Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біздің отбасымыз

Байбусенова Күльзада Найманқызы
Анар орта мектебі
Аршалы ауданы
Ақмола облысы
Анар станциясы
Сабақтың тақырыбы: <<Біздің отбасымыз>>.
Сабақтың мақсаты: өтілген материалдармен сабақты байланыстыру арқылы оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағлұмат бере отырып, олардың түрлеріне тоқталу.
Міндеттері: білімділік: Оқушылардың білімін тексеру, дұрыс сөйлеу және сауатты жазуға үйрету, дауыссыз дыбыстарын өзіндік ерекшеліктеріне назар аударту.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға тілдің қадірін білуге, үлкенді сыйлауға елімізге деген қамқорлығын арттыру, тәрбие мен білімді ұштастыру.
Сабақтың көрнекілігі: географиялық карта, диапроектор, карточкалар, плакат, ребус, сөзжұмбақ, перфокарта.
Сабақ түрі: жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойландыру, түсіндіру, жаздырту, сөйлеттіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, орыс тілімен байланысты.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
Оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу.
Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келіпті. <<Келгенше қонақ ұялады, Келген соң үй иесі ұялады>>демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық. Сендердің білімді де зерек оқушы екендеріңе куә болсын! Біздің алар бағамыз, Кілең <<бестік>> болсын!
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі: Бүгінгі сабақта отбасы туралы мәлімет аламыз. Отан отбасынан басталады. Отан сендердің туған жерің, атамекенің. Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы.
1. Отан туралы не білесіңдер?
2. Отан туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?
Отан туралы мына өлеңді оқиық:
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкен, астанаң,
Отан - аудан, ауылың,
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың,
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
(Б. Ысқақов)
<<Отан отбасынан басталады>> - деп, сабағымызды жалғастырамыз.
Мұғалімнің сөзі: Отбасы - семья, жанұя деген сөздерің синонимі. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. <<Әке - асқар тау, ана - аққан бұлақ, бала - жағасындағы құрақ>> дейді қазақ халқы. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарады, сондықтан оны тау дейді. Ана отбасына әрқашан нәр береді, сондықтан оны бұлақ дейді. Балалар әке қамқорлығымен, шеше нәрімен өседі, сондықтан оны су жағасындағы құрақ дейді. Бала өмір бойы әкесінің және өтеу перзенттік парыз болып табылады. Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі.Кішіпейлдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Егер бірге тұрса, отбасына ата мен әже де енеді.

ІІІ. (Тақтаға жаңа сөздерді жазу, аудару).
Сөздік жұмысы:
Ата - дедушка Әке - отец Және - и (союз)
әже - бабушка шеше -мать тату - дружный (-ая,-ое)
аға - брат іні - младший брат жас - молодой (-ая)
әпке - сестра сіңлі - младшая сестра кәрі - пожилой (-ая)
қарындас - младшая сестра по
отношению к брату

Жаңа сөздерге назар аударайық!
1. Сөздерді дұрыс оқытамыз, қайталаймыз.
2. Сөздік дәптерге жазу
3. Буынға бөліп оқу
4. Сөйлемдер құру

IV. Лексикалық тақырып.
Кластер сызу. Әр отбасы: <<Білгіштер>> отбасы, <<Тапқырлар>> отбасы, <<Дәстүрлі>> отбасы өз кластерін қорғайды.
Отбасы туралы мақал - мәтелдер, отбасы мүшелеріне байланысты өлең дайындап келдіңдер. Айтып жіберіндер. Жарайсыңдар!
Сергіту сәті. <<Кім шапшаң?>> (Кәртішкемен жұмыс).
Бұлар кімдер? (суреттер) көрсетіледі
Топтастыру:

Мұғалім сызба арқылы түсіндіреді содан кейін оқулықты ашып ,
б. 71 5 - тапсырма.
1. Мұғалім оқиды. Оқушылар тізбекпен оқиды.
2. Әр отбасы төрт сөйлем оқып аударады.
3. Сурет бойынша мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру. 69 - бет 1 - тапсырма
Жазылым.
:: Адасқан әріптер
Т О Б Ы С А
Л І Ң І С
С А Р Ы Д А Н Қ
Тақтада тіректі сызба ілулі тұрады. Мұғалім осы сызба арқылы гармматикалық тақырыпты түсіндіреді.
Дауыссыз дыбыстар (согласные звуки) Олар үш топқа бөлінеді: ұяң, үнді, қатаң.
Ұяң (звонкие) ғ ж з д г в б (7)
Үнді (сонорные) р л м н ң й (у) (7)
Қатаң (глухие) п ф х ц ч ш щ к қ т с һ (12)
Ал дауыссыз дыбыс болатын әріптер . <<У>> әрпі әрі дауысты, әрі дауыссыздар тобына жатады.

V. Бекіту.
Әр топтан оқушыдан тақтаға шығып, тірек сызба арқылы отбасы туралы әңгіме құрастырады.
Әр оқушы айтылған әңгіме бойынша өзі таңдап, есте сақтаған сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Сөздерді аудару.
Cөзжұмбақты шеш.

VI. Қорытындылау.
Тапсырмаларды топ жетекшілері білімпаз экраны бойынша тексеріп бағалай парағына баға қояды.

VII. Үйге тапсырма беру.
Жаңа сөздерді жаттау.

Ұқсас жұмыстар
Әкең неше жаста
Ана бақыты кім
Сіздердің бала
Отбасы мүшелерінің мамандықтары.
Спорт - денсаулық кепілі атты спорттық ойын
Ең тату отбасы
Мен отанымды сүйемін
Менің қонақ бөлмесі
Өзін-өзі тану адамгершілікке,адалдыққа жетелейді
Менің атам
Пәндер