Ойыл балалар музыка мектебінде өткен Сыр сұхбат: Мақсат Тілепбергенмен шығармашылық-танымдық кездесу

Ойыл балалар музыка мектебі

«СЫР СҰХБАТ»

http://static.nmn.kz/images/w500-m500/media/upload/136/2013/09/02/b7e51bacab964b5e657cd6bbcee89aee.JPG

«Құрманғазы» атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, ҚР мәдениет қайраткері М. Тілепбергенмен кездеу кеші

Өткізген: Б. Махметұлы

Тақырыбы: «Сыр сұхбат»

Мақсаты: кездесуге шақырылған қонақты жаңа қырынан таныту, оқушыларды үлкенді сыйлауға, келген қонақтың балалық шағы мен өздерінің қазіргі балалық шақтарын салыстыра отырып, рухани тәрбие беруге үйрету.

Кештің қонақтары: Ойыл өңірінің өнерпаздары, соның ішінде «Құрманғазы» атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, ҚР мәдениет қайраткері - Мақсат Тілепберген, сонымен қатар жас ұстаздар мен оқушылар.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

Өнердің қырқасына шықсаң биік,

Қойнында асыр салар ерке киік.

Бұрынғы бабалардың дәстүрімен,

Келеді өрендері өнер жиып, - дегендей өмірін өнеріне арнаған Ойыл түлегі Мақсат Тілепбергенмен кездесудің, сырласуды сәті түсіп отыр.

Ендеше, құрметті Мақсат, кешіміздің сұхбат ретінде өтетіндігін және сұхбаттасу барысында оқушыларымыздың дайындаған сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беретіндігіңізді ескерте отырып, сіз үшін арнайы дайындалған орынға барып жайғасуыңыз сұралады.

Кезекті оқушыларымыздың қоятын сұрақтары мен тапсырмаларына берейік.

Оқушылар кеш қонағына төмендегідей сұрақтар қойды:

  1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
  2. Туған жер сізге несімен ыстық?
  3. Жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
  4. Үйдегі жеңешеміздің қандай қасиеті ұнады?
  5. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
  6. Алдағы уақыттағы армандарыңыз бен жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз?
  7. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
  8. Алғашқы өнердегі ұстазыңыз?
  9. Төбелесіп көрдіңіз бе?
  10. Естуімізше, сіз домбыраны өте шебер тартады екенсіз. Біз білмейтін тағы қандай қырларыңыз бар?
  11. «Құрманғазы» оркестріне қалай кірдіңіз?
  12. Қанша күй білесіз?
  13. Ән салып беріңізші?
  14. Тамақ пісіріп, кір жууға қалайсыз?

Кеш қонағы жоғарыда қойылған сұрақтардың барлығына толық жауап қайтарып, оқушылардың тапсырмаларын (ою ою, домабыра тарту, ән орындап беру) оңай орындады.

Кездесу қорытындысында «Әкеме» әнін оқушылармен бірге шырқап, смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл күйін көрсетті.


Ұқсас жұмыстар
Хамитбек Қуандықұлы Мұсабаевпен сыр-сұхбат: Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептегі әдеби-танымдық кеш
Ұстазға тағзым: мұғалімдер күніне арналған ардагер ұстаз Аман Жүсіпқалиұлымен сыр-сұхбат
Иман айнасы: Қ.Топаев атындағы орта мектепте өткен мұсылмандық парыздар мен қажылық туралы кездесу кеші
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу: тарихи-танымдық және патриоттық іс-шара
№11 Қоскөл орта мектебінде өткен Біз отбасымызбен біргеміз Толағай отбасылық спорттық сайысының қорытындысы
Мектептегі ұлттық музыка арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Туған жер тұғырың: Ойыл ауданына арналған Атажұрт интеллектуалды ойынының сценарийі
Сәтбаев қаласы №16 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен Ауған соғысының ардагерлерін еске алу кеші (Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл)
Бастауыш сынып музыка сабағы: Халық музыкасы және Наурызға арналған шығармашылық-концерт
Еңсепова Нұрсұлумен сұхбат: лагерьде күннен қорғану және алғашқы көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz