Бастауыш сыныпқа арналған С. Мұқановтың Жылқы әңгімесі бойынша сабақ аннотациясы

А н а т і л і

Таджиханова Дәмеш

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Жылқы»

Сабақтың мақсаты: Жылқы малының өрісі, тіршілік табиғатымен, қадір-қасиетімен таныстыру. Халқымыздың қазіргі кезде де өмір сүруінің негізгі көзі болып отырған төрт түлік малға деген, соның ішінде жылқы малына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру. Еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыстары.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, С. Мұқанов портреті және т. с. с.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру:Үй жұмысын әңгіме мазмұнына сәйкес жоспар бойынша әңгімелету. Сұрақ-жауап бойынша пысықтау.
  3. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен, тақырыбымен, авторымен таныстыру.

  1. Кіріспе. Әңгімені түсіндіру. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені іштей оқып шығу. Сөздікпен жұмыс.
  2. Тапсырма.

Сұрақтар: 1. Әңгімеден жылқының аналық мейірімі туралы не айтасындар?

2. Мақанның сөзіне сүйеніп қандай қорытынды шығарар едіңдер?

Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін еске түсіріп айту.

Жылқының пайдасы жөнінде пікірін дәлелдеп, айтып шығу.

Жылқы малының жасына қарай атауларын айтып шығу.

Жылқы малын қалай шақырады?

Жылқы атасы кім?

Бүгінгі өткен сабақтан қандай әсер алдыңдар? Қандай сезімде болдың? Сені таңқалдырған жайт болды ма? Осы туралы өз білгендерін оқушылар қолдарына таратылып берілген алма кескініндегі қағазға жазып, кәрзеңкеге салады.

Сабақты қорытындылау: Балалар, бүгін төрт түлік малдың ішінде жылқы малының ерекше қасиетімен таныстық. Не білдік?

Үй тапсырмасы: Әңгімені оқу. Әңгіменің соңында берілген тапсырманың суретін салып, жылқының жасына қарай атауларын жазып келу.

  1. Бағалау.

Таджиханова Дәмеш

Маңғыстау облысы, Бейнеу Ауданы

Абай атындағы орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған Сәбит Мұқановтың Жылқы әңгімесі бойынша сабақ жоспары
С. Мұқановтың Жылқы әңгімесіне негізделген бастауыш сынып сабағы
4-сыныпта С. Мұқановтың Жылқы әңгімесіне арналған әдебиеттік оқу сабағының жоспары
Сәбит Мұқановтың Жылқы әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Сәбит Мұқановтың Лашын әңгімесі бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Бүлдірген тере барғанда әңгімесі бойынша жылқы малы туралы аралас сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған С. Мұқановтың Саятшы Ораз әңгімесін талдау сабағының жоспары
7-сыныпқа арналған Жылқы шаруашылығы бойынша сабақ жоспары
Алтын сақа ойыны негізінде 5-сыныпқа арналған С. Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесі бойынша ашық сабақ
4-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу пәні: Жылқы туралы сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz