Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Өзіңді өзің тексер

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні:--------------- Пәні: Қазақ тілі 2-сынып
Тақырыбы
Өзіңді өзің тексер
Мақсаты
а)Сөздерден сөйлем құрастыра білу.
б)Сөйлем, сөйлем түрлерін, тыныс белгілерін ажырата білу.
с) Сөйлемдегі сөздердің байланысын таба білу.
Күтілетін нәтиже
а)Сөздерден сөйлем құрастыра біледі.
б)Сөйлем,сөйлем түрлерін,тыныс белгілерін ажырата біледі.
с)Сөйлемдегі сөздердің байланысын табады.
Оқыту әдісі
Сәйкестендіру,топқа бөлу,диалогтік оқыту, <<Домино>>

уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті

2мин

5мин

7мин

6мин

5мин

2мин

3мин

5мин

6мин

1мин

1мин

2мин
I.Ұйымдастыру бөлімі :
1.Психологиялық сәт : <<Өрмекші торы>>
Оқушыларды шеңберге тұрғызып,оқушылардың қолдарына жіп береді.

II.Өткенді пысықтау:Оқушыларға семантикалық карталар таратылады.

Семантикалық карта

с ж
сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұрақ қою арқылы
Бас әріптен
Сөйлем..... басталады

*
Тиянақты ойды білдіреді
*

Жауап алу мақсатында берілетін сөйлем

*

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтайды?

*

III.Жаттығу жұмысы
1-жаттығу Тақтамен жұмыс
Сөйлемдегі өзара байланысты сөздерді бөліп жазуды тапсырады.(Олардың байланысын сұрақ қойып анықта )

2-жаттығу-Өз бетімен жұмыс
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып,сөйлемдерді көшіріп жазу сұралады

3-жаттығу-Ауызша
Орыны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап айтуды сұрайды.

Сергіту сәті <<Көңілді күн>>
Мұғалім интербелсенді тақтада әуенді қосып,оқушыларды ортаға шақырады.

Ребус шешу.

а)Тақтаға ребусты іліп,ойлануларын сұрайды.

Шешуі:Түлік төлден өседі.

ә)Ребус шешуіне талдау жасау

Шығармашылық тапсырма
Үш топ алдына үш түрлі суреттер беріледі де,сөйлем ойлап,мәтін құрастыру сұралады.

IV.Сабақты бекіту:
<<Домино>> әдісі
а)Үш топқа ақ парақшалар таратылып,парақшаны екі бөлікке бөліп сызуды,бір бөлігіне сұрақтар жазуды тапсырады.

ә)Топтардың орын алмастыруын сұрайды.

б)Берілген сұрақтар жауабын келесі парақшаның бос жеріне жазылуын ұйымдастырады.

в)Парақшаларды шатастырып ,өз орындарына қайта баруды сұрайды.
Мысалы:сөйлем--аяқталған ойды білдіреді--сөйлем соңына нүкте (сұрақ белгісі,леп белгісі)қойылады....

V.Бағалау.

Әр тапсырма орындалу барысында мадақтау сөздер айтып,жауабына қарай смайликтер береді

VI.Үйге тапсырма: 5-жаттығу

VII.Рефлексия: <<Бағдаршам>>
Сабақтан алған әсерлерін белгілеуді сұрайды. (жасыл-тамаша,сары-орташа,қызыл-төмен)

Оқушылар өзі қалаған сыныптасына өзінің есімімен бірге бойындағы жағымды қасиетін айтады.Мысалы:Еңбеққор Елжан,табанды Талғат.........
Құрылған өрмекші торын бір-біріне сәттілік тілей отырып шешеді.

Берілген семантикалық картаны ойланып жауабын белгілейді.

Аспанды бұлт торлады.
-Не торлады?-Бұлт торлады.
-Нені торлады?-Аспанды торлады.
Жаңбыр нөсерлетіп жауды.
-Не жауды?-Жаңбыр жауды.
-Қалай жауды?-Нөсерлетіп жауды.

Көрікті Алатау аясындағы мемлекеттік қорықта түрлі.........тіршілік етеді.
Солардың бірі-Теңбіл........
Маралдардың ........ әр түрлі дәрі- дәрмек жасалады.Марал-пайдалы ..........
Керекті сөздер: Мүйізінен,жануар,маралдар, хайуанаттар.

а)Бидайдан,ұн,диірменші,тартты.
ә)Бауырсақ, апам,ұннан,пісірді
б)Алдым,кітап,қызық,кітапхана.
в)Баян,жақсы,домбырда,ойнайды.

Оқушылар әуен ырғағына сай көріп тұрған қимылдар жасап билейді.

а)Берілген суреттер,алынатын әріптер туралы ойларын жинақтап,ребус шешуін айтады,шешу жолын түсіндіреді.

ә)Мақалдағы сөздер байланысын сұрақ қоя отырып анықтайды:
-Не өседі? -Түлік өседі.
--Неден өседі? -Төлден өседі.

Өздеріне берілген суреттерге бірігіп сөйлем ойлайды.
Сөйлемдердегі сөздер байланысын табады.

а)Топтағы оқушылар ақылдаса отырып,парақшаның бір бөлігіне сұрақтарды ғана жазады.

ә)Топтар орын алмастырады

б) Берілген сұрақтар жауабын келесі парақшаның бос жеріне жазады.

в)Парақшалардың орнын ауыстырып,өз орындарына келеді де, <<Домино>> шешуін табады

Бірін - бірі белгілер көтеру арқылы бағалайды. (өте жақсы -жасыл,жақсы-көк,төмен-қызыл түсті дөңгелекшелер)

Адасқан сөздеродің орнын табады.

Өзінің көңіл-күйіне сай бағдаршам түсіне стикер жапсырады.

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың көрнекіліктер
Еңбекқорлық пен еріншектік. 4 сынып
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу
Оқушыларды тексеру
Қонақжайлық
Бұрыс бөлшекті тап
Шеңбер. екі шеңбердің өзара орналасуы
Тіл білу - өнер, 8-сынып (орыс тобы)
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу
Сақ патшайымы
Пәндер