Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жүйрік болсаң, озып көр сайыс

Шараның тақырыбы: <<Жүйрік болсаң, озып көр>> сайыс
Шараның мақсаты: Өз денсаулығына жауапкершілік қатынасты қалыптастыру, оқушыларды спортқа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту. Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: спорттық сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шар, доп,
Ұйымдастыру кезең:
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар бүгін бізде <<Жүйрік босаң, озып көр>> атты спорттық сайыс өтеді.
Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Біздің 3,4,5 сынып оқушыларының арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз оқушыларға сәттілік тілейміз!
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Сайысқа қатысушылар топтың атымен таныстыру
2. <<Кім жылдам?>> ойыны. <<Балапанмен>> жүгіру
3. <<Кім шапшан?>> ойыны. Шарикпен жүгіру
4. <<Кім тез?>> ойыны. Қаппен секіру.
5. <<Кім епті?>>ойыны. Допты шеңберге лақтыру.
6. <<Кім күшті>> ойыны. Арқан тарту.
Сайысты бастамас бұрын әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін. Мектебіміздің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Запина Замарад Койшығалиевна және мектебіміздің психологы Мақсотова Толқын Тілекқабыловна.
Мұғалім: Боларсың шымыр шынықсаң,
Денің сау болар балғадай.
Түсініп сырың сен ұқсаң,
Жалқаулық досың болмағай
<<Қыран>> тобы
<<Сұңқар>> тобы
Мұғалім. Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда - дей келе сайысымыздың бірінші кезенің бастайық. <<Кім жылдам?>> ойыны. Оқушылар қолдарыңызға балапанды аласындар, жүгіріп барып келесі ойыншыға балапанды бересіңдер. Ойын шарты осылай жалғасады.
Екінші кезең. <<Кім шапшан?>> ойыны. Қасыққа шарикті салып құлатып алмай жүгіресіңдер, ойын шарты осылай жалғасады.

Үшінші кезең. <<Кім тез?>> ойыны. Әр топқа бір қаптан беріледі. Топ басшылары бастайды. Қапты киіп алып жүгіреді. Ойын шарты осылай жалғасады.
Төртінші кезең. <<Кім епті?>>ойыны. Топ басшылары допты шеңберге лақтырады. Ойын шарты осылай жалғасады.
Бесінші кезең. <<Кім күшті>> ойыны. Арқан тарту ойынына екі топ арқан тартысады.
Мұғалім. Салауатты өмір салтын сақтаймыз
Жас ұландар, ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз дей келе келесі сөз кезекті әділқазы алқаларына беріледі.

Мұғалім:Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі - халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз Салауаттылық - саулық кепілі, ал саулық - байлық негізі дей келе шарамызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Сөздің көркі - мақал
«дарабоз» көшбасшы сайысы
Тапқыр достар жайлы
Жанкүйерлерге сұрақтар
Туысқан жауабы
Сөз ойла, тез ойла
Үшбұрыштар елінде. 7-сынып
Кім жылдам ойыны
Әдебиет білгірлері
Тіліңмен жүгірме
Пәндер