Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Тақырып Ж.Жабаев Аттандыру

БатысҚазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Жамбыл ОЖББМ-балабақшасы
Олжатаева К.Х
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев <<Аттандыру>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халық поэзиясының алыбы, Қазақстанның халық ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.
Тәрбиелік: Оқушылырды Отанды сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, поэзия құдіретін сезіндіру, өзін-өзі басқаруға, топтағы іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға, бірін-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Өлеңге жан-жақты талдау жасату арқылы ой белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыстануға жетелеу, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО технологиясының элементтері, өлеңді сатылай кешенді талдау әдісі
Көрнекілігі: слайд, қосымша әдебиеттер
Пәнаралық байланыс: тарих, математика
Сабақтың барысы:
І. 1.Ұйымдастыру.
2. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Жамбыл туралы не білеміз?
-Жамбыл кім? Қай жылы дүниеге келді?
-Жамбыл туралы не білеміз?
-Жамбылдың әкесі мен анасының есімі?
-Өзіне пір тұтқан ұстазы кім?
Кімдермен айтысты? (Жауап тыңдағаннан кейін)
Жамбыл - ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға үйір болған.
-Балалар, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік - Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған. Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. <<Ленинградтық өренім>> (1941ж.), <<Мәскеу>>, <<Патша әмірі тарылды>>, <<Зілді бұйрық>> атты өлеңдері, <<Ұлы көш>> толғауы майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан ауызға таралып жатты.
<<Ленинградтық өренім>> туралы Прокофьев былай деп жазды: <<Жамбылдың <<Ленинградтық өренім>> атты өлеңі жарияланған кез ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды. Халық бомбадан тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезекте тұрғанын талай көрдік.>>
Жамбылдың отаншыл өлеңдерінің ішінде дастандары ерекше орын алады.Бұл қатарда оның <<Өтеген батыр>>, <<Сұраншы батыр>>, <<Замана ағымы>>, т.б. дастандарын атауға болады. Ол- керемет жыршы. Жамбыл қырғыздың әйгілі <<Манас>>, шығыстың <<Ләйлі -- Мәжнүн>>, <<Жүсіп- Зылиха>>, т.б. жыр-қиссиларын тәулік бойы талмай жырлаған.
Соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері - баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. Яғни <<Аттандыру>>, <<Алғадай туралы әрбір ой>> өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.

Жартастарға жартастар соғылып бір,
Алыстардан сөгіліп жатқандай қыр.
Жамбыл шыңы кір шалмас, өйткені ол,
Жүректердің нұрына бөленіп тұр.
Жарып жатқан дәуірдің қиын заңын
Дауылдаған жырың-өрт, күйің-жалын.
Сен бір ұлы бәйтерегі ғасырдың
Ұмытпайды мәңгілік сені халқың! - дей отырып, бүгінгі сабағымызда баласына арнап шығарган Ж.Жабаевтың <<Аттандыру>> өлеңімен танысамыз.
Жамбылдың алты ұлы болған. Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Алғадай - Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады. Алғадай майданға кеткеннен кейін жеті күннен кейін келіні Жәміш ұл босанып, атын Қуаныш деп қояды. 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді. Осы қайғылы хабарды естіртуге Кенен Әзірбаев пен Ғали Орманов (сол кездегі хатшы) келіп:
Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың?
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Тағдырдың сөгесіз бе қылған ісін?
Кім күшті бұл дүниеде адам күшті,
Жүзге дейін көрдіңіз талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарасы едің,
Бір жемісің жел соғып жерге түсті-деп естірткен екен.
Хронологиялық кесте
1. 1846 жылы Жамбыл дүниеге келді.
2. 1860-1861 жж Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, Сүйінбай ақыннан бата алған.
3. 1891 жылы атақты ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездесті.Қырғыз еліне ақындығымен танылады.
4. 1916 жылы Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді күреске шақырған "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" атты өлеңдерін шығарды.
5. 1919 жылы Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатысып, бағалы сыйлық алады.
6. 1936 ж "Еңбек Қызыл Ту" орденімен наградталады.
7. 1938 жылы КСРО жоғары Кеңесі Президиумының қаулысымен Жамбыл Ленин орденімен наградталады және осы жылы депутат болып сайланады.
8. 1941 жылы Көркем әдебиет саласындағы аса үздік еңбегі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақ беріледі.
9. 1945 ж. 22 маусым .Жергілікті уақыт бойынша 07 сағат.55 минутта Жамбыл дүниеден өтті.
10. 1946ж.8 шілде. Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды.
Өлеңді сатылай кешенді технологиясымен талдау
Авторы: Ж.Жабаев
Жанры: өлең
Тақырыбы: Аттандыру
Идеясы:Баласын майданға аттандыру, әке үмітін, ел үмітін ақтау
Шумақ: 5
Тармақ: 4
Ұйқас: қара өлең ұйқас
Бунақ: 2

<<5 жолды өлең>>
1.Зат есім (бір сөз)-
2.Сын есім (екі сөз)-
3.Етістік (үш сөз)-
4.Түйін сөз (төрт сөз)-
5.Синоним -
<<Математикалық ойын>>

<<Ақынға ХХІ ғасыр ұрпағынан хат>>
<<Галлереяға саяхат>> стратегиясы бойынша жұмыс
Бекіту.

" Бестік кімге бұйырады?>> тест жұмысы
1.Жамбыл қай жылы қай жерде дүниеге келді?
А)1845 ж Шығыс Қазақстан облысы
Ә) 1846 ж Әулиеата өңірінде
Б) 1847 ж Оңтүстік Қазақстан облысы
2. Жамбылдың әкесінің аты кім?
А)Жанбай Ә) Жанай Б) Жапа
3. Жамбылдың шығармасы қайсысы?
А) "Сұраншы батыр " Ә) "Қыс " Б) "Сағындым"
4.Жамбылдың ұстазы кім?
А) Абай Ә) Шашубай Б) Сүйінбай
5. Жамбылдың ұлының есімі?
А) Айбар Ә) Алғадай Б) Аршын
6. Жамбылды байтақ елге танытқан өнері
А)Айтыс өнері Ә) Күй өнері Б) Би өнері
7. Алғадайдың қайтыс болғанын кімдер естіртті?
А) Ғали Орманов, Әбділда Тәжібаев Ә) Мұхтар Әуезов Б) Абай Құнанбаев
8. Жамбыл өмірінің соңына дейін қай жерде тұрды және мұражайы қайда орналасқан?
А) Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы
Ә) Жамбыл облысы, Мойынқұм жері
Б) Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам жері
9. Жамбылдың 1941-1945 жылғы соғыста солдаттарды жігерлендірген өлеңі
А) "Сұм соғыс" Ә) "Алға, алға" Б) "Ленинградтық өренім"
10. Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?
А) 1945 ж 99 жасында Ә)1946 ж 100 жасында Б) 1947 ж 101 жасында
Қорытынды:
<<Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз>>
Н.Ә.Назарбаев
<<Бүгінгі сабақтан алған әсерім>>
Үй тапсырмасы. <<Аттандыру >> өлңін жаттау. <<Жыр алыбы-Жамбыл>>, <<Жүз жасаған бәйтерек>> тақырыбына эссе жазу.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Ж.жабаев аттандыру
Миуалы ағаш. мұхаметжан етекбаев
Ж.Жабаев
Жамбыл жабаев
Ұлы жеңіс жасасын!
Бес жолды өлең стратегиясы
Ж.жабаев "алғадай туралы әрбір ой", "атаның әлдиі"
Мағжан Жұмабаев Сүйемін өлеңі
Аян қай шығарманың кейіпкері
Оқушының саны
Пәндер