Ахмет Иүгнеки Ақиқат сыйы дастаны

Сабақ тақырыбы: Ахмет Иүгнеки «Ақиқат сыйы» дастаны
Мақсаты:
Білімділік:ақын өмірі, шығармасы туралы мәлімет беру арқылы қайталанбас тұлға екенн таныту;
Тәрбиелік; адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу
Дамыту:білімдік танымын, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын дамыту;
Сабақ түрі:дәстүрлі
Әдісі:сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі:суреттер
Сабақ барысы:Ұйымдастыру
1. Үй тапсырмасын сұрау
2. Жаңа сабақ
Ахмет Иүгнеки Махмұтұлы (Жүйнеки) 12 ғасырдың аяғы мен 3 ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан «Әдиф Ахмет» (оқымысты) деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны. даналардың көшбасшысы.
Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте туып өскен. Ақынның бізге жеткен «Ақиқат сыйы» атты кітабы -тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра.
«Ақиқат сыйы»(шығармадан үзінді)
Ей, достым, білімдіге ынтызар бол.
Ашылар біліммен бақыт жолы,
Білім ал жолға түсіп бақыт жолы.
Білімді-алтын, нұры ашылатын,
Білімсіз -қара бақыр шашылатын . . .
Жүрсе де тым шіреніп,
Білімсіз жан -тірі өлік.
Ақынның айтпағы не? (білімсіз надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың «Оқу-инемен құдық қазғандай», »Оқу-білім қазығы, білім-өмір азығы» деген мақалы осы отты қайнар көзінен туындаған)
Әрқашанда әдеппен,
Қысқа сөйлеп әдеттен.
Байқап шығар үніңді- дейді. ( «Оқ жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмас» әдепті сөйлемеген адам көңілге қаяу, жүрекке жара салатынын қатаң ескертеді)
Жұмсармас иілмсті жомарт иер,
Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер. Мақтайтын бақылдарды жан бола ма?
Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер, -дейді. (ақын жеке адамның мінез-құлқын жақсарту арқылы оларды жомарт, мейірімді, білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп үміттенеді де тәлім-тәрбиеге, білім беру ісіне ерекше көңіл аударады. )
Дұшпандықты жоя біл,
Жазықтыны кешірген :
Ақылға ден қоя біл,
Ашу өртін өшірген (жақсы мінезді қалыптастыру үшін әрбір адам өзін-өзі тәрбиелей білуі
қаж ет екенін өнеге етеді)
--Ақынның өмірлік мақсат-мұраты қандай?
Қорытынды:Ертедегі данышпан бабаларымыздың мұхиттай мол еңбектерінің шашырандысы іспеттес болса да, »Ақиқат сыйы» кітабы ұлы ойшылдардың ұлттық тәлім-тәрбиемізге бұдан былай да зор әсер ететін құнды еңбек екенін бағалай біліп, халықтың педагогикада да жалпы этностық тәлім-тәрбие де оның алатын орны ерекше екенін көреміз.
Бұл адамзаттық тәлімге қажетті дүние . Шығыстың жарқын жұлдыздарының данышпандық ойларын бүкіл адамзат ардақтай білуі керек.
Бағалау.
Үйге тапсырма:үзінді жаттау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz