Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ

М. С. Науашева
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі
Тақырыбы: Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ
Құндылығы: Қиянат жасамау.
Қасиеттері: Татулық, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау.
Сыныбы: 6
Мақсаты: Табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығын ашу.
Міндеттері: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.
Оқушыларға қоғам меншігін қамқорлай білуді үйрету.
Оқушыларды қиянат жасамауға баулу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Тыныштық сәті. <<Орманға саяхат>>.
Қазір біз орманға саяхатқа шығамыз. Ойша орманға қарай жүреміз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Айналаға көз салыңыз, табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігіне зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрселерді бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға қарай ендей түсіңіз, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түседі. Гүлдер, гүлдердің иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Біз орманда өзімізді бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут дем алыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге тырысыңыз. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді, қадірлейтінімізді, бірде бір жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Енді қайтадан мектепке қайтуға жиналайық. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолымызбен кері қайтамыз. Осы жым-жырттық , тыныштық, қанағат сезімін өзіңізге сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз .
2. Үй тапсырмасын тексеру.
А. Сейдімбек. Мәтінді оқу талдау .
1. Табиғат неліктен мейірімді, әрі қатал?
2. Табиғат аясында тәртіп тазалықты сақтау неліктен қажет деп
ойлайсыңдар?
3. Адамның табиғат алдындағы парызы не?
Адамның су мен жер туралы
ойлағаны - өзі туралы ойлағаны.
Ш. Айтматов.
3. Мұғалімнің сыйы.
<<Екі түп алма ағашы>>. аңыз әңгіме.
1. Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді ?
2. Екінші алма ағашы неге жеміс бермеді ?
3. Сенің осы мәтін туралы пікірің қандай ?

4. Шығармашылық жұмыс .
Топпен жұмыс. 1 топ <<Жер>> берілген ребустарды шешу .
2 топ <<Су>> берілген жұмбақтарды шешу .
3 топ <<Ауа>> берілген мақал мәтелдерді шешу .
5. Топпен ән айту. Ән <<Бозторғайым .>>
Сөзі:Б.Тәжібаев. Әні: Е . Хасанғалиев .
6. Үйге тапсырма
<<Табиғатты аялайық>>. мәтінді оқу .
Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңе сақтаңдар .

Ұқсас жұмыстар
Табиғат пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырып жазыңдар
Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ
Шаңырағым - шаттығым жайлы ақпарат
Балалардың табиғат туралы түсінігін анықтау
Бейбіт күн тілегі
Қоңыр қозы
Мөлдір бұлақтан..
Отбасы. 4-сынып
Ата-ана құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Суреттерді оқушыларға әңгімелету
Пәндер