі бөлім.
Сауат ашу әлемінің бірінші аялдамасына жеткенше жұмбақтар шешейік.

Зулап түсіп төменге Шыға алмас менсіз бөгенге. (Шана)

Тікен,тікен тік пісте Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

Міне,балалар,бірінші аялдамаға да жетіп қалдық.Бұл аялдама қалай аталатынын білу үшін,оның тапсырмасын орындауымыз керек.

Аялдаманың тапсырмасы:
сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.

-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгілейміз?
-Әріп дегеніміз не?
-Сөз неден құралады?
-Шана сөзі неше буыннан тұрады?
-Сөйлем неден құралады?
-Жарайсыңдар,балалар,аялдаманың тапсырмаларын орындадық.Енді бұл аялдаманың қалай аталатынын көрейік.
-Қандай әріпті көріп тұрмыз?Бұл-Қ аялдамасы екен.Онда келесі аялдамаға асығайық.Аялдамаға жеткенше тағы жұмбақтар шешейік.
Терезені өрнектеп,әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық, көрінбей кетіп қалыпты.(Аяз)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын
Тауып көрші сен оны.(Аққала)
Екінші аялдамаға да келдік. Бұл аялдаманың тапсырмалары: 1.Берілген буындарды,сөздерді оқу.
2.Ойын: "Қай буынды жоғалттым?".Кеспе буындардан сөз құрау оны оқып, дыбыстық талдау жасау.
Бұл аялдаманың тапсырмаларын ойдағыдай орындадық.Аялдамамыз қалай аталатынын көрейік. А аялдамасы екен. Енді соңғы аялдамаға жеткенше сергіту сәтін өткізіп,бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Біз балдырған баламыз
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз
Былай қанат қағамыз.
Міне, сауат ашу елінің соңғы аялдамасына да жеттік.Бұл аялдаманың тапсырмаларын біз орындай аламыз ба?
1.Суреттегі заттардың атын жаз.
2.Сызба бойынша сөйлем құрастыр.
Соңғы аялдаманың да тапсырмасын орындадық.Бұл аялдаманың қалай аталатынын көруге де мүмкіндік алдық.Бұл- Р аялдамасы екен.
Қорытындылау.
-Балалар, біз сауат ашу әлемінің үш аялдамасының да тапсырмаларын орындадық.Қандай аяламаларға тоқтадық?
-Қ аялдамасын да қандай тапсырмалар орындадық?
-А аялдамасының қай тапсырмасы сендерге ұнады?
-Р аялдамасындағы тапсырмаларды еске түсірейікші.
- Бұл аялдамалардың аттарын қоссақ қандай сөз шығады? (ҚАР)
-.Сонымен қыс мезгілі әдемі, әсем болуы үшін не керек ? (Қар)
-Дұрыс айтасыңдар.Қыста қар мол жауса, айналамыз аппақ,суреттегідей әдемі болады.
-Енді қар сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
-Қар сөзімен қандай сөйлем құрастыра аламыз?
Балалар, біз қар сөзін үш тілде де айтып үйреніп алайық, келесі сабақта сұраймын.
Қар-снег-snow.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Ұқсас жұмыстар
Сөздерді оқиық
Сөздер аралы
Ойын әлеміне саяхат
С дыбысы және әрпі
Тәжірибенің мақсаты
Қорытынды бағалау
Суреттер елі
Баланы толыққанды дамыту
Сөйлемдер білдіретін сөздерді сөйлемнен табу
Табиғатқа саяхат
Пәндер