Шароль Перро Бармақтай Бала

J:\3сынып\Солтанбекова.jpg Астана қаласы

№ 70 мектеп-лицейдің

бастауыш сынып мұғалімі

Солтанбекова Алтын

Алпысбаевна

Әдебиеттік оқу

2 - сынып

Ауызша сабақ - 1

Сабақтың тақырыбы: Шароль Перро «Бармақтай Бала»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын өздігімен оқып, терең түсіне білуге жетелеу; логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту; пәнді сапалы меңгеруге қызығушылығын арттыру және ынталандыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Типі : жаңа білімді меңгерту

Технологиясы: Биоақпараттану және Синергетика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: мотивация

1. Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63% анықтау, жазу

( бала санына байланысты анықталады)

2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.

3. ООМ (орынға отырғызу матрицасы) бойынша жұмыс

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

-

-

--:
:
--:
:
--:
:
--:
:

ІІ. Үй тапсырмасы : Үй жұмысы тексерілмейді - бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған, сондықтан талдауды талап етпейді.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.

Тірек сөздер:

  1. отын
  2. дәулет
  3. қарақшы
  4. шолан
  5. саңылау
  6. сиқыр
  7. бауыр
  1. Есте сақтау 7сөз -30 сек.
  2. Тірек сөздер жабылады. (Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)
  3. Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу, сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады (уақыт есте сақтау уақытына тең 30 сек), уақыт аяқталғандақаламды қою.
  4. Көршісімен дәптер ауыстыру. (Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)
  5. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға

ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады .

  1. Оқулықпен жұмыс:Мәтінді түсініп оқу керектігі, сұраққа жауап алынатыны ескертіледі. Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі (2-сынып үшін мәтіннің бір парағына 5мин)
  2. Қарама-қарсы сұрақ қою:

ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.

  1. Ертеде орманда кімдер өмір сүріпті? Отын кесуші әйелімен
  2. Олардың неше ұлы болыпты? Төрт
  3. Үш ұлының және төртінші ұлының бойы қандай болып өсіпті? Үш ұлының бойы бойшаң, сұңғақ болып, ал төртінші ұлының бой кішкентай болған
  4. Сондықтан төртінші ұлын кім деп атаған? Бармақтай бала деп
  5. Осы отбасының тұрмыс-тіршілігі қандай болыпты? Нашар, дәулетсіз
  6. Жоқшылықтың кесірінен балалары қайда және не үшін барады? Орманға жидек, саңырауқұлақ жинауға
  7. Бірде әдеттегідей кімдер орманға келеді? Ағайындылар
  8. Ағайындылар деген кімдер? Сол отбасының балалары
  9. Орман ішінде оларға кім кездеседі? Қатыгез қарақшы Дәу
  10. Қатыгез Дәу гүрілдеп балаларға не дейді? «Әп, бәлем, ұсталдыңдар ма?! Маған сендердің әке-шешелерің құн төлесін, әйтпесе, мен сендерді шоланда қамап ұстаймын », - дейді Дәу
  11. Балалар не деп жалынды? «Біздің ата-анамыз - кедей адамдар. Олардың құн төлейтін шамасы жоқ», - деп жалынады балалар.
  12. Қатыгез Дәу балаларды қайда қамап қояды? Жер астындағы бөлмеге
  13. Балаларды қамап қойып, Дәудің өзі қайда кетеді? Дәу той тойлауға кетеді
  14. Осы кезде бармақтай Бала не істейді? Өте кішкентайлығының арқасында есіктің саңылаунан өтіп, Дәу тойлап жатқан бөлмеге барады.
  15. Дәу той тойлаған бөлмеде не істепті? Тамаққа тойып, үстел басында ұйықтап қалыпты
  16. Бармақтай Бала ұрлана басып кіріп не істейді? Дәудің беліндегі байлаулы шоланның кілтін шешіп алады.
  17. Бармақтай Бала кімдерді қамаудан босатты? Бауырларын.
  18. Ағайынды балалар ұйықтап жатқан Дәуден не үшін қорықты? Дәу оянып, ұстап ала ма деп қорықты
  19. Ұйқыдан оянған Дәу нені білді және не істеді? Балалардың қашып кеткенін біліп, сиқырлы етігін киіп, оларды қуа жөнелді
  20. Демалып алмақ болған Дәу төбенің басында не істейді? Төбенің басында ұйықтап кетеді
  21. Балалар қайда тығылған еді? Төбеге жақын үңгірге
  22. Үңгірден шыққан балалар не істей? Қаша жөнелді
  23. Ал бармақтай Бала не істеді? Дәуге барып, сиқырлы етігін шешіп алып, өз аяғына киіп алады
  24. Етік қайтеді? Кішірейіп, шап-шақ бола қалады
  25. Балалардың ата-анасы не үшін мәре-сәре болып қуанады? Балаларының Дәуден құтылып аман-есен келгендеріне
  26. Сиқырлы етік киген Бармақтай бала кім болады? Патшалықтың желаяғы болады
  27. Сиқырлы етіксіз қалған Дәудің халі не болады? Сол төбеде қалады. Өйткені қарақшы сиқырлы етіксіз жүре алмайды екен
  1. Сын тұғысынан сұрау «Иә»немесе«жоқ»және толық жауап алу

ООМ ұяшығына үшінші плюс белгісі қойылады.


Ұқсас жұмыстар
Қызыл телпекті сұрақтары қызбен саяхат
Шақырылған қонақтар
Тақырып Құстар-біздің досымыз
Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер
Менің отбасым және математика сыныптан тыс жұмыс
Қожакент ауылы
Тақырып Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Кім ойшыл
Ғарышқа саяхат
Ризамыз бүгінге, Ризамыз бүгінге
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz