Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Анаға құрмет-Балаға міндет

Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме.
Сабақтың көрнекілігі:компьютер, DVD,<<Анаға құрмет-Балаға міндет>>,
<<Ана-өте қымбат жан, Әлемге өмір сыйлаған, Мәпелеген біздерді, Баласы үшін жан қиған>>, <<Балаға өмірде қымбатт да аяулы жан-ана>>қанатты сөздер жазып іліп қою, оқушылардың суреттері.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Шаттық шеңбері.
Қош, келдіңіздер құрметті ақ жаулықты аналар, ұстаздар!
Бүгін - той, думан
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз - Адамның
Анаға айтар лебізі
\оқушылар аналарына жылы лебіз айтады\
3. Ассоциация.
Плакаттағы оқушылардың фотосуреттерін көрсету.
4. Мұғалімнің сөзі.
Құрметті ақ жаулықты аналар ұстаздар! Сіздерді келе жатқан 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен қуттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт,зор денсаулық тілейміз.
Сіздердің алдыларыңызға 5 сынып оқушыларының <<Әр бала үшін одан артық мейрбан жан жоқ>> атты мейірімділік сабағын ашық деп жариялаймын.
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!
Ән: <<Әлемнің жарығы>>
Мама - бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейрімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі біздің елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.
5. Коллаж жасау: <<Бала>>, <<Ана>>. \қорғау\
- Бала деген кім ? - Ана деген кім ?
Бала
Бала
Ізбасарымыз
Ізбасарымыз
Болашағымыз
Болашағымыз

Өмірімнің
жалғасы
Өмірімнің
жалғасы

Көмекшіміз
Көмекшіміз

Сүйенішіміз
Сүйенішіміз

ана
ана
ақылшы
ақылшы
адал дос
адал дос

мейірімді

мейірімді

қамқоршы
қамқоршы

күш береді
күш береді

Әр бір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке рухтандырады.
Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайым
Отбасының сауығы.
Хормен:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
6. Поэзия минуты:
Асар:
Анашым, асыл анам, бар асылым,
Бақытым сендей жанның баласымын.
Өсірдің, әлпештедін, аяладың,
Көзіңнін сақтағандай қарашығын.
Әйелдік қасиеттен жаратылған,
Анашым, асыл анам, дара тұлғам.
Бойыма ақ сүтінді дарыттым да,
Өзіндік қутыңнан жаратылғам.
Тоғыз ай құрсағында қоныстадым,
Өсірдің, қайғы мұңмен тоғыспадым.
Әлемнің жеті түрлі кереметін
Сыйласам да, өтелмес борыштарым
Нурлан:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген байтірегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ
Ана деген - асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Асан:
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Бекзат:
Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын құады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.
Ермек:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамын.
7.Ойтолғау.
> 8 наурыз мерекесінде сіздер не күтесіндер балаларынан? \аналар, оқушылар өз ойларын жазады- содан соң салыстырады\.
> Ыдыс жуу:
Мұғалім: Өзіңсін сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махабатты
Нұр толы қос жанарың білідіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең-дей аналарға арналған арнау.
> <<Анашым>> - Жумин Ермек 5 сынып оқушысы
Ақ сүт беріп өсірген мені анашым,
Қамқоршым да, мейірімді де анашым,
Сенсін менің бар бахытым, өмірім,
Жүректегі шынайы менің көңілім.
Әрқашанда анамды мен сыйлаймын
Айтқан сөзін әрқашанда тындаймын,
Ана деген сөздің өзі ыстық та,
Кенелемін менде сонда бахытқа.
Жақсы көріп құрметтеймін анамды
Арттырады ана сөзі санамды
Анамды мен ұмытпаймын ешқашан
Анам менің шырайлым да аяулы,
Жүрегімде, шапағатым сіз менің
Құп өткізбей орындаймын тілегін
Сенсін менің сенім артқан тірегім.
Әрқашанда тәрбиелеген санаға
Құрметтеу керек, көмек көрсету анаға,
Өмірдегі ең қымбат жан анашым,
Ақкөңіл де, мәңгілікке сен ғанасың
Өзінсін әлдилеген,
Шуақты алып сенен,
Өзінсің мәңгілік бесігімді
Аяулы, құттықтаймын тілектермен.
Армандарға, бахытқа да жетемін,
Білдім соны ана шуақ екенін,
Құшағың жылы анашым,
Сізді бахытты етемін.
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туып тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.
8.Назар аударыныз!
"Ертеде бір адам ғұламаға келіп :
Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс ? - деп сұрапты .
Ғұлама :
Балаңыз қаншада ? - деп өзіне сұрақ қояды .
Бес - ақ ай толды , - дейді анау .Сонда ғұлама басын шайқап :
Бес айға кешіккен екенсіз , - деген екен ".Халық арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті . Яғни , баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек .
Демек , бала тәрбиесінің негізін құятын ең алдымен - ата - ана .
9.Эссе <<Ана өмірдің қуанышы>>
10.<<Білімдіге дүние жарық>> деп қазір сіздерге қойылатын сұрақтарға жауап беруллерінізді сұраймыз.
1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп).
2. 18жасқа толмаған адам ( бала).
3. <<Өзін-өзі тану>> бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева).
4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық).
5. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта).
6. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).
7. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі).
8. Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі).
9. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн).
11.<<Тіл өнері>> мақал мәтелдің жалғасын табу.
1. Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол).
2. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің).
3. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар).
4. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер).
5. Ананың сүті - бал, ................................( баланың тілі - бал).
6. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы).
7. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа).
8. ............ - ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала).
9. Әке - асқар тау, .............................( ана- шалқар көл).
12.Ән шашу. \Оқушылар ән айтып, сыйлықтар тапсырады\
13.Қорытынды:
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала - оның жұбанышы, жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі- деп сабағымызды аяқтаймыз.
14.Құттықтау.

Ұқсас жұмыстар
Сыйластыққа себеп көп. 3-4 сынып
Ана тілі пәнінен тест сұрақтары
Ана бақыт, ана күн
Алтын қақпа ойыны
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата - ана
Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың
Кішкене әлем
Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Отбасы-тәрбиенің басты ұясы
Отбасы мүшелері және олардың міндеттері. дүниетану. 2 сынып
Пәндер