Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл

“ Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды”. (Н. Ә. Назарбаев)
I. Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл».
II. Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.
III. Сабақтың түрі: Интеллектуалдық сайыс сабақ.
IV. Сабақтың жалпы мақсаты:
- Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету.
- Оқушылардың тарихи -танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, тіл байлығын дамыту.
- Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
V. Күтілетін нәтиже: Қазақ елінің тарихын терең білу, тарихи тұлғаларды үлгі тұту, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу, өмірде қолдана алу.
VI. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада көрсететін слайд, оқулық, үлестірмелік қима қағаздар, суреттер, карта.
VII. Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, бейнелеу
VIII. Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды I-II топқа бөлу.
I-топ Керей (9 сынып) II-топ Жәнібек (11 сынып)
Әділ-қазы алқасын сайлау.
Сайыс кезеңдері:
- «Таныстыру»сайысы.
- «Шешендер»сайысы.
- « Білімділер» сайысы
- «Өнер» сайысы.
- Сергіту сәті
- «Ой қозғау» сайысы.
- « Ойлан, тап!» сайысы
- « Шығармашылық тапсырма»
- Қорытынды: «Ой толғау» сайысы
- «Таныстыру»сайсы. Әр топ өз атын қорғайды.
- «Шешендер»сайысы. Әр топ Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндап береді.
- « Білімділер» сайысы
Тест сұрақтарын ауызша қою. Әр топқа 15 сұрақтан қойылады.
“ Керей” тобына қойылатын сұрақтар:
- Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер:Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан
- Қазақ халқының Жәнібек пен Керек бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды?XV ғ. о.
- Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан Моғолстанға көшті?Әбілхайыр хандығынан
- Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті:Моғолстанның батыс аймағына
- Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық:Әбілхайыр хандығы
- Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:«өзбек-қазақтар»
- XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны:200мың
- Моғолстан билеушісі Есенбұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып, олардың көмегімен неге үміттенді?өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
- Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы:Есен Бұға
- Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғ. б. басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары:ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
- XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет:Қазақ тайпаларының басын қосып, этникалық аумағын біріктіру
- Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды?XV ғ. о.
- Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы:М. Х. Дулати
- М. Х. Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды?1465-1466жж.
- Қазақ хандығының негізін салушылар:Жәнібек пен Керей
“Жәнібек” тобына қойылатын сұрақтар:
- Жәнібек ханның шын есімі:Әбусаид, халық Әз-Жәнібек деп атаған
- Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы:Шу мен Талас өзендері маңы
- Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер:Жетісу
- Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер:Қозыбасы
- Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады?Жәнібек пен Керейге
- XVғ. с. қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар:Созақ, Сығанақ
- Қазақ хандығы қай жылдары құрылды?1465-1466жж.
- 1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала:Түркістан
- XVғ. а. Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:Мұзаммед Шайбани
- XVғ. с. Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі:Сырдария қалалары үшін
- XVғ. 70 ж Қазақ хандарының басып алған жерлері:Сырдария мен Қаратау өңірі
- Әбусаид, халық Әз-Жәнібек деп кімді атаған?Жәнібек
- Жетісу жерінде XVғ. II ж қандай хандық құрылды?Қазақ хандығы
- Қай жылы Қерей мен Жәнібек Сыр бойындағы қалаларға щабуыл жасады?1470ж
- Керейдің ұлы:Бұрындық
- «Өнер» сайысы. Әр топ өз өнерін көрсетеді.
- Сергіту сәті.
- «Ой қозғау» сайысы. (Ассоциация)
I-топ «Керей» тапсырмасы: «Алаш»сөзінің мағынасы туралы айтады
II-топ «Жәнібек» тапсырмасы: «Қазақ» сөзінің мағынасы туралы айтады.
- « Ойлан, тап!» сайысы. Суретке ат қою және авторын табу. I-топқа «Керей»М. Қаспақ салған сурет «Той» II-топқа «Жәнібек» Т. Асықов салған сурет «Хан көрету»рәсімі
- « Шығармашылық тапсырма» . I-топ «Керей» тапсырмасы «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» (Топтағы әр оқушы өздерінің жазып келген шығармаларын оқиды. II-топ «Жәнібек» «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»тақырыбында постер (плакат) қорғайды.
- Қорытынды: «Ой толғау» сайысы. «Бүгінгі Қазақстан»
№ 29 Жаңатұрмыс орта мектебі
Бекітемін:
№29 мектеп директоры
Ултамбаева С. Б.
Сыныптан тыс сабақ
«Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»
Тарих пәнінің мұғалімі: Ултамбаева Г. Ф.
9-11 сыныптар
Жаңатұрмыс ауылы
2014-2015 оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz