Бейнелі сөздердің орны мен диалог арқылы сөйлеу және сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы : Бейнелі сөздердің орны .

Мақсаты : 1 . Жаттығулар талдау арқылы бейнелі сөздердің орнын анықтау .

2 . Оқушылардың ойлау, қабілеттерін сөйлеу тілін жетілдіру .

Шығармашылық пен ізденімпаздыққа баулу .

Жеке тұлғаны сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу .

3 . Топпен, жұппен жұмыс жүргізе отырып, оқушыларды өзара ынтымақтастыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға, ортақ пікірде жұмыс жасай

білуге тәрбиелеу .

Типі : Алған білімді бекіту .

Түрі : Дәстүрден тыс .

Әдісі :Сыни тұрғыдан ойлау .

Көрнекілігі : Абай портреті, түрлі - түсті суреттер .

Барысы : Ұйымдастыру .

Бұл сөзімді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар .

Теп - тегін көпке ұнау мүмкін емес,

Кейіне жарамаса, кейіне жарар .

Абай Құнанбайұлы .

Оқушыларға Абай өлеңдерінен үзінділер үлестіремін .

1. Ғылым таппай мақтанба .

2. Әсемпаз болма әрнеге .

3. Күз .

Оқушылар қолдарындағы үзінді қай өлеңнен алынғанына сай үш топқа бөлініп

отырады .

Тренинг : Маған ұнайды .

Абай маған ұнайды ! Себебі . . . (Оқушылар өз ойарын айтады )

Жаңа сабақ : Бейнелі сөздердіқ мағынасын ашу .

Электрондық оқулық бойынша Абайдық 38 - қара сөзін тықдау .

Топпен жұмыс :

Біз мәтіннен :

« . . . Күллі адам баласын қор қылаты үш нәрсе бар . Содан қашпақ керек . Әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық . » екенін білдік .

I топ : Надандық - білім - ғылымның жоқтығы . Дүниеде ешнәрсені оларсыз біліп болмайды . Білімсіздік - хайуандық болады .

II топ : Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны . Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады .

III топ : Залымдық - адам баласының дұшпаны . Адам адам баласынан дұшпан болса, адамнан бөлінеді . Жыртқыш адам хмссабына қосылады .

Мұғалім сөзі : Бұлардың емі - халқына махаббаты, қайратты . тұрлаулы ісінің алды - артын байқарлық білімі, ғылымы болсын . (Абай сөзімен )

Топтық жұмыс : Флипчартқа сурет салңызу .

I . Надандық .

II Еріншектік

III Залымдық .

Жұмысты қорғау :

I топ : Надандық - білімнің жоқтығы . Ондай адамның ақылы болмайды . Егер білімді білмесең . оқудан қашсаң білімсіз боласың . Надан болсаң, хайуанмен бірдей боласың .

II топ : Еріншектік - ондай адам өз қабілетін, күш- қуатын, ақыл- ойын дұрыс пайдалана алмайды . Бір нәрсені жоспарлауы мүмкін, бірақ оны жүзеге асыруға

еркі жетпейді . Содан келіп жалқаулық туындайдв . Еріншектік еңбекті сүймейді .

Еңбексүйгіш болмағасын кедейлік пайда болады .

III топ : Залымдық - ашуға бейімділік, кешірімшіл болмау, кекшілдік . Бқндай мінез - надандықтан, жалқаулықтан туындайтын, адам баласын қор қылатын қасиет .

Сабақты бекіту : Диалог құру немесе сұрақ ( түрткі болу )

- Осындай жаман жат қылықтар өз бойымда бар деп ойлайсыңдар ма ?

- Адамды қор қылатын жат мінездер керек пе ?

Ендеше, жат қылықтардан арылайық . Жарқын өмірімізге жат қылықтарды енгізбейік !

Сабақты қорыту : Айналамызға қарайықшы, жайма - шуақ тамаша күн шуағын төгіп тұр . Олай болса адамзатқа, достарымызға арнаған күн тілегімізді жазайық .

Оқушылар түрлі - түсті қағаздарға жақсы сөздер жазып, тақтадағы күн бейнесіне апарып жапсырады

Мұғалім сөзі : Мінекей, күн тілегіміз бізге жақсы тілегімен қоса шуағын шашып жылу беріп тұр .

Біз де бойымыздағы жаман қылықтардан арылып, күн сияқты айналамызға жылу шаша білейік !

Сабақты бағалау : Топтық жұмыстар қорытындысы бойынша бағалау

Үйге тапсырма : « Әрқашан күн сөнбесін» эссе жазу .

Сабақтық тақырыбы : Диалог .

Мақсаты :1. Оқушыларға диалог, оның түлері, қызметі жайлы

түсінік беру .

2. Ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту .

Шығармашылыққа . ізденімпаздыққа баулу .

Сыни тұрғыдан ойлауға дамыту .

3. Ынтымақтастыққа, жұппен, топпен жұмыс жасай

білуге, ортада өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу .

Типі :Жаңа білім беру .

Түрі : Дәстүрден тыс .

Әдісі : Сыни тұрғыдан ойлау .

Барысы :I . Ұйымдастыру . Оқушыларды топқа бөлу . (сурет құрастыру . )

Психологиялық дайындық :

Тату - тәтті достармыз,

Ынталы да талапты .

Көп білуге құштармыз .

Жақсы айтамыз сабақты .

Құстардың үнін тыңдату . (Айнала жап- жасыл . Таза ауа, орман іші . Табиғат керемет !)

  • Баладар . қандай әсер алдыңдар ?
  • Тамаша !
  • Ендеше . табиғат туралы эссемізді оқиық .

II. Үй тапсырмасын сұрау .

Табиғат туралы салған суреттерін қорғау .

III . Жаңа сабақ : Диалог, онық түрлері жайлы түсінік беру .

Интерактивті тақтадан презентация арқылы түсіндіру .
Элоктронды оқулықтан диалог тыңдату .

IV . Бекіту . Жаттығулар бойынша диалог құру . Оқушылар көрініс қояды .

  • Екі көзің не үшін керек ?
  • Жақсыларды көру үшін .
  • Екі қолың не үшін керек ?
  • Елге көмек беру үшін .
  • Құлақ деген не үшін керек ?
  • Ақыл-кеңес беру үшін .
  • Тіл мен жағың не үшін керек ?
  • Ақиқатты айту үшін .
  • Ал аяғың ?
  • Шетте жүрсем . туған жерге қайту үшін .

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту: мектепті дамыту жоспары
Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: физиканы проблемалық оқыту мен критериалды бағалау
Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру
Диалог пен монолог арқылы оқушылардың сөйлеу мен ойлау қабілетін дамытуға арналған қосымша мәтіндер жинағы
Қазақ тілі пәнінде диалогтік оқытудың сыни ойлау мен пікір білдіру дағдыларын дамыту тиімділігі
Дарынды оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру: коучинг жоспары
География сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру
Диалогтық оқытудың оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытудағы маңызы
Тарих сабағы: ойын элементтері арқылы қайталау және ойлау дағдыларын дамыту
Қазақ тілі сабағы: Спорт тақырыбы - кластерлеу, АКТ және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz