Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Сакен Сейфуллин атындағы орта мектеп
Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Аманбаева Ж.Ө.
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Бейнелеу өнері пәнін оқытудың мақсаты - Өмірдегі, өнердегі сұлулықты
сезіне, көре, түсіне, әділетті бағалай білетін, белсенді тұлғаны тәрбилеу
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының бір саласы оқушыларға эстетикалық
тәрбие беруге бағытталады. Эстетикалық тәрбиенің ең алғаш адымы жанұяда
басталып, мектепте оқу тәрбие жұмыстары үстінде ілгері дамытылады. Мектепте
айналадағы тұрмыстағы көркем шығармалар мен өнер туындыларындағы әдемілікті
дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйрету мұғалімге жүктеледі.
Мұғалімдердің әр сабақта балаларға өздігінен жұмыс істетіп, олардың
интеллектуалдық белсенділігін, еңбексүйгіштігін және адамгершілік
қасиеттерін тәрбиелейтіндей жұмыс жүргізуге мүмкіндіктері бар. Осы талап,
мүмкіндік тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі
әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы
ерекше. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты
әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа адами келбетінің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. менің өз сабағымдағы негізгі міндетім: Ш.
Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясының қолданып соның
негізінде баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеуде
балалардың әсемдікті көріп сезінуге, олардың жан жақты дамуына ықпал ету.
Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен
дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына, сауатты сурет салуға деген білім
дағдыларын меңгертіп, ойын тұжырымдап, еркін қарым-қатынас жасауына жол
ашу. Осы орайда өнерге деген қызығушылықты тудыруда оқушылардың практикалық
жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту.
Әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың
пәнге деген қызығушылыктары артады. Оқушылар сызбада күнделікті қолданып
немесе көріп жүрген заттарын көретін болса өтетін тақырыптарды жақсы
түсініп игереді, оған мен өз тәжірибемде көзім жетті. Олар сызбаны тез және
жеңіл түсінеді, сызбаға және сабаққа қызығушылықтары артады, білімдері мен
логикалық қабілеттері тез дамиды. Сызу пәнінде әрқашан жаңа сабақты қысқа,
түсінікті және логикалық құрылымды жеткізуге тырысамын. Басында оқытылатын
материалдағы бастыны хабарлап, оқушымен бірге шешім жасау, артық ұсақ-
түйекті сөз қылмау. жаңа материалға 7-10 минут жеткілікті. Қалған уақыт
жаңа сабақты бекітуге жұмсалады. Әр сабақ мақсатын сабақ басында жеткізіп
айту. «Қима», «Тілік» сияқты күрделі тақырыптар қайталанып түсіндірілуге
тиіс. Сызу пәні оқушыларға дайын мәліметтер ұсынбайды, оларды ойлауға, әр
нәрсеге сын көзбен, салыстыра қарауға, есептердің шешудін мүмкін жолдарын
табуға, ішінен тиімдісін табуға ұмтылдырады, ғылыми ізденістерге жетелейді.
Өз іс-тәжірибемде оқытудың техникалық және басқа әр түрлі көрнекі
құралдарын барынша интерактивті тақтаны мүмкіндігімше пайдаланып, сабақта
берілген сұраққа оқушылардың нақты жауаптарына және сол жауаптарын
біртіндеп практика жүзінде дәлелдеп шығу білігіне негіздеймін. Оқушылардың
техникалық бөлшектерді дұрыс оқуы және олардың сызбаларын сапалы орындауына
бұл әдіс тиімділігін көрсетті.
Бейнелеу өнері сабағы оқушыларды тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай
беруді үйретеді, сурет салу барысында баланың психологиясы жайлап өзгереді,
мысалы, оқушы ойлау арқылы сурет салғанда, сурет пәніне деген өзіндік
жауапты сезінеді. Суреттің бұл түрі оқушының шығармашылық қабілетін
дамытады. Оқушыларды сабаққа қызықтыру үшін әр түрлі ойындарды ойнатуға
болады. Сабақтың тиімді, түсінікті өтуіне және оқушылар өтілетін
сабақтардан сапалы білім алуларына сабақта ойналатын ойындар көп көмегін
көрсетеді. Ойындар және сонымен қатар логикалық тапсырмалар оқушылардың
бейнелеу өнері пәніне қызығушылықтарын арттырады. Бейнелеу өнері пәнінің
ұлттық бағытта өткізілуі, оқушылардың қоршаған ортаға, салт дәстүрге деген
көзқарастарын оны эстетикалық тұрғыдан қабылдауларын қалыптастырады. Мысалы
ою-өрнек тақырыбын өткенде ең алдымен өрнектердің пайда болғанынан бастап
айтылады сонымен қатар жеке оюдың атауымен, түстердің сәйкестігімен,
композиция негіздерімен танысады. Тағы бір оқушыларды сабаққа қызықтыратын
әдіс-тәсәл тақтаға сурет салу немесе сызу, оқушылар өздері салған
суреттерді дәл мұғалімдікіндей қылып салуға тырысады, тақтаға салынған
суреттің кезеңділіктерін оқушылар өздері бақылап отырады да салынған
суреттерінің кемшіліктерін тақтадағы суретпен салыстыру арқылы өздері
түзетіп отырады. тақтаға салынған суреттер оқушылардың қызығушылықпен жұмыс
істеуіне жақсы стимул береді.
Бейнелеу өнері сабағы басталар алдында оқушылардың көңіл
күйлерін білу үшін мынадай ойын жүргіземін. Бұл ойынға таза қағаз бен гуашь
болуы қажет. Оқушылар қағаздың жарты бетіне қылқаламмен кез келген дақ
салады содан кейін қағазды бүктеп екінші жартысына жабыстырады. Сонсын
қағазды ашып пайда болған дақтан қандай бейне шыққанын айтады.
Көңіл күйлері төмен оқушылар дақтан нашар нәрселерді көреді, олар көк
немесе сиякөк түстерді таңдайды. Ондай оқушыларды сабырлы оқушылармен
отырғызған жөн.
Сабырлы бала ашық түстен дақ жасайды және шыққан суретінен жақсы
нәрселерді көреді.
Ашуланшақ балалар қызыл немесе қара түстерді таңдайды.
Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынандай ойындарды
қолдануға болады. Оқушыларды кез келген түсті айтып, сол түсті бес нәрсені
тез арада айтуларын талап ету. Бір минуттың ішінде бес нәрсені атай алмаған
бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді қайталауға болмайды. Бала тез
ойланған арқылы түстерді қайталайды. Оқушылар тақырыптар бойынша салған
суреттерді ұнатады. Ақын жазушылардың шығармалары оқылады, олар оның қандай
жанрға жататынын тауып, суретін салады. Ойындар оқушылардың дамуында үлкен
роль атқарады, «Оқушылардың логикалық ойын дамытуға пайдаланатын
дидактикалық ойындар» атты авторлық брошюра, сабақтың үстінде ойнауға
болатын ойындар жинағы. Сызу сабағынан оқушылардың пәннен алған білімдерін
бекітуге арналған тесттер жинағы, бақылау жұмыстар тапсырмалары, қызықты
сұрақтар және тапсырмалар жиынтықтары дайындалды
Біздің мектептегі оқушылар бейнелеу өнерінен әртүрлі сайыстарға қатысып
жүреді. Сонғы жылдары бейнелеу өнерінен сапалық пайызы жоғары
көрсеткіштерде болуда. Оқушылар бейнелеу өнері сабақтарына
қызығушылықпенқатысады. Бұл пәннен үлгерім сапасы 100% құрайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz