Махамбет Өтемісұлының Жалғыздық пен Мен құстан туған құмаймын өлеңдерін талдау және сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы: «Жалғыздық», «Мен құстан туған құмаймын»

Мақсаты:

Білімділік :ақын өлеңдерін оқу, мәнін түсіну, идеясын, тақырыбын түсіну;

Тәрбиелік :бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу;

Дамыту : Өлең оқу техникасына үйрету, өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру.

Сабақ жабдығы. Махамбет шығармалары

Әдісі:сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу

Сабақ барысы: а) ұйымдастыру кезеңі

ә) Үй тапсырмасын сұрау

І. Махамбет Өтемісұлы кім?

Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай оқиғаға арналған?

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі не туралы? «Мұнар күн» өлеңін ақын қандай қайғылы оқиғаға арнаған?

ІІ . Жаңа сабақты хабарлау, мақсатын айту.

Өлеңді мәнерлеп оқу . Өлең не туралы екенін сұрау

«Мен - құстан туған құмаймын» өлеңінің лирикалық кейіпкері- жігері жасымаған жан. Ол өзін біресе «түбін кескен бәйтерекке». Біресе «қарақұстан туған қалықпанға»балайды. Әлі де қайрат жігері бар екенін халыққа бүкпессіз айтады.

«Жалғыздық» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып, өзі жалғыздықта, қуғында жүргенде шығарған. Арманының орындалмайтынын сезген ақынның көңіл күйі оның жалғыздық жайлы заманы, өмірде әділдіктің жоқтығы туралы, күн мен ай дәулет хақында философиялық толғанысынан танылады. .

ІІІ. Өлеңді сатылай талдау

1. Тақырыбы:Ақын арманы

2. Идеясы:ерлікке, адалдыққа үндейді

3. Көркемдігі:

Метафора

Риторикалық сұрау

Мен-құстан туған құмаймын

Мен-қарақұстан туған қалықпан

Мен-түбін кескен бәйтерек

Сауырыма қамшы тиген соң,

Шаппай неғып шыдаймын?

Көп соңыма түскендей,

Көптің несін алыппын?

.

4. Құрылысы: 17 тармақ, 4 шумақ, 2 бунақ, қара өлең ұйқасы

Мен/ -құстан туған құмаймын, / 8а

Бір тұлпарға / жұбаймын. / 7а

Сауырыма / қамшы тиген соң, / 9б

Шаппай/ неғып шыдаймын?/ 7а

ІV. Қорытынды . »Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «заманым менің тар болды» дейд»? Ақын өзін неліктен жалғыз сезінеді?

Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай?

V. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ әдебиеті: Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне сабақ жоспары - Ереуіл атқа ер салмай, Жалғыздық, Мұнар, Мен құстан туған құмаймын
8-сынып: Махамбет Өтемісұлының Ереуіл атқа ер салмай, Жалғыздық және Мұнар күн өлеңдерін талдау
Махамбет Өтемісұлының Жалғыздық өлеңіне арналған 8-сыныпқа сабақ жоспары
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері: көркемдік талдау және мәнерлеп оқу сабақ жоспары
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы: 8-сынып қазақ әдебиеті сабағы
М. Өтемісұлының Қызғыш құс өлеңі бойынша сабақ жоспары: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын талдау
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы: тарихи-әдеби талдау
Махамбет Өтемісұлының Тарланым өлеңіне арналған ашық сабақ: әдеби талдау мен тәрбиелік мәні
8-сынып: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы - өр рухты ақын
Атадан туған ардақты ер: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы және ұлттық-азаттық күрестегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz