М. Жұмабаевтың Бесік жыры өлеңі бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:М. Жұмабаев « Бесік жыры »

Сабақтың мақсаты : Білімділігі : ақынның бесік тербеткен ана бейнесін суреттеуіне қарап, өлеңдегі кейіпкердің көңіл күйін іздеуге, сезінуге мүмкіндік беру .

Дамытушылығы : бейнелі сөйлей білу дағдыларын арттыру .

Тәрбиелігі : үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, ананы құрметтеп, сүйіспеншілігін арттыра білуге тәрбиелеу .

Көрнекілігі : ақын портреті, суреттер, «Бесік тербетіп отырған ананың» суреті, тапсырмалар .

Сабақтың барысы :

1 . Ұйымдастыру кезеңі :

Психологиялық дайындық .

2 . Үй тапсырмасын тексеру .

Дүниеде не тәтті? Не жұмсақ ?

1 . Бұл сөзді сұраған кім ?

2 . Екі баланың қайсысының сөзі түйінді ?

3 . Өздерің бұл сұраққа қалай жауап берер едіңдер ?

( Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін мұғалім қорытындылайды )

Дұрыс айтасыңдар, балалар, адам баласына ең жақын - ана . Ананың сүйіспеншілігіне, мейіріміне жететін ештеңе жоқ .

Ендеше кітабымызды ашып, «Ең жақын адам» өлеңін мәнерлеп оқиық .

3 . Жаңа сабақ . «Бесік жыры» . М . Жұмабаев .

Авторға түсінік беру : М . Жұмабаев - қазақ халқының ұлы ақыны . Ол Солтүстік Қазақстан облысында 1893 - жылы дүниеге келген . Ақындық таланты ерте оянған .

«Ой шақыру» . «Бесік» дегенде көз алдарыңа не елестеді? Бесік туралы білесіңдер ме ?Бесіктің пайдасы немесе зияны барма ?

Өлеңді оқу, мазмұнын түсіндіру . « Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген мақалдың мәнін ашу .

C:\Users\Асылбек\Desktop\img076-1.jpg

4 . Дәптермен жұмыс .

1 . Өлеңнің үшінші шумағын көшіріп, тапсырмасын орындату .

5 . Сергіту сәті : «Бесік жыры» әні .

Ой қозғау .

Әдептілік

6 . Кітаппен жұмыс .

1 . Мәтіннен оқушылардың айтқан жауаптарын іздеп, салыстыру .

2 . Сұрақтарға жауап алу .

7 . Шығармашылық жұмыс .

«Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау .

Кесте бойынша салыстыр, сөйлет .

Сурет бойынша
Өлең бойынша
Сурет бойынша:
Өлең бойынша:
Сурет бойынша:
Өлең бойынша:
Сурет бойынша:
Өлең бойынша:

1 . Әдептілік, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, ана, ата - әжелерің туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер ?

8 . Үйге тапсырма : өлеңді жаттау

9 . Бағалау .


Ұқсас жұмыстар
3-сыныпқа арналған Бесік жыры өлеңі бойынша сабақ жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Мағжан Жұмабаевтың Бесік жыры
Бесік жыры: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бесік жыры: сабақ жоспары мен әдістемелік сипаттамасы
2-сынып әдебиеттік оқу пәнінің сабақ жоспары: Бесік жыры
Бесік жыры: қазақ салт-дәстүріндегі маңызы және сабақ жоспары
2-сынып Әдебиеттік оқу сабағы: Бесік жыры және қазақ салт-дәстүрлері бойынша сабақ жоспары
Бесік жыры: тарихи, поэтикалық және педагогикалық аспектілері
М. Жұмабаевтың Шолпы өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңі: сабақ жоспары мен әдеби талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz