Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ою-өрнектердің қолдану орны

Сабақтың тақырыбы:Ою-өрнектердің қолдану орны
Сабақтың мақсаты;
Білімділігі;Оқушыларға өнер және қол өнер туралы беру.Ою-өрнектер туралы түсінік беру,ою-өрнектерді ою әдістерін үйрету;
Дамытушылық;Оқушылардың жұмыс орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.
Тәрбиелік; Оқушыларға ою-өрнекті бұйымға үйлесімді,қонымды етіп, пайдалана білуге үйрете отырып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі; ұлттық киім үлгілері, қоржын, тест сұрақтары
Қажетті құралдар; мата түрлері, түсті қағаздар,қарындаш,қайшы желім.
Пәнаралық байланысы;Бейнелеу,әдебиет, саз
1.Сабақтың барысы; Ұйымдастыру.
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз
Кемелінен толысқан
Біз өнерлі боламыз
Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті құралдарын дайындау.
2 Құралдарды пайдалану ережелері:
1) Қайшы мен инені доғал жағымен ұсыну керек.
2) Ине мен түйреуішті ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды.
3) Іс тігіп болған соң ине мен түйреуішті түгендеп шығу керек.
4) Ине мен түйреуішті арнайы жастықшаға түйреп қою керек.

3Үй тапсырмасын сұрау .
Оқушылардың үй-жұмысын аралап тексеріп,мадақтап, мақтау тиісті бағаларын қою.
Үй тапсырмасын бекіту.
Кілемнің қандай түрлерін білесіңдер?
Орыстың ұлттық кілемдерінің ерекшелігі неде? Ұйғыр халқының ұлттық кілемдерінің
ерекшелігі неде?

Жаңа сабақ
-Балалар,бүгінгі Жаңа сабағымыздың тақырыбы Ою- өрнектердің қолдану орны
Мұндай ою-өрнектерді тықыр кілемдер мен қоржындардың әшекейі ретінде жиі көріп жүрсіңдер. Зер салып қарасаңдар, ою-өрнектерден көп нәрсені байқайсыңдар.Өрнектерге қарап қозғалыстағы адамарды, жануарлар мен өсімдіктерді, Күн және Айды елестетуге болады . Халық шеберлері өрнек үлгілерін адамды қоршаған табиғат аясынан алады. Ою- өрнектер тек бояуымен ғана емес, сондай-ақ заттардың стильденген бейнелерімен де ерекшеленді.
Ою-өрнектің 4-топқа бөлінген Өсімдік тектес ою-өрнек Жануарлар тектес ою-өрнек Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнек Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнек
Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесі. Мағынасына қарай
өрнектер 8 топқа бөлінеді.
1. Ай,Күн жұлдыздарға-аспан әлеміне байланысты.
2. Малға,малдың түрлеріне,аяқ таңбаларына байланысты өрнектер.
3. Құрт-құрмысқа,жәндіктергебайланысты.
4. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ,бұтаұ бейнеленген өрнектер.
5. Қару, құралдарға байланысты өрнектер.
6. Геометриялық денелерге байланысты өрнектер.
7. Құстарға байланысты өрнектер.
8. Аңның түріне, аяқ таңбасына байланысты өрнектер.
<<Қошқар мүйіз>> - әл-ауқаттың, жақсылықтың, молшылықтың белгісі.
<<Түйе мойын>> - алас сапардың белгісі.
<<Түйе табан>>, <<Өркеш>>, <<Ботамойын>>-көштегі түйе жабуына , жібек жолсауды заманында саудагерлердің шапанына салынған
Қазақтың <<ою және өрнек деген қос сөзі бірігіп келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді.Орнамент - көп елдің тіліне сіңген көпұлттық термин.Мағынасы- сәндеу,әрлеу, әсемдеу.Осы ұлттың ою-өрнектің шығу тарихына байланысты, мынандай аңыз әңгіме бар.Ою хан және Жою хан аңыз әңігме
Сергітіу сәті.
Сарамандық жұмыс.
Өткен еске алып,ойға толам,
Сұрыптап тезге салып , көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып ою оям-деп Б.Мұмышұлы атамыз айтқандай,бізде келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.
Сөз жұмбақ
Тігіншіге керекті құрал не?(Оймақ)
Бұйымдарды немен әшекейлейді?(Ою)
Ою деген сөзбен қандай сөз бір мағына білдіреді?(Өрнек)
Өте ертенден келе жатқан өнер саласы не?(Зергерлік)
Жерге түссе таптырмас (Ине)
Басы екеу аяғы да екеу (Қайшы)
-Ахмет Байтұрсынов айтқандай <<Әр бір ұлт қолөнеріне көңіл бөлу керек, >>біз өз қолөнер бұйымдарымызбен ою- өрнектерімізді ұмытпай есте сақтап, біліп жүрейік. -Қане қандай қолөнер, ою-өрнек жайлы мақал білеміз?
Қорытынды.
Өнер білім негізінен, Өтеді енді сынақтар. Мазалайтын, ойлайтын, Қойылады сұрқтар
Жанурлар әлеміне арналған ою-өрнектерді атаңдар ?(<<Түйетабан,>> <<Ботамойын,>> <<Ботагөз>>,) Бұйымдардың шетіне салынатын қандай өрнектерді білесіңдер ?(<<Сыңармүйіз,>> <<Түлкібас,>> <<Ирексу>>) Бағалау. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап , тиісті бағасын қою.
Үйге тапсырма.

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық өнері және қол өнердің бір саламсы құрақ құрау
Оқушыларды ұйымдастыру
Камзолға өрнек таңдау
Ою-өрнектер сыр шертеді
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан, Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері
Наурыз эмблемасы
Ұлттық ою-өрнек қолданбалы сәндік өнері бойынша сабақтар кешені
Өрнек әжеде қонақта
Сәндік қолданбалы өнер
Қазақтың ою-өрнектері. 6 класс
Пәндер